Мазмұнға өту
kazsportagent

Kazsport agent

@kazsportagent

Сайтта 2012 ж. 28 желтоқсанКазахстан, Астана

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ СПОРТ ЖӘНЕ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ІСТЕРІ АГЕНТТІГІ

рейтинг

100

жазбалар

4 640

пікірлер

0

тіркелуші

17

жазылымдар

442

Алматыда І жазғы Сурдлимпиадалық спартакиаданың ашылу салтанаты өтті

Бүгін Алматы қаласында I жазғы Сурдлимпиадалық спорт түрлері бойынша Спартакиаданың ашылу салтанаты өтті. «Бұл спартакиадаға Қазақстанның облыстарынан 14 команда келді. Барлығы 400 адам қатысуда. Ола спорттың бес түрінен: мини-футбол, жеңіл атлетика, еркін күрес, үстел теннисі және шахматтан өзара бақ сынасады. Алматы және Астана қалаларынан, сонымен қатар Оңтүстік Қазақстан мен Жамбыл облыстарының командалары толық құрамымен келді. Яғни олар спорттың барлық түріне қатысады» — деді өз сөзінде ҚР мүгедектер спорты бойынша бас жаттықтырушысы Максим Рожков. Бұған дейін елімізде сурдоолимпиадалық және параолимпиадалық спорт түрлері бойынша жарыстар бірге өткізіліп келген болатын. «2002 жылы Қазақстанда ұлттық параолимпиадалық комитет құрылды. Содан бері көптеген жарыстар өткізіле бастады. Қат…

0
0
558

Ольга Рыпакова «Бриллиант лигасында» екінші орынды иеленді

Лондон Олимпиадасының чемпионы қазақстандық Ольга Рыпакова Англияның Бирмингем қаласында жеңіл атлетикадан өткен коммерциялық «Бриллиант лигасының» 12-ші кезеңіне қатысып, екінші орынды жеңіп алды. Бұл туралы бүгін ҚазАқпарат тілшісіне Қазақстанның жеңіл атлетика федерациясынан хабарлады. Икан стадионында өткен спорт шарасында Ольга Рыпакова ұзындыққа үш қарғып секіруде соңғы мүмкіндігінде 14 метр 37 сантиметрге секірді. Бұл, Ольганың Лондон Олимпиадасынан кейін жарыс алаңына бірінші рет шығуы. Ольга осы нәтижесімен 2 ұпайға ие болды. Ал Колумбиялық атлет Катерин Ибарген 14 метр 52 сантиметрге секіріп, бірінші орынды иеленді. Үшінші орында да Колумбиялық Йорисис Уррутия. Оның көрсеткіші — 14 метр 14 сантиметр. «Бриллиант лигасының» 13-ші кезеңі алдағы 28 тамыз күні Швейцарияның Цюрих қала…

0
0
270

НАНКИН-2014: Боксшы Абылайхан Жүсіпов финалға шықты

Қазақстандық боксшы Абылайхан Жүсіпов Қытайдың Нанкин қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы олимпиада ойындарында финалға жолдама алды.

Жастар арасындағы әлем чемпионы Абылайхан Жүсіпов (60 кг) жартылай финалда венгр боксшысы Ричард Коннюді (Richard Konnyu) 3:0 есебімен жеңді.

Енді отандасымыз 27 тамызда өтетін финалда кубалық Алэйн Лимонта-Боудетпен (Alain Limonta Boudet) қолғап түйістіреді.

Бүгін, сондай-ақ, 49 келіге дейін және 81 келі салмақ дәрежесіндегі боксшылардың финалда өнер көрсететіндері анықталады. Ол орындарға қазақстандық қос боксшы Шалқар Айқынбай мен Вадим Казаков таласады.

 
Басты сөздер: Спорт
0
0
262

Бүкіләлемдік бокс кеңесі (WBC) Мигель Коттоны Головкин-Рубио жұбының жеңімпазымен кездесуге міндеттеді

Бүкіләлемдік бокс кеңесі (WBC) осы ұйымның нұсқасы бойынша орта салмақ дәрежесіндегі Әлем чемпионы Мигель Анхель Коттоны WBA (Бүкіләлемдік бокс қауымдастығы) нұсқасы бойынша орта салмақ дәрежесіндегі ( 72,574 кг дейін) Әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин мен WBС нұсқасы бойынша орта салмақ дәрежесіндегі (72,574 кг дейін) уақытша Әлем чемпионы мексикалық Марко Антонио Рубио арасындағы жеңімпазға қарсы өз атағын сақтап үшін кездесу өткізуге міндеттеді. Айта кетелік, Мигель Котто үстіміздегі жылы маусым айында Аргентиналық боксшы Серхио Мартинесті айқын басымдықпен жеңіп, WBC нұсқасы бойынша орта салмақ дәрежесіндегі Әлем чемпионы атанған болатын. Содан бері Котто Головкинмен кездесуге ешбір ниет білдірген емес. Бірақ оның жаттықтырушысы Фредди Роуч өз сөзінде: «Головкин әлі нағыз б…

0
0
399

Футбол: бірінші лигада көш басындағы команда өзгерді

Бірінші лига командалары арасында футболдан ел чемпионатының кезекті турында Оралдың «Ақжайығы» кеше өз алаңында Шымкенттің «Қыранын» қабылдады. Кездесу барынша тартысты болғанымен, есеп ашылмай, тең аяқталды. Бұл осыған дейін көш бастап келе жатқан «Қыран» үшін де, премьер-лигаға берілер жолдамадан үмітін үзбеген «Ақжайық» үшін де қолайлы болған жоқ. Мұны басқа командалар сәтті пайдалана білді. Өз алаңында «Екібастұзды» 5:2 есебімен ойсырата ұтқан Көкшенің «Оқжетпесі» 40 ұпаймен бірінші орынға көтерілді. «Қыран» 39 ұпаймен екінші сатыда қалса, сырт алаңда «Қызылжарды» 2:1 есебімен тізе бүктірген Ақтаудың «Каспийінің» одан бір ғана ұпайы кем. «Ақжайық» 29 ұпаймен жетінші орында ғана келеді. Оның үстіне омыртқасында кінәраты бар шабуылшы Николай Забродин қатардан шығып қалды. Қорғаушы Мейр…

