Мазмұнға өту
kazsportagent

Kazsport agent

@kazsportagent

Сайтта 2012 ж. 28 желтоқсанКазахстан, Астана

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ СПОРТ ЖӘНЕ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ІСТЕРІ АГЕНТТІГІ

рейтинг

100

жазбалар

4 640

пікірлер

0

тіркелуші

17

жазылымдар

442

Дычко мен Ақшалов WSB финалында «Астана Арланс» клубының намысын қорғайды

 

Қазақстандық боксшылар Мерей Ақшалов (61 кг дейін) пен Иван Дычко (91 кг жоғары) Дүниежүзілік бокс сериясының финалында «Украиналық Атамандармен» шаршы алаңға шығады, деп хабарлайды Sports.kz.

«Сіздер Астанадағы финалда Иван Дычко мен Мерей Ақшаловтың жұдырықтасуын тамашалай аласыздар», – деді «Астана Арланс» клубының бас директоры Болат Манкенов.

Еске сала кетсек, WSB-дің шешуші жарысы Астанада 10-11 мамыр күндері өтеді.


0
0
294

Алматы 2019 жылы шаңғы спорттарынан әлем біріншілігін өткізуге өтініш берді

Халықаралық шаңғы спортының федерациясы (FIS) өз құзырындағы спорт түрлері бойынша 2018-2019 жылғы әлем чемпионатына өтініштерді қабылдауды аяқтады. Оған Қазақстан 2019 жылы Алматыда шаңғы жарыстарынан әлем чемпионатын өткізуге өтініш берген еді. Осы біріншілікте шаңғы спорттарының ішінде шаңғы жарысы, трамплиннен шаңғыдан секіру және шаңғы қос сайысы кіреді деп хабарлайды Sports.kz сайты. «2018-2019 жылдары Шаңғы жарыстарының әлем чемпионатын өткізуге өтініш қабылдау 1 мамыр күні аяқталды. 2019 жылы Шаңғы спорттарынан әлем чемпионатын өткізуге бәсекелестер көп болды. Айталық, Алматы (Қазақстан), Оберстдорф (Германия), Планица (Словения) және Зеефельдтер (Австрия) әлем біріншілігін өткізуге ниет білдірген. 2019 жылы тау шаңғысы бойынша әлем біріншілігін өткізуге Аре (Швеция) мен Кортина д…

0
0
438

Қазақстандық үш спортшы әлемнің үздік палуандары рейтингіне енді

Фото дерек көзі: wrestling.kz. Қазақстандық палуан Нұрмахан Тінәлиев 120 кг жоғары салмақ дәрежесінің жаңартылған әлемдік рейтингінде үшінші орынға жайғасты, деп хабарлайды Vesti.kz. «Қазақстанның грек-рим, еркін және әйелдер арасындағы күрес федерациясының ақпараты бойынша, рейтинге мықты деген он атлет қана кіреді. Нұрмаханның рейтингке кіріуіне жақында ғана Үндістанда өткен Азия чемпионатындағы жеңісі көп ықпал етті. Бұл рейтингте екінші орында украиндық Андрей Орлов тұрса, түрік палуаны Риза Каяалп көш бастап тұр», – делінген хабарламада. Сондай-ақ, қазақстандық тағы екі спортшы үздік ондыққа кірді. Ербол Қоңыратов 66 кг дейінгі салмақ дәрежесіндегі рейтингті қорытындылап тұрса, Ерұлан Ысқақов 96 кг дейінгі салмақ дәрежесіндегі ондықта сегізінші орында тұр. Жоғарыда аталған Азия чемпи…

0
0
2705

Ә.Ниязымбетов: 7 мамыр – еліміздің қорғаныс қабілетінің кемелденгенін айғақтайтын мереке

7 мамыр – Отан қорғаушы күні еліміздің қорғаныс қабілетінің кемелденгенін айғақтайтын мереке. BNews.kz тілшісіне берген сұхбатында еліміздің белгілі боксшысы, Лондон Олимпиадасының күміс жүлдегері Әділбек Ниязымбетов осындай пікір білдірді. «Бұл күн – қайсар мінезді ата-бабамыздың жауынгерлік дәстүрінің заңды жалғасын тапқан күні. 7 мамыр – Отанына адал, елін, жерін қорғауға әрқашан әзір ер азаматтардың мерекесі. Бұл күн — батырлық пен ерліктің, қайсарлық пен өрліктің, шыдамдылық пен төзімділіктің мерекесі деп есептеймін», — деді боксшы. Олимпиаданың күміс жүлдегері бұл мерекенің мемлекеттік мәртебе алып, кең ауқымда атап өтілуінің маңызы зор дейді. «Бұл күннің жастарымыздың бойында патриоттық сезімді тәрбиелеуде маңызы үлкен. Қазіргі күні жастарымыздың бойында отансүйгіштік рух бар деп о…

0
0
297

Қазақстандық Самат Сымақов пен Давид Лория Түркия лигасының үздік футболшысы атанды

«Чайкур Ризеспор» футбол клубының қазақстандық ойыншылары Самат Сымақов пен Давид Лория Marka-Futbol интернет газетінің нұсқасы бойынша РТТ 1 lig лигасында (Түркияның 1-лигасы) үздік футболшы атанды, деп хабарлайды Sports.kz. «Бұл газет екі жылдан бері Түркияда кең танымалдылыққа ие. Чемпионат аяқталғаннан кейін Marka-Futbol сарапшылары командалар ойынына талдау жасады, қазақ футболшысы Самат Сымақов «Лигадағы үздік орталық жартылай қорғаушы» номинациясын жеңіп алды, ал қақпашы Давид Лория «Лиганың үздік қақпашысы» номинациясында бірінші орынға ие болды», — делінген хабарламада. Marka-Futbol сарапшылары бұл Түркия футболындағы қазақстандықтардың биылғы алғашқы ірі жетістігі деп есептейді. Самат пен Давид енді Дирк Кайт, Мусса Соу, Бурак, Весли Снейдер, Николя Анелька және Дидье Дрогба сия…

