Мазмұнға өту
kazsportagent

Kazsport agent

@kazsportagent

Сайтта 2012 ж. 28 желтоқсанКазахстан, Астана

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ СПОРТ ЖӘНЕ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ІСТЕРІ АГЕНТТІГІ

рейтинг

100

жазбалар

4 640

пікірлер

0

тіркелуші

17

жазылымдар

442

«Астана»-«Марибор» матчы оны тамашалауға жиналған жанкүйерлер саны бойынша еурокубок матчтарының үздік үштігіне енді

Елордалық «Астана» футбол командасы мен словениялық «Марибор» матчы оны тамашалауға жиналған спортсүйер қауымның саны бойынша еурокубоктардағы қазақстандық клубтардың өз алаңында өткізген матчтарының үздік үштігіне енді, деп жазады Sports.kz. Айта кетейік, 22 шілде күні «Астана-Арена» стадионында УЕФА Чемпиондар Лигасының екінші іріктеу кезеңінде «Астана» футбол командасы словениялық «Мариборды» қабылдап, 3:1 есебімен ұтты. Бұл матчты 23 650 адам тамашалаған. Осылайша, бұл ойын ең көп жанкүйер жиналған ойындардың үштігіне енді. Сонымен, еурокубоктардағы ең көп жанкүйер жинаған қазақстандық футбол клубтарының өз алаңындағы мачтары: 1. «Шахтёр» (Қарағанды) — «Селтик» (Шотландия). «Астана Арена» 29 950 көрермен тамашалады; 2. «Астана» (Астана) — «Вильярреал» (Испания). «Астана Арена» 27 500…

0
0
205

Олжас Абраев УЕФА-ның бірінші санаттағы судьялары қатарына қосылды

УЕФА-ның 2015/16 маусымдағы футбол төрешілерінің тізімі жарияланды, деп жазады Sports.kz.

Төрт санаттан тұратын футзал тізіміне екі қазақстандық төреші енді. Бірінші санатқа 30 жастағы астаналық Олжас Абраев кірсе, үшінші санатқа қостанайлық 30 жастағы Талғат Қосмұхамбетов қабылданды.

Басты сөздер: Спорт
0
0
295

Андре Уорд командасы Геннадий Головкинмен биыл күзде жекпе-жек ұйымдастырмақ

WBA (Super) нұсқасы бойынша екiншi орта салмақтағы әлем чемпионы Андре Уордтың командасы қазақстандық боксшы, орта салмақтағы WBA (Super), IBO және WBC (Interim) чемпионы Геннадий Головкинмен биыл күзде жекпе-жек ұйымдастыруды көздеп отыр, деп хабарлайды Boxingnews24.com сайты ESPN сарапшысы, танымал тiлшi Дэн Рафаэльге сiлтеме жасап. Оның ақпаратына сәйкес, Уорд Головкинмен аралық салмақта кездесуге құлықты. Содан кейiн америкалық боксшы 175 фунтқа көтерiлiп, IBF/WBA/WBO чемпионы Сергей Ковалевпен шықпақ. «Бүгiн маған Уордтың командасы Головкинмен күзде шығуды жоспарлап отырғандықтарын айтты. Кейiн Ковалевке қарсы жекпе-жек жасамақ, бұл заңды да», — дедi Рафаэль ESPN-дегi өзiнiң чатында. - Уорд жартылай ауыр салмаққа өтiп, кейiн GGG-ға қайта түсуге мүдделi емес. Егер Головкинмен барлығы…

0
0
262

Қазақстандық боксшылар Самарадағы халықаралық турнирде бақ сынайды

Келесі аптада Ресейдің Самара қаласында екі дүркін Олимпиада чемпионы Олег Саитовтың жүлдесіне бокстан халықаралық турнир басталады, деп хабарлады Самара техникалық университетінің сайтында.

Өңірлік спорт министрлігінің қолдауымен «Политех-СамМТУ» боксшылар клубының бастамасы бойынша өткізілетін турнирге Қазақстан, Әзербайжан, Ресей, Ирландия өкілдері қатысады.

Шаршы алаңда барлығы 60-қа жуық бокшсы бақ сынайды. Турнирдің құрметті қонақтары — бокс бойынша Олимпиада чемпионы Гайдарбек Гайдарбеков, Олимпиадалық ойындар жүлдегері Райымкул Малахбеков, әлемнің, Еуропаның бірнеше дүркін чемпионы Евгений Макаренко.

23 шілдеде ашылатын турнир Самара мемлекеттік техникалық университетінің спорт кешенінде өтеді.

0
0
417

Қазақстандық дзюдошылар «Үлкен дулыға» турнирінің алғашқы күнінде бір күміс және екі қола еншіледі

Ресейде дзюдо бойынша «Үлкен дулыға»  турнирінің кезеңі басталды, деп хабарлады sports.kz.

«GRAND SLAM» сериясындағы халықаралық турнирде қазақстандық дзюдошылар жарыстың бірінші күнінде үш медальға ие болды.