0
0
275

Алматыда өткен халықаралық турнирде оңтүстіккореялық волейболшылар Азия Кубогын жеңіп алды

Оңтүстік кореялық волейболшылар өз тарихында тұңғыш рет ҚР Президентінің Кубогы мен IV Азия Кубогы халықаралық турнирінің жеңімпазы атанды. Бүгін Алматы қаласының Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында өткен халықаралық турнирдің соңғы күні ақтық сында Үндістан мен Корея құрама командалары кездесті. Күтілгендей, финалдық ойын аса тартысты өтті. Екі команда да айшықты ойын өрнегін көрсете білді. Әр партия әдеттегіден тыс ұзаққа созылды. Кейде бір ұпай үшін тартыс бірнеше минутқа созылды. Дегенмен, бірінші сеттің соңында оңтүстіккореялықтар тегеуріндік танытып, 25:23 есебімен алға шықты. Екінші партияның алғашқы жартысында басымдыққа ие болған үндістандықтар ойын соңына қарай тағы да орынсыз қателіктерге бой алдырып, аяқ астынан есе жіберіп алды. Есеп — 25:21. Үшінші шешуші сеттегі тартыс ша…

0
0
360

Қазақстандық ватерполшылар Әлем Кубогында 6 -шы орында иеленді

Жаңа ғана су добынан Қазақстанның ерлер арасындағы ұлттық құрама командасы Әлем Кубогының соңғы күні Австралия құрама командасымен кездесіп 6:12 есебімен жеңіліс тапты. Осылайша, Алматының Орталық жүзу бассейнінде су добы бойынша өтіп жатқан Әлем Кубогында Қазақстан ұлттық құрама командасы соңғы ойынын жеңіліспен аяқтап, 6-шы орынға тұрақтады. Бұған дейін Сергей Дроздовтың шәкірттері Черногория командасын 9:8 есебімен жеңген болатын. Кубок аясындағы бұл жалғыз жеңіс Қазақстандықтарға алдағы жылы Ресейде өтетін Әлем біріншілігіне қатысуға мүмкіндік береді. Ал бүгінгі ойында отандастарымыз тек алғашқы кезеңде ғана азулы қарсыластарымен тең дәрежеде ойнады. Есеп 1:1. Бұған дейін Черногориямен болған ойынға көп күш жұмсағандықтан ба, екінші кезеңде қазақстандық ватерполшылардың шаршағандығы б…

0
0
227

А.Винокуров: «Астана» велокомандасындағы легионерлер қазақ спортшыларының қарыштауына сеп бередi

«Astana Pro Team» велокомандасы халықаралық аренада Қазақстан намысын ары қарай қорғай беретiн болады. Бұл туралы команданың бас менеджерi Александр Винокуров мәлiм еттi. «Команда «Тур де Франста» өз жұмысын 100 пайызға атқарып шықты. Бiздiң бас демеушiмiз «Самұрық Қазына» қорына үлкен алғысымызды айтамыз. Мәдениет және спорт министрлiгiмiздiң қолдауы да тоқтаған емес. Сонымен қатар «Астана» кәсiби президенттiк спорт клубының президентi болып тағайындалған Владимир Смирновты құттықтаймын. Ол спорт менеджментiнде үлкен тәжiрибеге ие және оның келуiмен көптеген iстер жасалады деп сенемiн. Бiз өз кезегiнде Қазақстан намысын халықаралық аренада көтере беретiн боламыз», — деп атап өттi ол. Сонымен бiрге А.Винокуров шетел легионерлерi мен қазақстандық жас спортшылардың араласа қызмет етуi қазақ…

0
0
262

НАНКИН-2014: Ауыр атлетшіміз қола жүлдеге қол жеткізді

Қытайдың Нанкин қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы ІІ Жазғы Олимпиада ойындарында спорттың пауэрлифтинг түрі бойынша 77 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Жасұлан Қалиев жүлделі үшінші орын иемденді, деп хабарлайды Sports.kz.

Қоссайыстың қорытындысы бойынша 310 келіні бағындырған Жасұлан Қалиев армян жігіті Хакоб Мктрчан (1 орын) мен үндіс Венкату Рагаладан (2 орын) кейінгі жүлделі үшінші орынға табан тіреді.

Айта кетейік, байрақты бәсекенің алғашқы күнінде дзюдошы Бауыржан Жауынтаев Қазақстан құрамасына алғашқы «алтынды» сыйлаған еді.

 

АСТАНА. ҚазАқпарат

0
0
198

Футбол: «Астана» испандық «Вильярреалдан» ойсырай ұтылды

Қазақстанның «Астана» футбол командасы Еуропа Лигасының плей-офф сынында өз алаңында «Вильярреалдан» 0:3 есебiмен жеңiлiс тапты.

Бiрiншi таймда ойынды қарқынды бастаған алаң иелерi испаниялық клубтың қақпасына гол сала алмады. Керiсiнше, есептi 33-минутта Кани ашып, қарсыластар алға шықты. Екiншi таймда Джованни Дос Сантос есептi еселей түстi. Ал матчтың 85-минутында Марио Гаспар үшiншi голдың авторы атанды.

Қарымта матч 28 тамызда Испанияда өтедi.

АСТАНА. ҚазАқпарат

0
0
375