«Астана» Africa Eco Race раллиінің 10-шы кезеңінде мәреге жетті
Africa Eco Race раллиінің тағы бір жарыс күні аяқталды. Жарысқа қатысушылар Тенадиден Кобаға дейін 648 шақырымды жүріп өтті. Бүгін, 9-шы қаңтарда жарыстың соңғы кезеңі өтеді, деп хабарлады Astana Racing Team-ның баспасөз қызметі.
Осы кезеңнің қорытындылары бойынша, «Астана» экипаждары жақсы нәтижелер көрсетті. MEBAR M440 автокөлігіндегі Қанат Шағыров пен Александр Мороздың экипажы жалпы есепте 11 –ші орында тұрақтады. Бұл команда 10-шы кезеңнің нәтижелері бойынша Т2 категориясында тағы бір мәрте бірінші орынға иеленді.
Bowler автокөлігіндегі Юрий Сазонов пен Арслан Сахимовтың экипажына келетін болсақ, олар бас турнир кестесінде 18-ші орынға ие болды.
Арнайы учаскенің 196 шақырымын Шағыров-Мороз 4 сағат 6 минут 15 секундта жүріп өтсе, осы дистанцияны Сазонов-Сахимов экипажы 4 сағат 45 секундта жүріп өтті.
Africa Eco Race халықаралық ралли рейдінің оныншы кезеңі Сенегал аумағында өтіп, Дакардағы Розовый көлінде аяқталады.

