Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Исландия-Қазақстан матчын «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді

Қыркүйектің 6-нан 7-не қараған түні футболдан Қазақстан Ұлттық құрамасы Еуро-2016 іріктеу кезеңі аясында Исландия командасымен кездеседі, деп хабарлады kazsport.kaztrk.kz.

Өткен турда Қазақстан Ұлттық құрамасы Чехиядан 2:1 есебімен ұтылса, Исландия құрамасы Нидерланд командасын 1:0 есебімен ұтқан. 7-турдан соң Ұлттық құрамамыз 1 ұпаймен топ соңында келсе, Исландия 18 ұпаймен көш бастап келеді.
Айта кетейік, сырт алаңда өтетін ойынды «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы Астана уақытымен сағат 00:30-да (6-нан 7-не қараған түн) тікелей эфирде көрсетеді.

Басты сөздер: Спорт
   
0
0
494

Осы тақырып бойынша

Исландия-Қазақстан матчын «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді - Yvision.kz