РАЛЛИ: Astana Motorsports командасы «Баха Польши 2014» жарысында үшінші орынды иемденді
Astana Motorsports командасының капитаны Артур Ардавичус «Баха Польши 2014» FIA Әлем Кубогының сегізінші кезеңінің қорытындысы бойынша үшінші орынды еншіледі. Бұл туралы бүгін команданың баспасөз қызметінен хабарлады. Олар Польша жерінде өткен жарыста үш күн ішінде 800 шақырымға жуық жерді басып өткен. Аталмыш халықаралық жарысқа «Астана» Президенттік кәсіпқой спорт клубы атынан Astana Motorsports командасының бір жүк көлігінің экипажы қатысты. Артур Ардавичус, оның штурманы Алексей Никижев және механик Даниэль Козловский жарыс жолына 302 нөмірлі Tatra автокөлігімен шықты. Бәсеке жолы аса ұзақ болмағанымен жүргізушілерден сақтықты, тиянақтылықты талап етті. Ой-шұқыры көп, тар әрі ирелең жолдар, қауіпті бұрылыстар мен құмдар, тастар жарысты күрделендіре түсті. Алайда Astana Motorsports ком…




