Мазмұнға өту
kazsportagent

Kazsport agent

@kazsportagent

Сайтта 2012 ж. 28 желтоқсанКазахстан, Астана

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ СПОРТ ЖӘНЕ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ІСТЕРІ АГЕНТТІГІ

рейтинг

100

жазбалар

4 640

пікірлер

0

тіркелуші

17

жазылымдар

442

Астана «Олимпиада күнін» атап өтуге дайындалуда

18-19 мамырда дәстүр бойынша Қазақстанның барлық спорт қоғамдастығы Олимпиада күнін атап өтеді. Бұл күндері астаналықтар керемет қызықты іс-шараларды тамашалайды. Бұл туралы astana.kz сайты ҚР Ұлттық олимпиада комитетіне сілтеме жасап хабарлады. Комитеттің мәліметі бойынша, «Олимпиада күнінің» елордада салтанатты ашылуы 18 мамырда 10:30-да «Астана-Бәйтерек» монументі жанында өтеді. Мереке бағдарламасында – түрлі ара қашықтықтарға жүгіру, балалардың тас жолдың үстіне сурет салуы, қысқы Олимпиадалық ойындар бойынша викторина сұрақтары, басқа да жарыстар қарастырылған. Астанадағы олимпиадалық жарысқа 5 мыңнан астам адам қатысады деп жоспарлануда. Олимпиада күніне қатысып, өзінің бағын сынап көруге жасына қарамастан, кез келген тілек білдіруші адамның мүмкіндігі бар. «Олимпиада күнінің жеңімп…

0
0
351

Бақыт Ахметов, «Әлем чемпионатынан үш алтын аламыз деп ойлап едім»

— Біз Жазираны алтын алады деп ойлағанбыз. Бірақ қытайлық қыз да қарымды болып шықты. Ал Карина Горичева ұшаққа отырғанда дене қызуы көтеріліп, сырқаттанып қалды. Әйтпесе, әлеуеті алтын алуға жетер еді. Перу астанасы Лима қаласында ауыр атлетикадан жастар арасында әлем чемпио­наты өтiп, үш бойжеткеніміз қатысты. 75 келi салмақта Анастасия Швабауэр әлем чемпионы атанса,69 келi салмақта сынға түскен Жазира Жаппарқұл күмiспен күптелді. Өкінішке қарай, ү шiншi аруымыз Карина Горичева жүлдесiз қалды. Жастар құрамасының аға бапкерi Бақыт Ахметов Каринаныңсырқаттанып қалғанын айтып, әйтпесе тәуiр нәтиже көрсететiн едi дейдi. Бақыт Ахметов, Қазақстан жастар құрамасының аға бапкері: — Перуге толық құрамда бара алмадық. Себебi маусым айының соңында Астанада ауыр атлетикадан Азия чемпионаты өтедi. Қ…

0
0
495

«Таразды» түлен түртті ме?..

Бір жылдың ішінде жеңіске деген арандары ашыла түскен бе, «Тараз» басшылары білікті бапкерін орнынан қағып тастапты. Қазекем «семіздікті қой ғана көтереді» деуші еді, бұл шешім сол «семіздіктің» кері болмаса жақсы… Тараз топырағынан талай талантты футболшы түлеп ұшты. Тараз топырағы талай тарланбоздың тұсауын кесті. Алайда соңғы жылдары «Тараз» футбол клубының тасы өрге домалай қоймады.Қалтасы жұқа болды ма, құрылтайшысы қоңды болмады ма, әйтеуір кежегесі кейін тартып, бірінші топқа түсіп қалған кезі де болды. Содан былтыр шежіресі мол клубтың тізгіні төрткүл дүниеге танымал Любомир Петрович ақсақалға тапсырылды. Серб маманы шынымен де білікті бапкер екен, «Таразды» түлетті. Ойын өрнегін жетілдіріп, азуын айға білеген айбынды командалармен тайталасатын деңгейге жеткізді. Биылғы маусымды д…

