Азия ойындарында 6 спортшы допинг дауына қалды
Қытайлық жеңіл атлет Чжан Вэньсю балға лақтырудан Азиаданың чемпионы атанған. Бірақ кейін тыйым салынған препарат қолданғаны белгілі болып, бас жүлдесін күміс алған отандасы Ванг Ченгке берді. Мұндай жағдай малайзиялық Таи Чеи Хуеннің де басында болды. Аталған азамат Азия ойындарының алтынын алғанымен, кейін кері қайтарды. Сондай-ақ тәжікстандық футболшы Куршед Бекназаров, сириялық каратэші Ноурадин әл Курди, камбоджалық теннисші Ю Сопхану және Ирак ауыр атлеті Мохаммед Жассим допингпен ұсталды. Жоғарыдағы дауға қатыстылардың арасында жерлестіріміз жоқ.
Источник: http://www.24.kz/kz/zha-aly-tar/sport/item/28985-aziya-ojyndarynda

