Қазақстан құрамасын Какау жаттықтырады
— Какаудың алдына қойып отырған тапсырмамыз да оңай емес. Еуропа біріншілігінің іріктеу турнирінде өз тобымызда екінші орын алуымыз керек. Алайда, сәтін салса, үшінші орынмен да Еуропа чемпионатына қатысуға болады. Бүгін Қазақстан футбол федерациясының атқарушы директоры Олжас Абраев көпшілікке футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасының жаңа бас бапкерін таныстырды. Cонымен, шағын футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері болып 41 жастағы бразилиялық маман Рикардо Камара Собрал тағайындалды. Футзал әлемінде Какау деген атпен танымал бұл маман Қазақстан жанкүйерлеріне жақсы таныс. Ойыншы ретінде бес жылдай «Қайрат» футзал клубының намысын қорғап, команданы өрге сүйреген. «Қайраттың» сапында УЕФА кубогының қола жүлдегері атанған. Бапкер ретінде Чехияның «Эра-Пак Хрудим» клубын жаттықты…







