Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Криштиану Роналду футбол әлемімен қашан қош айтысатынын мәлім етті

Әлемнің үздік футболшыларының бірі Криштиану Роналду неше жаста спорттағы мансабын аяқтағысы келетінін айтты, деп хабарлады мадридтік «Реал» сайтына сілтеме жасай отырып «Спорт-Экспресс».

«Қуатым барда, ойнай беремін деп айтуыма болар еді, алайда өзім шамамен 35-36 жасқа дейін ойнаймын деп жоспарлаудамын», — деді Роналд — Әрине, ол жасқа жеткенде, пікірім өзгеруі де мүмкін».

Роналду мансабын қай клубта аяқтайтынын нақ басып айта алмады.

«Білмеймін, бұл әзірге белгісіз», — деді ол.

Еске сала кетейік, Криштиану Роналду «Алтын доптың» екі дүркін иегері және соққан голдарының саны бойынша Португалия құрамасының рекордшысы.

 
Басты сөздер: Спорт
АСТАНА. ҚазАқпарат
 
0
0
423

Осы тақырып бойынша

Криштиану Роналду футбол әлемімен қашан қош айтысатынын мәлім етті - Yvision.kz