Мазмұнға өту
kazsportagent

Kazsport agent

@kazsportagent

Сайтта 2012 ж. 28 желтоқсанКазахстан, Астана

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ СПОРТ ЖӘНЕ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ІСТЕРІ АГЕНТТІГІ

рейтинг

100

жазбалар

4 640

пікірлер

0

тіркелуші

17

жазылымдар

442

Футболдан Қазақстанның жасөспірімдер құрамасы Түркиядан 1:3 есебімен жеңіліп қалды

 

Бүгін Санкт-Петербургте Қазақстанның 19 жасқа дейінгі жасөспірімдер құрамасы жарыстың топтық деңгейіндегі үшінші, қорытынды ойынын өткізді. Өкінішке қарай, олар Түркия құрамасынан 1:3 есебімен жеңіліп қалды, деп хабарлайды «Астана» ФК-ның баспасөз қызметі.

«Бұл ойында «Астана» футбол клубының атынан екі спортшы өнер көрсетті. Олар: Абылайхан Ысмайылов және Абай Жүнісов. Қос астаналық та ойынға бастан-аяқ қатысты. Елордалық клубтың үшінші өкілі – Әділ Балғабаев қосалқы ойыншылар қатарында болып, ойынға қатысқан жоқ», – делінген хабарламада

 

http://kk.sport.gov.kz/?p=5789

0
0
253

Дәстүрлі спартакиада өтті

 

Астанада Еуразия ұлттық университетінің оқытушы профессорлары арасындағы «Денсаулық пен сергектік» атты дәстүрлі спартакиада жалғасуда.

Жарыстың бірінші күні әуесқой спортшылар арасында волейболдан топтық кезең кездесулері өтті. Бұл спорт түріне 2 топқа бөлінген 16 құрама қатысуда. Әзірге халықаралық қатынастар және журналистика факультетінің құрамалары қарсыластарының барлығынан басым түсіп, топ басында келе жатыр. Спортшылар алда әлі 11 спорт түрінен сынға түседі. Жарыстың жалпы қорытындысы 30 қаңтарда белгілі болады.

0
0
390

«Астана» Africa Eco Race раллиінің 10-шы кезеңінде мәреге жетті

Africa Eco Race раллиінің тағы бір жарыс күні аяқталды. Жарысқа қатысушылар Тенадиден Кобаға дейін 648 шақырымды жүріп өтті. Бүгін, 9-шы қаңтарда жарыстың соңғы кезеңі өтеді, деп хабарлады Astana Racing Team-ның баспасөз қызметі. Осы кезеңнің қорытындылары бойынша, «Астана» экипаждары жақсы нәтижелер көрсетті. MEBAR M440 автокөлігіндегі Қанат Шағыров пен Александр Мороздың экипажы жалпы есепте 11 –ші орында тұрақтады. Бұл команда 10-шы кезеңнің нәтижелері бойынша Т2 категориясында тағы бір мәрте бірінші орынға иеленді. Bowler автокөлігіндегі Юрий Сазонов пен Арслан Сахимовтың экипажына келетін болсақ, олар бас турнир кестесінде 18-ші орынға ие болды. Арнайы учаскенің 196 шақырымын Шағыров-Мороз 4 сағат 6 минут 15 секундта жүріп өтсе, осы дистанцияны Сазонов-Сахимов экипажы 4 сағат 45 секу…

0
0
270

«Герман қырандарымен» айқасатын «арландар» анықталды

12 қаңтарда қазақтың «Астана арландары» жартылай кәсіпқой бокс клубы Ганновер қаласында жергілікті «Герман қырандарымен» жекпе-жек кешін өткізеді. Осыған орай, бапкерлер алқасы немістердің командасына қарсы шаршы алаңға шығатын боксшыларын анықтады.

     

sport.gov.kz

0
0
335

2013 жылы өтетін халықаралық спорт жарыстары

2013 жылы көптеген халықаралық жарыстар өтеді. Оның ішінде Алматыда өтетін бокстан әлем чемпионаты бар. Одан бөлек, биыл 2020 жылғы олимпиаданы қабылдайтын қала анықталады. Қаңтардың 11-і күні Испанияда гандболдан ерлер арасындағы әлем чемпионаты басталады. Бұл жарысқа 24 мемлекеттің командасы қатысады. 15 күнге созылады. Финал – қаңтардың 27-сі. Ал қаңтардың 15-і Оңтүстік Африка Республикасында футболдан Африка чемпионаты басталады. Жарысқа құрлықтың 16 елі жолдама алған. Біріншіліктің финалы ақпанның 10-ы күні Йоханнесбургтегі «Соккер Сити» қаласында өтеді. ЧЕМПИОНДАР ЛИГАСЫНЫҢ ФИНАЛЫ Ақпанның 7-сі мен 17-сі аралығында Чехияның Нове-Место қаласында биатлоннан әлем чемпионаты өтеді. Бұл жарысқа Қазақстаннан сегіз спортшы қатысады. Олардың арасында 2010 жылғы Ванкувер (Канада) олимпиадасы…

0
0
648