Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«Астана Арландары» қатарынан сегiзiншi жеңiсiне қол жеткiздi

«Астана Арландары» Бүкiләлемдiк бокс сериясының (WSB) кезектi матчында «Касикес Венесуэла» командасын тiзе бүктiрдi.

Венесуэлада өткен кездесуде қазақстандық боксшылар 3:2 есебiмен жеңiске жеттi. Соңғы маңызды ұпайды 91 келiден жоғары салмақта Филипп Хргович алып бердi. Екiншi раундта ол Эдгар Муньосты сұлатты. Осылайша, «Астана Арландары» қатарынан сегiзiншi рет жеңiске жетiп отыр.

 
0
0
252

Осы тақырып бойынша

«Астана Арландары» қатарынан сегiзiншi жеңiсiне қол жеткiздi - Yvision.kz