Мазмұнға өту
kazsportagent

Kazsport agent

@kazsportagent

Сайтта 2012 ж. 28 желтоқсанКазахстан, Астана

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ СПОРТ ЖӘНЕ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ІСТЕРІ АГЕНТТІГІ

рейтинг

100

жазбалар

4 640

пікірлер

0

тіркелуші

17

жазылымдар

442

«Қайрат» Бразилияда футзал бойынша клубтық әлем чемпионатының финалында ұтылып қалды

Бразилиялық Эрешин қаласында өткен футзал бойынша клубтық әлем чемпионатының финалдық матчында алматылық «Қайрат» клубы «Атлантикодан» ұтылды, деп хабарлады Sports.kz.

Матч 4:3 есебімен «Атлантиконың» пайдасына шешілді.

Жеңімпазды анықтау үшін қосымша уақыт қажет болды, ойын соңында матч иелерінің жолы болып, Диваней өз қақпасына гол салып жіберді. Осылайша «Қайрат» клубтар арасындағы әлем чемпионы атағын ала алмады.

   
Басты сөздер: Спорт
0
0
378

ҚХЛ: «Барыс» «Локомотивті» 4:3 есебімен жеңді

Құрлықтық хоккей лигасы матчында астаналық «Барс» Ярославль қаласының «Локомотив» командасын 4:3 есебімен жеңді.

Бұл туралы Sports.kz сайты хабарлады.

Есепті ойынның алғашқы минутында-ақ «Локомотив» ойыншылары ашты. Алайда, Дмитрий Мальцев пен Дмитрий Гавриков салған шайба астаналық команданың еңсесін түсірмеді, Ерлан Сағымбеков шәкірттері 3 минуттың ішінде есеп теңестірді. Роман Старченко, соңынан Роман Савченко таразы басын тең қылды.

Екінші кезеңде «Барыс» алға шықты. Ойынның 24-ші минутында астаналық команда ойыншылары тағы екі шайбаны қарсыласының қақпасына дәл бағыттады.
«Барыстың» келесі қарсыласы — Тольяттидің «Ладасы». Матч 8 қыркүйек күні өтеді.

Басты сөздер: Спорт
0
0
205

Исландия-Қазақстан матчын «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді

Қыркүйектің 6-нан 7-не қараған түні футболдан Қазақстан Ұлттық құрамасы Еуро-2016 іріктеу кезеңі аясында Исландия командасымен кездеседі, деп хабарлады kazsport.kaztrk.kz.

Өткен турда Қазақстан Ұлттық құрамасы Чехиядан 2:1 есебімен ұтылса, Исландия құрамасы Нидерланд командасын 1:0 есебімен ұтқан. 7-турдан соң Ұлттық құрамамыз 1 ұпаймен топ соңында келсе, Исландия 18 ұпаймен көш бастап келеді.
Айта кетейік, сырт алаңда өтетін ойынды «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы Астана уақытымен сағат 00:30-да (6-нан 7-не қараған түн) тікелей эфирде көрсетеді.

Басты сөздер: Спорт
0
0
486

Тоғызқұмалақтан «Қазақстан Республикасы Тоғызқұмалақ спорты Федерациясы» Кубогі үшін турнир өтті

Тоғызқұмалақтан «Қазақстан Республикасы Тоғызқұмалақ спорты Федерациясы» Кубогі үшін Әбілда Ақшораевтың 80-жылдығына арналған ашық республикалық турнирі, 2015 жылғы 26 тамыз бен 1 қыркүйек аралығында Тараз қаласында өтті. Турнирге Қазақстан Республикасының 10 облысынан (Жамбыл, Маңғыстау, БҚО, Алматы облысы, Ақтөбе, ОҚО, Қызылорда, Қостанай, Қарағанды, Павлолар) және Қырғыз Республикасынан барлығы: 16 командадан, 102 спортшы қатысты. Оның ішінде: хдсш-11, сш-26, сшк-45, І дәрежелі-16. Турнир 9 турдан швейцар жүйесімен жекелей-командалық есепте өткізілді. Турнирдің қорытындысы бойынша жекелей есепте, ерлер арасында: І орын – Нұрбек Қабиев (Ақтөбе); ІІ орын – Серік Ақтаев (ОҚО); ІІІ орын – Жанат Қаймолдин (Павлодар). Жекелей есепте, әйелдер арасында: І орын – Қымбат Нөсерова (Қостанай); ІІ…

0
0
676

БОКС: Азия чемпионатындағы жартылай финалға қазақстандық жеті боксшы шықты

АСТАНА. ҚазАқпарат — Азия чемпионатының жартылай финалына Қайрат Ералиев, Василий Левит шықты, бүгін таңертең оған біздің тағы төрт боксшы қосылды, деп хабарлады Қазақстан Бокс федерациясының баспасөз қызметінен. Бірінші сессияның алғашқы жұбында Олжас Сәттібаев (52 келі) 2013 жылғы Түркіменстан чемпионы Зарип Жұмаевқа қарсы шықты. Қазақстандық боксшы қарсыласынан басым көрінді. Жұмаев көбірек қорғанып, соққыларды жіберіп алды. Үшінші раундта нокдаунға түсті. Сөйтіп 3:0 есебімен Олжас Сәттібаевтың пайдасына шешілді. Қазақстандық құрама команда капитаны Данияр Елеусінов (69 келі) Вэй Люмен кездесті. 27 жастағы қытайлық боксшы WSB аясында China Dragons клубы атынан шықты. Ол екі жеңісі, үш жеңілісімен рейтингте 12-ші орында. Вэй Лю 2011 жылы екі рет Бақыт Сәрсекбаевпен жұдырықтасып, екі рет…

0
0
324

Таэквандо: Қазақ саңлақтары Аргентинада 4 жүлдеге қол жеткізді

АСТАНА. ҚазАқпарат — Латын Америкасында «Argentina Open» турнирі өз мәресіне жетті. Үшінші халықаралық ашық біріншілік Аргентина астанасы Буэнос-Айрос қаласында 29-30 тамыз күні өткен болатын, деп хабарлады ҚР Таэквондо федерациясының баспасөз қызметінен. G-1 дәрежесіндегі беделді жарыста барлық жас категориялар, атап айтқанда кадеттер, жасөспірімдер мен ересектер сынға түсті. Жалпы алғанда 500-ден астам саңлақ үздіктерді анықтады. Қандастарымыз елдің бас қаласы Буэнос-Айрес төрінде өткен байрақты додада 4 жүлдеге қол жеткізді. Аса ауыр салмақта өнер көрсеткен Жапаров Руслан үздік шығып, чемпион атанды. Финалда жерлесімізге қарсы жергілікті Мартин Сио шыққанына қарамастан, 6:12 есебімен сенімді жеңіске жетті. 68 келі салмақ дәрежесінде алтын жүлдені таэквондо әлемінде ең танымал отбасы мү…

0
0
355

Бүгін Шелек өзенінде «CHILIK RaLLy 2015» жарысы басталады

3-6 қыркүйек аралығында Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданы арқылы ағатын Шелек өзенінде рафтинг бойынша «CHILIK RaLLy 2015» жарысы болады. Бұл туралы Қазақстанның рафтинг федерациясының баспасөз қызметінен хабарлады. Рафтинг бойынша «CHILIK RaLLy 2015» федерация Кубогы — Қазақстанның рафтинг федерациясы ұйымдастыратын жазғы жарыстарының соңғы кезеңі. Жарыста еліміздің туристік және спорттық клубтарының әуесқой және кәсіпқой командалары ұзақ қашықтыққа жарысу, жақын қашықтыққа қатар жарысу және слалом бойынша өзара бақ сынасады. «Шелек өзенінде өтетін күзгі жарыстарға қатысушылар да, көрермендер де көптеп келеді. Өйткені, мұнда ең қызықты трассада рафтингтің барлық түрі бойынша жарысуға болады. Оның үстіне «CHILIK RaLLy» Кубогын табиғат аясындағы жарыстардың, палаткада түнеп, таза ауада…

0
0
1083

Астанада Президент кубогы сарапқа салынады Edit This Post

Ертең елорда төріндегі «Дәулет» спорт кешенінде күрес түрлерінен ҚР Президенті кубогы жолындағы жарыс басталады. Жыл сайын өтетін дәстүрлі турнир биыл үш күнге созылмақ. Бұған дейін Президент кубогы жолындағы бәсеке тек грек-рим күресі шеберлері арасында сарапқа салынып келген. Ал биыл ұйымдастырушылар жарыстың аясын кеңейтіп, бірінші рет еркін күрес пен қыздар күресін қосып отыр. Сондай-ақ, жарыс тұңғыш рет командалық сайыс түрінде өтеді. ҚР Президенті кубогы жолындағы турнирге Ресей, Үндістан, Моңғолия, Қырғызстан, Өзбекстан, Грузия, және Беларусь елдерінің білекті балуандары қатыспақ. Дәстүрлі турнирге еліміздің ең мықты деген балуандары бірінші және екінші құрамда өнер көрсетеді. Бірақ, бәсі биік додаға грек-рим күресінен Азия ойындарының екі дүркін чемпионы, әлем чемпионатының үш дүр…

0
0
475

«Қайрат» Еуропа Лигасының үшінші кезеңіне шықты

«Қайрат» екі ойынның қорытындысы бойынша  «Алашкерттен» басым түсіп,  Еуропа Лигасының үшінші кезеңіне шықты, деп хабарлайды Vesti.kz.

«Қайрат» сырт алаңда Арменияның «Алашкерт» командасына 1:2 есебімен ұтылды. Дегенмен  апта бұрын Алматыда  болған алғашқы кездесуде «Қайрат» 3:0 есебімен жеңген еді.

Енді жерлестеріміз Еуропа лигасының үшінші іріктеу кезеңінде Хорватияның «Риека» және Шотландияның «Абердин» командалары арасындағы бәсекенің жалпы есеп бойынша жеңімпазымен кездеседі.

УЕФА Еуропа лигасы. Екінші іріктеу кезеңі. «Алашкерт» (Мартуни, Армения) — «Қайрат» (Алматы, Қазақстан) (1:1).

   
Басты сөздер: Спорт
0
0
270

Геннадий Головкин: Уордпен бір салмақта айқасқым келеді

WBA/IBO тұжырымы бойынша орта салмақтағы  әлем чемпионы Геннадий Головкин Андре Уордпен тең жағдайда, 164 фунт салмақта айқасқысы келетіндігін мәлім етті, деп хабарлайды Sports.kz.

Бұдан бұрын Уорд жекпе-жекті оның салмағы — 168 фунтта өткізуді талап еткен болатын.

«Ол мықты боксшы және біз үшін қызықты да. Бізге ғана емес, баршаға. Мен 50 де 50 болғанын қалаймын. Ол менімен жұдырықтасқысы келеді. Мен бұған толық дайынмын. Қазіргі уақытта оның жағдайы осыдан екі жыл бұрынғыдай емес. Ал менің жағдайыма келетін болсақ, анағұрлым  тәуір. Мен гонорардың да, салмақтың да 50 де 50, яғни тең болғанын қалаймын. Бұл көңілге қонымды»,-деп атап өтті Геннадий.

 
Басты сөздер: Спорт
0
0
208