«Алматы легионы» биыл тұңғыш рет Ұлттық лигамен қатар, Ресейдің Суперлигасында да өнер көрсетеді
Алғашқы ойындар 8-9 қазан күндері кешкі сағат 18:30-да «Достық» спорт кешенінде «Алматы легионы» мен «Астана» баскетбол клубтары арасында өтеді.
Айта кетелік, «Алматы» баскетбол клубының негізгі командасы — «Алматы легионы» биыл тұңғыш рет Ұлттық лигамен қатар, Ресейдің Суперлигасында да өнер көрсетеді. Солтүстік көршіміздің баскетбол чемпионатының деңгейі өте жоғары екені белгілі. Сондықтан, алматылық клубтың тәжірибе жинақтау, шеберлік шыңдау мақсатында Суперлигаға қатысуы маңызды екені сөзсіз.
Дегенмен, «Алматы легионы» Ресей суперлигасындағы алғашқы матчын өткізіп те қойды. Алматылықтар өткен сенбі күні Ресейдің Химки қаласында жергілікті «Химки-Подмосковье» клубымен кездесіп, 65:45 есебімен жеңіліп қалды.
Ал Ұлттық лига аясында жерлестеріміз өз алаңында «Астаналықтармен» екі ойын өткізеді.

