Мазмұнға өту
kazsportagent

Kazsport agent

@kazsportagent

Сайтта 2012 ж. 28 желтоқсанКазахстан, Астана

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ СПОРТ ЖӘНЕ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ІСТЕРІ АГЕНТТІГІ

рейтинг

100

жазбалар

4 640

пікірлер

0

тіркелуші

17

жазылымдар

442

НАНКИН-2014: Қазақстандық гимнастшы қыздар қола жүлде иеленді

Нанкинде өтіп жатқан жасөспірімдер олимпиадасында Қазақстан көркем гимнастика құрамасы топтық жарыста қола жүлде алды.

Құрамында Әмина Қожахмет, Әлия Молдахметова, Виктория Гуслякова, Елизавета Майновская, Дарья Медведева, Нұрай Құмарова сынды спортшылар бар Қазақстан құрамасы Ресей мен Болгариядан ұтылып қалса да, Өзбекстан, Канада, Мысырдың спортшыларын артқа тастады.

Осымен Қазақстан Нанкиндегі Олимпиадада үш алтын, бір күміс, төрт қола медаль иеленді.

Нанкиндегі жасөспірімдер Олимпиадасында жарыстар толық аяқталды. Жабылу салтанаты 28 тамызда өтеді, деп хабарлайды аlaman.kz.

Басты сөздер: Спорт
АСТАНА. ҚазАқпарат
0
0
266

НАНКИН-2014: Екінші алтынды Абылайхан Жүсіпов алып берді

Қытайдың Нанкин қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы ІІ жазғы Олимпиада ойындарында Қазақстан қоржынына екінші алтын түсті, деп жазады massaget.kz.

Байрақты бәсекеге 60 келід ел намысын қорғауға аттанған былғары қолғап шебері Абылайхан Жүсіпов бұған дейін Ричард Конниді қуалап жүріп сабаған болатын. Ал, финалдық сында оның қарсыласы кубалық Алан Лимонто болды. Даңқты боксшылар елінен келген Лимонто қарағандылық қазақ баласына шыдас бере алмады.

Бұл қазақтың қоржынына түскен екінші алтын. Алғашқы алтынды Бауыржан Жауынтаев есімді палуан өреніміз алып берген болатын.

Басты сөздер: ОлимпиадаСпорт
0
0
208

Астанада Конституция күніне арналған спорттық шаралар өтеді

Конституция күнін мерекелеу аясында елорда тұрғындары мен қонақтары үшін 50-ден астам түрлі шара ұйымдастырылады, соның ішінде, спорттық жарыстар, флеш-мобтар мен акциялар, байқаулар, көрмелер, концерттер бар, деп хабарлады astana.kz

Нақтырақ айтқанда, 27 тамыз күні белсенді жастар Орталық паркте флеш-моб ұйымдастырады.

Ал кешке «Алау» мұз сарайында балалар арасында жарыс болады.

27-29 тамызда «Автомобилист» футбол алаңында 10-11 жастағы ұлдардың командалары өзара шеберлік байқасады.

27-31 тамызда «Дәулет» спорт кешенінде ересектер арасында таэквондодан «Халықаралық Гран-при сериясы» турнирі өтеді.

Есіл ауданының тұрғындары 27-29 тамызда күн сайын сағат 17.00 «Көңілді старт» шарасына қатысады.

