Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Футбол: «Астана» испандық «Вильярреалдан» ойсырай ұтылды

Қазақстанның «Астана» футбол командасы Еуропа Лигасының плей-офф сынында өз алаңында «Вильярреалдан» 0:3 есебiмен жеңiлiс тапты.

Бiрiншi таймда ойынды қарқынды бастаған алаң иелерi испаниялық клубтың қақпасына гол сала алмады. Керiсiнше, есептi 33-минутта Кани ашып, қарсыластар алға шықты. Екiншi таймда Джованни Дос Сантос есептi еселей түстi. Ал матчтың 85-минутында Марио Гаспар үшiншi голдың авторы атанды.

Қарымта матч 28 тамызда Испанияда өтедi.

АСТАНА. ҚазАқпарат

 
0
0
376

Осы тақырып бойынша

Футбол: «Астана» испандық «Вильярреалдан» ойсырай ұтылды - Yvision.kz