Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

ТОҒЫЗҚҰМАЛАҚТАН Қазақстан Республикасының жекелей Чемпионатының ЕСЕБІ

 

2013 жылдың 4-13 ақпан  аралығында с каласында тоғызқұмалақтан Қазақстан Республикасының ерлер  және әйелдер арасындағы жекелей чемпионаты өтті. Жарысқа 13 облыс және Астана, Алматы қалаларынан 104 спортшы қатысты (ерлер арасында — 51 спортшы, әйелдер арасында — 53 спортшы).

Оның ішінде: 1 — Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері,   10 — халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 22 — спорт шебері және 39 — спорт шеберлігіне үміткер өнер көрсетті. Жарыс 9 турда  швейцар жүйесімен, классика, шапшаң және рапид түрлері бойынша өткізілді.  Жарыстың бас төрешісі — жоғары дәрежелі ұлттық төреші Ш.Кашкенов (Павлодар облысы) және бас хатшы — жоғары дәрежелі ұлттық төреші Б.Толегенов (Ақтөбе облысы) болды.

Жарысқа Астана қаласы, Қызылорда, Ақтөбе, Павлодар, Алматы, Қостанай, Батыс Қазақстан, Шығыс Казақстан және Оңтүстік Қазақстан облысының спортшылары жақсы дайындықпен келгенін көрсетіп, медалдар осы өңірлердің спортшыларына бұйырды.

Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлері:

ерлер- классика: 1 орын – Жанат Каймульдин – 7,5 ұпай (Павлодар)                              жаттықтырушысы – ҚР Еңбек сіңірген жаттықтырушы А.Капаев

2   орын – Айдос Сейтжан  - 7 ұпай (Астана)

3   орын –  Ғалымжан Темірбаев — 7 ұпай (ОҚО)

 

қыздар классика: 1 орын — Әсел Далиева – 8,5 ұпай (Қызылорда) — жаттықтырушысы – ҚР Еңбек сіңірген жаттықтырушы Е.Иманбаев

2   орын – Диана Кенина – 7,5 ұпай (Ақтөбе)

3   орын –  Салтанат Сапарбекова — 7 ұпай (ОҚО.)

 

ерлер шапшаң: 1 орын – Алмаз Жақсылыков — 7,5 ұпай (ШҚО) —                     жаттықтырушысы – Гулжанат  Нұрсултанова

2 орын –  Серік Ақтаев   - 7.5 ұпай (ОҚО)

3 орын– Сабит Сапарбеков – 7 ұпай(ОКО)

3 орын – Нұрбек  Құрманов7 ұпай(Астана)

 

қыздар шапшаң: 1орын- Әсел Далиева – 7.5 ұпай (Қызылорда) — жаттықтырушысы – ҚР Еңбек сіңірген жаттықтырушы Е.Иманбаев

2  орын – Салтанат Сапарбекова — 7 ұпай (ОҚО.)

3  орын — Диана Кенина — 7 ұпай (Ақтөбе обл.)

3 орын- Ақшолпан Айғалиева – 7 ұпай (БҚО)

 

ерлер рапид: 1 орын – Ғалымжан Темірбаев – 7.5 ұпай (ОҚО) — жаттықтырушысы – ҚР Еңбек сіңірген жаттықтырушы К.Көпбаева

2 орын – Медет Бигазин — 7 ұпай (Қостанай)

3орын –Хакімжан Елеусинов–7ұпай (Қызылорда)

 

қыздар рапид: 1 орын —  Роза Раимбекова – 8.5 ұпай (Павлодар) — жаттықтырушысы – ҚР Еңбек сіңірген жаттықтырушы А. Капаев

2  орын – Айнур Молдахметова – 7 ұпай (Алматы обл.)

3  орын – Алтынгуль Нагымова – 7  ұпай (Алматы обл)

 

Медаль саны бойынша:

1. Қызылорда облысы – 2 алтын, 1 қола

2. Павлодар  облысы – 2 алтын

3. ОҚО – 1 алтын,  2 күміс, 3 қола

4. ШҚО-1 алтын

5. Астана қаласы – 1 күміс,  1 қола

6. Алматы облысы — 1 күміс, 1 қола

7. Ақтөбе облысы – 1 күміс, 1 қола

8. Қостанай облысы -1 күміс

9. БҚО – 1 қола

Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің баспасөз қызметі

 
0
0
965

Осы тақырып бойынша

ТОҒЫЗҚҰМАЛАҚТАН Қазақстан Республикасының жекелей Чемпионатының ЕСЕБІ - Yvision.kz