Басты сөздер: СпортАстанаҚоғам
0
0
579

БОКС: Головкин мен Рубио тұңғыш рет ESPN студиясында кездесті

WBA (Super) нұсқасы бойынша орта салмақ дәрежесіндегі Әлем чемпионы 32 жастағы қазақстандық боксшы Геннадий Головкин мен WВC нұсқасы бойынша осы салмақ дәрежесіндегі уақытша Әлем чемпионы 34 жастағы мексикалық боксшы Марко Антонио Рубио Лос-Анджелес қаласындағы ESPN студиясында (АҚШ-тың Калифорния штаты) «A Los Golpes» бағдарламасы аясында тұңғыш рет бетпе-бет кездесті. Жүргізушілердің бірі аты аңызға айналған мексикалық боксшы Хулио Сезар Чавес болды -деп хабарлайды allboxing.ru сайты. Естеріңізге сала кетейік, екі боксшының жекпе-жегі биыл күзде 18 қазан күні Лос-Анджелес қаласының 8 мың адам сиятын StubHub Center аренасында өтеді. Марко Антонио Рубио бұған дейін журналистерге берген сұхбатында жеңіске жететіндігіне сенімді екендігін білдірген болатын. «Қазір Головкиннің рекордына қарап…

0
0
371

Франциядағы бүкіләлемдік ат спорты жарысына Маңғыстау өңірінің тұлпарлары қатысады

Бүгін, 27 тамызда Францияның Канн қаласында әр 4 жыл сайын бір рет өткізілетін «Бүкіләлемдік ат спорты ойындары» (World Equestrian Games) басталады. Қазақстанның атынан жарыстар квалификацияларында чемпион атанып жүрген Маңғыстау өңірінің жүйріктері қатыстады. Отандастарымыз бұл ойындарға кіретін 8 ат спорты түрінің ішінде қазақтың ұлттық ат спорт түрі — аламан бәйгеге ұқсайтын «Endurance»-тан (ағылшын тілінен аударғанда — төзімділік, шыдамдылық) сайсықа түспек. Атап айтсақ, еліміздің намысын «Жезкиік» атты тұлпармен шабандоз Қойшиев Азат; «Дойдан» тұлпарымен шабандоз Наталья Долгих; Мықырбаев Бұғабайдың «Шабдарқасқасы», шабандоз — Мықырбаев Бектас; Бағдабаев Аманғалидің «Жасқанаты», шабандоз — Етреков Әбіш; Сергей Буйкевичтің араб тұқымдас «Арабы»; Ратов Сисеннің «Ойлысы», шабандоз — Қой…

0
0
375

Астанадағы таэквондодан гран-при жарысына алты Олимпиада чемпионы қатысады

Астанада өтетін таэквондодан Бүкіләлемдік гран-при сериясы кезеңіне екі жүзден артық спортшы қатысады. Қазақстан таэквонда федерациясының баспасөз қызметінен хабарлағандай, қатысушылардың арасында атақты спортшылар да бар. Сонымен Астанаға байрақты бәсекеде бақ сынау үшін ерлер арасындағы қазіргі Олимпиада чемпиондары Хоэль Гонсалес (Испания), Сервет Тазегюль (Түркия), Себастьян Крисманич (Аргентина), Карло Мольфетта (Италия) келеді. Олардың қатарында сондай-ақ 2000 және 2004 жылғы Олимпиада жеңімпазы американдық Стивен Лопес те бар. Ал әйелдер арасынан екі дүркін әлем чемпионы және екі дүркін Олимпиада чемпионы қытайлық У Цзиньюй (2008, 2012) болмақ. Сондай-ақ Астана халқы Аарон Кук (Англия, үш дүркін әлем чемпионы), Даба Модибо Кейта (Мали, екі дүркін әлем чемпионы), Альберт Гаун (Ресей…

0
0
271

Зинедин Зидан бапкерлік жолын бастады

Араб нәсілді белгілі франциялық футболшы Зинедин Зидан өзінің жаттықтырушылық мансабын Испанияның «Реал» (Мадрид) командасының жастар құрамын жаттықтырудан бастады. Бұл туралы РИА «Новости» хабарлады.

Өкінішке қарай, Зидан тізгінін қолға ұстаған команда алғашқы ойынын испанның үшінші дивизонының бірінші турында «Атлетикоға» қарсы өткізіп, ұтылып қалды. Есеп 2:1.

