Платини ФИФА президенттігі сайлауына қатыспайтынын айтты
УЕФА президенті Мишель Платини 2015 жылдың мамырында өтетін ФИФА президенттігі сайлауына өзінің кандидатурасын ұсынбайтынын мәлімдеді. Бұл туралы ВВС-ге сілтемемен egemen.kz хабарлады. Бұған, сірә, Халықаралық футбол федерациясын 16 жыл бойы үзіліссіз басқарып келе жатқан Зепп Блаттердің бесінші мерзімге бәйгеге түсуге ниетті екенін бұдан бұрын баяндап үлгергені себеп болған шығар. 59 жастағы Мишель Платини — ХХ ғасырдың ең үздік футболшыларының бірі. Тегі итальян ол Франция құрамасы сапында ойнады. Қазір УЕФА-ға басшылық етіп келе жатқан футбол функционері таяуда Монте-Карлода өткен Еуропа футбол қауымдастығы одағының 54-ші кездесуінде бар назары мен күш-жігерін осы лауазымына жұмсай беретінін айтты. Би-би-си тілшісі Ричард Конвейдің хабарлауынша, Платинидің жиындағы бұл мәлімдемесін жин…


