Денис Тен мен Абзал Рақымғалиев төрт континент чемпионатында қысқа бағдарламада өнер көрсетеді
Бүгін Корея астанасы Сеулде төрт континент чемпионаты басталды, деп хабарлады Sports.kz.
Ерлер қысқа бағдарламада өнер көрсетеді. Жарысқа 26 спортшы қатысуда, соның ішінде екі қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы — Денис Тен мен Абзал Рақымғалиев бар.
Қысқа бағдарлама Астана уақытымен сағат 14:15 басталады. «KAZsport» арнасы жарысты тікелей эфирде көрсетеді.
Басты сөздер: Спорт
АСТАНА. ҚазАқпарат

