Тоғызқұмалақтан «Қазақстан Республикасы Тоғызқұмалақ спорты Федерациясы» Кубогі үшін турнир өтті
Тоғызқұмалақтан «Қазақстан Республикасы Тоғызқұмалақ спорты Федерациясы» Кубогі үшін Әбілда Ақшораевтың 80-жылдығына арналған ашық республикалық турнирі, 2015 жылғы 26 тамыз бен 1 қыркүйек аралығында Тараз қаласында өтті. Турнирге Қазақстан Республикасының 10 облысынан (Жамбыл, Маңғыстау, БҚО, Алматы облысы, Ақтөбе, ОҚО, Қызылорда, Қостанай, Қарағанды, Павлолар) және Қырғыз Республикасынан барлығы: 16 командадан, 102 спортшы қатысты. Оның ішінде: хдсш-11, сш-26, сшк-45, І дәрежелі-16. Турнир 9 турдан швейцар жүйесімен жекелей-командалық есепте өткізілді.
Турнирдің қорытындысы бойынша жекелей есепте, ерлер арасында:
І орын – Нұрбек Қабиев (Ақтөбе);
ІІ орын – Серік Ақтаев (ОҚО);
ІІІ орын – Жанат Қаймолдин (Павлодар).
Жекелей есепте, әйелдер арасында:
І орын – Қымбат Нөсерова (Қостанай);
ІІ орын – Салтанат Сапарбекова (ОҚО);
ІІІ орын – Диана Кенина (Ақтөбе).
Командалық есепте:
І орын – Павлодар облысы;
ІІ орын – Ақтөбе облысы;
ІІІ орын – Қостанай облысы.