0
0
557

Ынтымақ бар жерде мақсат та бар

Ерлер арасындағы ел баскетболында жаңалық көп. Ең бастысы, ҚР баскет­бол федерациясы мен «Астана» клубы арасында ынтымақтастық орнағандай. Қазір осы екеуі ұлттық құрама мүддесі үшін тізе қоса әрекет етуде. Ерлер арасындағы ел баскетболында жаңалық көп. Ең бастысы, ҚР баскет­бол федерациясы мен «Астана» клубы арасында ынтымақтастықорнағандай. Қазір осы екеуі ұлттық құрама мүддесі үшін тізе қоса әрекет етуде. Ел чемпионаты Халықаралық ВТБ бірегей лигасында өнер көрсететін, құрамын деңгейі жоғары легионерлермен жасақтап алған «Астана» клубы биыл да ел чемпионы атанды.Ұлт­тық лигада додаға түскен еліміздің маң­дайалды алты клубының алғашқы төрттік­ке ілікендері ел біріншілігінің жүлделі орын­дарын сарапқа салған. «Тобыл» (Қос­та­най) және «Алматы» биылғы маусымда бесінші және алтыншы орындарм…

0
0
541

Қайрат Тұрлыханов Халықаралық ауыр атлетика федерациясының вице-президентігінен үміткер

Қайрат Тұрлыханов Халықаралық ауыр атлетика федерациясының вице-президентігінен үміткер 20-22 мамыр аралығында Мәскеуде Халықаралық ауыр атлетика федерациясының (IWF) конгрессі өтеді. Оған осы саланың басы-қасында жүрген барлық лауазым иелері қатысады. Күн тәртібінде көптеген мәселелер тұр. Соның арасындағы ең негізгісі – аталмыш ұйымның президенті, вице-президенттері және өзге де басшылық қызмет атқаратын басқа да лауазым иелерін сайлау. Бақ сынауға бел буғандар арасында Қазақстан Республикасы ауыр атлетика федерациясының президенті, Азия конфедерациясының вице-президенті Қайрат Тұрлыханов мырза да бар. 2001 жылдан бері осы қызметтің тізгінін ұстаған айтулы азамат сол уақыт аралығында көптеген шаруа тындырғанын дүйым жұрт жақсы біледі. Ең бастысы, осы спорт түріндегі күрмеуі көп мәселеле…

0
0
608

Алматыда веложарыс өтеді

 

19 мамырда Алматыда Халықаралық Олимпиада күніне арналған веложарыс өтеді, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Веложарысқа Азияның ІХ клубтық чемпионатында алтын медальді иеленген «Астана» алматылық клубының ватерполистері, сондай-ақ «Бірінші болу батылдық» қайырымдылық марафонының ұйымдастырушылары қатысады.

Веложарыс бағыты: Әл-Фараби даңғылынан, Тәттімбет көшесінің бұрылысы (үңгіртау) – Әл-Фараби даңғылымен – Науаи көшесіне дейін – Мұстафин көшесіне дейін.

Веложарысқа қатысушылар сағат 08:00-де жиналады. Веложарыс 08:30-да басталады. Белгіленген нүкте – Тұңғыш Президент саябағы. Жарысқа белсенді қатысқандар естелік сыйлықтармен марапатталады.

Қатысамын деушілердің барлығына есік ашық!

0
0
784

Алматыда премьер-лиганың XI турының матчтарына төрешілер тағайындалды

 

Алматыда премьер-лиганың XI турының матчтарына төрешілер тағайындалды, деп хабарлады BNews.kz тілшісі «Қайрат» ФК-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Премьер-лиганың он бірінші турының матчтарына қызмет көрсететін арбитрлер анықталды. Футболдан Қазақстан чемпионатының 10-шы турының матчы «Ертіс» және «Қайрат» командаларының арасында өтеді. Матч 18 мамыр күні сағат 17:00-те Павлодар қаласында болады, ойында 38-жасар FIFA рефериі Александр Гаузер төрешілік атқарады.

Ертіс — Қайрат

Төрешілер: Александр Гаузер (Петропавл), көмекшілері: Виталий Дерцапф (Орал), Санжар Ысқақов (Қостанай)

Резервтегі төреші: Виктор Антонов (Павлодар)

Дубльдің бас төрешісі: Дәурен Сәрсенбаев (Павлодар)

Инспектор: Сергей Кенетаев (Астана).

0
0
240

Ақмолалық ауыр атлет жастар арасындағы әлем чемпионатында абсолютті чемпион атанды

Лимада өткен ауыр атлетикадан жастар арасындағы әлем чемпионатында 75 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде ақмолалық спортшы, Бөгенбай батыр атындағы дарынды спортшы балаларға арналған облыстық мектеп-интернаттың тәрбиеленушісі, халықаралық дәрежедегі спорт шебері Анастасия Швабауэр абсолютті чемпион атанды, өңір әкімінің баспасөз қызметі. «Анастасия өзінің 15 қарсыласынан жұлқа көтеруден де, серпе көтеруден де және қоссайыс қорытындысы бойынша да басым түсті. Ақмолалық спортшы жалпы 224 келіні бағындырып, күміс олжалаған АҚШ спортшысы Ливетт Дженни Артурдан 10 келі артық көтерді. «Қола» канадалық Иоани Филиатроның еншісінде кетті», — делінген хабарламада. Анастасияның халықаралық ареналарда еліміздің көк байрағын алғаш рет көтеріп отырған жоқ. Ол 2010-2012 жылдары жасөспірімдер арасындағы А…

0
0
240

«Астана» велошабандозы Нибали — «Джиро д’Италия» жарысының оныншы кезеңінде үшінші орынды иеленді

«Астана» велошабандозы Винченцо Нибали — «Джиро д’Италия» жарысының оныншы кезеңінде үшінші орынды иеленді, деп хабарлады Sports.kz. «Sky» командасынан колумбиялық Ригоберто Уран «Джиро д’Италия» көпкүндігінің оныншы кезеңінің жеңімпазы атанды. Екінші орында «AG2R La Mondiale» командасынан Колумбияның тағы бір өкілі — Карлос Альберто Бетанкур, үшінші орында «Астана» командасынан италиялық Винченцо Нибали. Жалпы есепте Нибали алда келе жатыр, одан кейінгі орында «BMC» командасынан австралиялық Кадэл Эванс және Уран. «Джиро д’Италия», 10-ші кезең Корденонс — Альтопьяно дель Монтазио, 167 км 1. Ригоберто Уран (Колумбия, «Sky») — 4:37:42 2. Карлос Альберто Бетанкур (Колумбия, «AG2R La Mondiale») — +0:20 3. Винченцо Нибали (Италия, «Астана») — 0:31. Жалпы есеп 1. Винченцо Нибали (Италия, «Аста…

0
0
250

«Тараз» бас бапкерсіз қалды

«Кеше, яғни мамырдың 14-інде облыстық футбол федерациясы және «Тараз» футбол клубы басшылығының шешімімен команданың бас бапкері Любомир Петрович қызметінен босады», — деп хабарлайды «Тараз» футбол клубының ресми сайты. Бас бапкердің қызметін уақытша дубльдік құрамның аға жаттықтырушысы Нұрмат Мырзабаев атқаратын болады. Айта кетейік, Босния және Герцеговина елінен келген маман «Тараз» командасының тізгінін 2012 жылдың басында қолына алып, өткен маусымда клубты ел біріншілігінде төртінші орынға жеткізген болатын. Соңына дейін жүлдеге таласып, фавориттердің өздерін қаймықтырған. Сол көрсеткіштерді ескерген клуб басшылығы Петровичпен келісімшартты создырып, 1+1 жүйесімен құжатқа қайта қол қойған. Алайда, биылғы чемпионаттың 10-шы турынан кейін «отставкаға» жіберу туралы шешім шығарды. «Тара…

0
0
502