0
0
426

Денис Тен Алматыда шоу өткізбек

Мәнерлеп сырғанаудан Әлем біріншілігінің күміс жүлдегері Денис Тен Алматыда да әлемді мойындатқан мәнерлеп сырғанаушыларды жинап, шоу өткізбекші. Бұл туралы спортшы өзінің туиттер парақшасында мәлімдеді. «Денис Тен және оның достары» атты шоу 24 мамыр күні Балуан Шолақ атындағы спорт ғимаратының мұз айдынында өтетін болады. Ал , 25 мамыр күні Тен өзінің достарын елордамыз Астана қаласына ертіп барады. Ол жақта Алау спорт кешенінде де дәл осылай аталатын шоу-концертін ұйымдастырады. «Алматы қаласында да біздің ұйымдастыруымызбен өтетін шоуға шақырамын. 24 мамыр Алматы қаласында Балуан Шолақ кешенінде, 25 мамыр күні Астанада Алау спорт ғимаратында болады бұл қойылымдар. Бірінші рет Қазақстанға мәнерлеп сырғанаудан әлемнің жұлдыздары жиналады. Қатысушылардың ішінде 7 спортшы Олимпиада ойында…

0
0
367

Футболдан Қазақстан жастар құрамасы «Миланды» ұтты

 

21 жасқа дейінгі Қазақстанның жастар құрамасы «Милан» жастар командасымен футболдан халықаралық жолдастық кездесу өткізді, деп хабарлайды Sports.kz.

Алдымен павлодарлық «Ертістің» жартылай қорғаушысы Әлібек Аяғанов дубль жасады, содан кейін Альберто Спаньоли бір гол соқты, қорытынды есеп – 2:1.

«Милан» (жастар командасы) — Қазақстан U-21 1:2 (0:1)

Голдар: Аяғанов 23 (0:1), Аяғанов 58 (0:2), Спаньоли 74 (1:2).

0
0
313

«Шахтер» «Қайратты» ширек финалға жібермеді

Футболдан Қазақстан кубогының 1/8-финалы толығымен аяқталып, ширек финалға жолдама алған сегіз команданыңбарлығы да анықталды. Бүгін Теміртауда Қарағандының«Шахтері» Алматының «Қайратын» қабылдап, 2:1 есебімен жеңіске жетті. «Шахтер» (Қарағанды) — «Қайрат» (Алматы) 2:1 (2:0) Голдар: Симчевич, 11. Финонченко, 41 — Кислицын, 76. Екі команда да өз ойындарын енді ғана тауып келе жатқан командалар. Соңғы кездері ішкі біріншілікте сәтті өнер көрсете бастады. Дегенмен, Теміртауда «кеншілердің» жолы болды. Алдымен ойынның 11 минутында команда капитаны Андрей Финонченконың әдемі пасын голға айналдырған Александр Симчевич алаң иелерін алға шығарса, үзіліске бес минут қалғанда капитанның өзі де гол соғып, қонақтардың жағдайын одан бетер қиындатты. Екінші тайм тіптен тартысты өтті. Үзіліске дейін тек…

0
0
438

«Сарыарқа» ақтық сында сүрінді

Сонымен, «Сарыарқа» ақтық сында сүрінді. Финалға дейін күш-жігерін сарқып алды ма, әлде «Торостың» бас бапкері Руслан Сулейманов Кирдяшовтан айласын асырып кетті ме, жоқ әлде басқадай сыры бар ма, белгісіз. Ресейдің Жоғары хоккей лигасын дүрліктірген Қарағандының«Сарыарқасы» финалға жетіп сүрінді. ЖХЛ-дағы Қарағанды ертегісі дейсіз бе, әлде ерлігі немесе дастаны деп түзетесіз бе, өз еркіңіз. Биылғы маусымда аталмыш лиганы сүйсіндіріп, сергелдеңге түсірген «Сарыарқаның» осы «ертегісі» мен жарқын ойындары соңғы матчта жеңіліске ұшыраумен тамамдалды. «Сарыарқа» биыл Ресейдің Жоғары хоккей лигасына үстемдік құрып, негізгі додасында топ жарған. 52 ойыннан 115 ұпай жинап, бәрінен асып түсті. Ол, ол ма,қатарынан 23 ойында жеңіске жетіп, аталмыш лиганың рекордын жаңартты. Ресей клубтарын үй демей…

0
0
357

Қазақстанның «Астана» велокомандасы Giro d’Italia маусымының алғашқы құрамын жария өтті

   

Қазақстанның «Астана» велокомандасы  Giro d’Italia маусымының үш гранд турының біріншісінің құрамын жария етті, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі велокоманданың ресми сайтына сілтеме жасай отырып.

Командаға итальялық велошабандоз Винченцо Нибали жетекшілік етеді. Құрама келесідей тізіммен жасақталған:

Андрей Зейц (Қазақстан),

Паоло Тиралонго (Италия),

Валерио Агноли (Италия),

Дмитрий Груздев (Қазақстан),

Фредник Кесьякофф (Швеция),

Фабио Ару (Италия),

Танел Кангерт (Эстония),

Алекссандро Ванотти (Италия).

Giro d’Italia жарысы 4 мамыр күні басталып, 26 мамырда мәресіне жетеді.

0
0
246