60 келіге дейінгі салмақта Айбек Имашев пен Асхат Тельманов үшінші орынды еншіледі. Ал 66 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Ғабит Есімбетов күміске қол жеткізді. Бірінші орын жапониялық спортшы Томофуми Такаджоға бұйырды.

Басты сөздер: Спорт
0
0
425

«Астана» шабандозы Винченцо Нибалидің ақшасы мен көзілдірігі ұрланды

«Астана» командасының велошабандозы Винченцо Нибалидің қонақ үйдегі бөлмесінен қымбат заттары мен ақшасы ұрланды, деп хабарлайды Sports.kz.

«Бірнеше команда отелге риза болмады, себебі оның дайындығы нашар. Ең сорақысы, Винченцо таңғы асқа кеткенде бөлмесінен 500 еуросы мен 2014 жылы жеңіске жеткен «Тур де Франс» турнирінде таққан күн сәулесінен қорғайтын көзілдірігі ұрланды», деп хабарлады британиялық журналист Ричард Мур.

 
Басты сөздер: Спорт
0
0
283

Дэвис Кубогының ширек финалында Қазақстан Австралиядан ұтылды

Дэвис Кубогы әлемдік тобының Австралия - Қазақстан 1/4 финалының матчы аяқталды, деп жазды Sports.kz.

Бірінші күні  Михаил Кукушкин мен Олександр Недовесов Танаси Коккинакис  пен Ник Киргиосты жеңді. Бірақ екіншісінде   австралиялықтар Сэмюэл Грот пен Ллейтон Хьюитт қазақстандық Андрей Голубев пен Олександр Недовесовтен басым түсті.

Бүгін Австралия командасы  Коккинакис пен Киргиостың орнына кортқа Грот пен Хьюитті шығарды. Қазақстандықтар бұған дайын болмады, алдымен Кукушкин Гроттан - 3:6, 6:7, 6:4, 6:7 есебімен, кейін  Недовесов Хьюиттан — 6:7, 2:6, 3:6 есебімен жеңілді.

Осылайша Дэвис Кубогының жартылай финалына  Австралия шықты.

 
Басты сөздер: Спорт
0
0
312

«Астана» футболшылары Чемпиондар лигасындағы алғашқы ойынында жеңiлiп қалды

«Астана» командасы Чемпиондар лигасындағы бiлiктiлiк кезеңiнiң алғашқы матчында словениялық «Мариборға» ұтылып қалды. Мариборда өткен кездесу 0:1 есебiмен аяқталды.

Словениялық футболшылардың жалғыз голын бесiншi минутта бұрыштамадан әуелете берiлген пастың арқасында Марко Шулер салды.

Осыдан кейiн допқа қазақстандық футболшылар иелiк еттi. Оның үстiне бiрнеше қауiптi шабуылдарды да жасады. Бiрақ Георгий Жуков пен Бауыржан Жолшиев қақпаға допты бағыттай алмады.

Екiншi таймда да астаналықтардың мысы басым болды. Дегенмен қақпаға гол салу олар үшiн мүмкiн болмады.

Қарымта матч Астана қаласында 22 шiлде күнi өтедi.

Басты сөздер: Спорт
0
0
542

Британиялық Фрум «Тур де Франс» веложарысының 10-шы кезеңінде жеңіске жетті

Team Sky командасының мүшесі британиялық велоспортшы Крис Фрум «Тур де Франс» көпкүндігінің 10-шы кезеңінің жеңімпазы атанды.

Екінші болып мәреге оның командадағы серіктесі австралиялық Ричи Порт, үшінші болып колумбиялық Наиро Кинтана (Movistar) жетті. Тарб — Ла Пьер-Сен-Мартен «таулы» кезеңі 167 км құрады.

Бұрынғыдай  Кристофер Фрум көш бастап келеді. Альберто Контадор — алтыншы орында. «Тинькофф Саксоның» басқа спортшысы словакиялық Петер Саган ұпайлық классификациясының лидерлік статусынан айырылды.

 
Басты сөздер: ӘлемСпорт
0
0
227

«Тур де Франста» Нибалидің орнына Фульсангты капитандыққа ауыстырамыз

Ekstrabladet.dk-ға берген сұхбатында  «Astana» командасының бас менеджері Александр Винокуров «Тур де Франс» жарысында капитанды ауыстыру шешімін түсіндірді.

«Нибалиде — психологиялық проблемалар, Винченцо сынды спортшыда ауыр күннің болуы да мүмкін емес.  Оның дайындығы жақсы, сондықтан мәселе мұнда емес. Бұл — спорт.

Біз оның орнына Якоб (Фульсангты) қоюға тырысамыз. Ол жақсы бастады, оған Контадорды қуып жетіп уақытты ұту үшін еркіндік бердік.

Жарыстың соңына дейін екі апта бар. Әрине бұл жолғы „Тур де Франста» жеңімпаздыққа таласа алмайтын болдық.

Енді жағдайды жақсарту үшін бар күшімізді салуымыз керек, Якоб кезеңде жеңіске жетеді деп үміттенеміз», — деді Винокуров.

 
Басты сөздер: Спорт
0
0
241