Қызылордалық спортшылар ел чемпионатынан 11 медальмен оралды
Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласында дзю-додан 1998-1999-2000 жылдары туылған жасөспірімдер арасында Қазақстан чемпионаты өтті. Жарысқа еліміздің барлық өңірінен 600-ге жуық спортшы қатысты. Жарыс ұлдар арасында 9 салмақта, қыздар арасында 8 салмақта өткізілді. Бұл туралы облыстық Дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.
Дүбірлі бәсекеде Қызылорда облысының спортшылары 3 алтын, 3 күміс, 5 қола медальмен жалпыкомандалық есепте екінші орынды иеленді. Бірінші орында — Алматы облысы, үшінші орында Жамбыл облысы спортшылары.
Автор: Елубай Әуезов 

Басты сөздер: Қызылорда облысы , Спорт
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат

