Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Инчхондағы Азия ойындардың ашылуында Қазақстан Туын Әділбек Ниязымбетов ұстап шығады

Әділбек Ниязымбетов

Лондондағы Олимпиаданың күміс жүлдегері, әлем чемпионатының екі дүркін күміс жүлдегері боксшы Әділбек Ниязымбетов Инчхонда 19 қыркүйек пен 4 қазан аралығында өтетін Азия ойындарының ашылуында Қазақстанның Туын көтеріп шығады, деп хабарлады Vesti.kz.

Штаттық ұлттық командалар әкімшісінің баспасөз қызметінен хабарлағандай, спортшыға Туды салтанантты түрде табыстау рәсімі Алматыда 12 қыркүйекте өтеді. Азия ойындарында қазақстандықтар спорттың 39 түрі бойынша жарыстарға қатысады, Инчхонға жалпы саны 420 атлетші барады. Команда құрамында әлем чемпиондары, әлемдік біріншілік жүлдегерлері мен Олимпиада чемпиондар — Ольга Рыпакова мен Зульфия Чиншанло бар.

Еске сала кетейік, қытайлық Гуанчжоу қаласында өткен Азия ойындарында Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте бесінші орынды иеленген еді.

   

АСТАНА. ҚазАқпарат

   
0
0
942

Осы тақырып бойынша

Инчхондағы Азия ойындардың ашылуында Қазақстан Туын Әділбек Ниязымбетов ұстап шығады - Yvision.kz