Зидан өткен маусымда «Реалдың» бас жаттықтырушысы Карло Анчелоттидің көмекшісі болған еді. Биылғы маусымда резервтегі команданы қабылдап алды, деп жазады egemen.kz.

Басты сөздер: ӘлемСпорт
0
0
372

Боксшы Ж. Жақиянов жаңа титул үшін бақ сынайды

10 қыркүйекте қазақстандық боксшы — жеңіл салмақтағы еуропа чемпионы — Жанат Жақиянов Минскіде грузин Гага Едишерашвилимен кездеседі. Бұл туралы Еуразиялық-Тынық мұхиттық бокс кеңесінің (EPBC) ресми сайтынан хабарланды. Жекпе-жекте WBC нұсқасы бойынша жеңіл салмақтағы EPBC чемпионы титулы сарапқа салынады. Бірақ, Жақияновтың Еуропа чемпионы белбеуі ойнатылмайды. Атап өту керек, Грузия спортшысы кәсіби шаршы алаңда осыған дейін жеңіліп көрмеген. Едишерашвилиде 7 жеңіс жазылған, оның 6-ауы уақытынан бұрын аяқталған. Жерлесіміз болса 22 мәрте жеңімпаз атанған, 15 жекпе-жек нокаутпен аяқталған. Бір рет жеңілген. Осыған дейін хабарланғандай, сәуір айында Жанат француз боксшысы Гуерфиді 5-ші кезеңде нокаутқа жіберіп, Еуропа чемпионы титулын тартып алған болатын. Басты сөздер: Спорт АСТАНА. ҚазА…

0
0
291

ЕУРО-2015: Футболдан Қазақстанның жастар құрама командасының Францияға қарсы құрамы анықталды

Бүгін футболдан Қазақстанның жастар құрама командасының (U-21) Францияға қарсы құрамы анықталды. Бұл туралы бүгін Қазақстан футбол федерациясының баспасөз қызметінен хабарлады. Тамыздың 30-ы мен 4 қыркүйек аралығында Қазақстанның жастар құрамасы Астана қаласында оқу-жаттығу жиынын өткізеді. Ал 4 қыркүйек күні «Астана-Арена» стадионында отандастарымыз «Еуро-2015» іріктеу додасы аясында Франция құрама командасымен соңғы рет кездеспек. Қазір 21 жасқа дейінгі футболшыларымыз 9 ұпаймен «10» топтың үшінші сатысында келеді. Бірінші орында Франция, ал екінші орында Исландия құрама командалары. Теориялық тұрғыда Қазақстан құрама командасының Еуропа біріншілігінің финалдық кезеңіне шығуына мүмкіндігі бар. Бұл үшін жігіттер француздарды қалайда ірі есеппен жеңулері тиіс. Жастар құрама командасының а…

0
0
1435

Қазақстандық теннисшілер АҚШ-тың Ашық чемпионатындағы алғашқы ойындарын өткізеді

Бүгін Нью-Йорк корттарында жыл сайынғы турнир — АҚШ-тың Ашық чемпионаты (US Open) басталады.

Беделді жарыста қазақстандық теннисшілер де өз бақтарын сынайтын болады.

Кортқа алғашқы болып Александр Недовесов шығады. Ол ирландық Джеймс Макгимен бірге күш сынайды.

Әйелдерден әлемнің 48-ракеткасы Зарина Дияс пен 51-ракетка Ярослава Шведова Қазақстан намысын қорғайтын болады. Олар кортқа ертең шығады деп жоспарланған. Заринаның қарсыласы украиналық Леся Цуренко, ал Ярослава румыниялық Моника Никулескумен бақ сынасады.

Ерлер арасында Михаил Кукушкин мен Андрей Голубев те бар. Бірінші айналымда Кукушкин неміс Ян-Леннард Штруффпен, Голубев итальяндық танымал теннисші  Фабио Фоньинимен ракетка түйістіреді.

Басты сөздер: ӘлемСпорт
АСТАНА. ҚазАқпарат
0
0
296