Мазмұнға өту
kazsportagent

Kazsport agent

@kazsportagent

Сайтта 2012 ж. 28 желтоқсанКазахстан, Астана

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ СПОРТ ЖӘНЕ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ІСТЕРІ АГЕНТТІГІ

рейтинг

100

жазбалар

4 640

пікірлер

0

тіркелуші

17

жазылымдар

442

Жақсылықтың жүлдесі үшін

Қызылордада қазақтың даңқты балуаны, Олимпиада ойындарының жеңімпазы, әлем чемпионы Жақсылық Үшкемпіровтің жүлдесі үшін грек-рим күресінен жастар арасында өткен республикалық турнир өз мәресіне жетті. Бұл жарысқа республикамыздың бар­­лық аймағынан келген 200-ден аса үміткер қатысты. Алғашқы күні төрт салмақдәрежесі бойынша же­ңім­­­­паздар мен жүлдегерлер анық­тал­ды. Осы турнирде топ жарған бал­уан­дар­ға спорт шебері атағы бе­­­­рі­­­ле­­­­тін­діктен, боз кілемге шыққан өрен­дердің барлығы да барын салуға тырысты. 50 және 96 келі салмақ дәрежесінде жарыс қожайындары топ жарды. Олар – Мейірман Әлізақ пен Ерсайын Сайфуллин. Алғашқысы шешуші тұста өзінің командалық әріптесі Нұржан Сәтмағамбетовті ұтса, екіншісі Қырғызстаннан келген Қамбар Жорабековті жеңді. 50 және 60 келі салмақтарда Жам…

0
0
535

Жамбылдың «Әулие-Ата» командасы көкпар жарысында жеңіске жетті

Тараз қаласындағы «Әулие-Ата» ипподромында өткен көкпардан әлем чемпионатының кубогі мен бас жүлде – 1 млн теңгені жамбылдық «Әулие-Ата» командасы жеңіп алды, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі., Үздік команда атағы үшін Алматы, Оңтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан мен Жамбыл облыстарынан (2 команда) қатысқан көкпаршылар бақ сынасқан болатын. Жоғарғы лигаға еліміздің ең үздік спортшылары іріктелген. Бауыржан Момышұлы атындағы ипподром алаңына бірінші болып Шымкент пен Жамбыл облысы Байзақ ауданының командалары шықты. Байзақ командасы үшін бұл осынау дәрежедегі алғашқы жекпе-жек. Сондықтан әлдеқайда тәжірибелі шымкенттік команда қарсыластарынан басым түсіп, 0:7 есебімен келесі айналымға өтті. Көкпардың қыр-сырын жақсы түсінетін көрермендер ойынның басынан-ақ таңдауларын «Әулие-Ата» командасына…

0
0
1583

«Барселона» жаттықтырушылары қазақстандық оқушыларға шеберлік-сабақтарын өткізеді

   

Испан футбол клубының ең мықты жаттықтырушылары екі апта бойы қазақстандық жас футболшыларға сабақ береді, деп хабарлайды жобаның ұйымдастырушылары.

«2013 жылдың 30-шы маусымы мен 13-ші шілдесі аралығында «Астана-Арена» стадионында елімізде теңдесі жоқ шара өтеді»,-деп жазылған хабарламада.

Біздің елімізде алғаш рет испандық «Барселона» клубының жаттықтырушылары 9-11 жас аралығындағы спорт мектептерінің оқушылары үшін екі апталық шеберлік сабақтарын өткізеді. Жаттығуға қатысу тегін.

Шараны «Назарбаев –Орталық» ММ, ҚР Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің қолдауымен «Қазақстанның спорттық технологиялар» ЖШС ұйымдастырады.

0
0
195

ҚР Президентінің кубогін Қазақстан құрамасы жеңіп алды

 

ҚР Президентінің кубогі үшін финалдық ойында Қазақстанның жастар құрамасы Иранды 1:0 есебімен ұтты, деп хабарлайды sports.kz.

Ойын барысындағы жалғыз голды алматылық «Қайраттың» жартылай қорғаушысы Максим Котов ойынның 82-ші минутында салды. Осылайша ол өз командасына жеңіс сыйлады.

Жарыстағы командаралардың қорытынды орналасу тізімі: 1. Қазақстан, 2. Иран, 3. Литва, 4. Әзірбайжан, 5. Грузия, 6. Қырғызстан, 7. «Ботафого», 8. Қытай.

0
0
226

С. Нұрмағамбетов жүлдесіне арналған бокстан халықаралық дода мәресіне жетті

Фото Азат Есембековтікі, BNews.kz Астанада Кеңес Одағының батыры, Халық қаһарманы Сағадат Нұрмағамбетов жүлдесіне арналған бокстан халықаралық турнир аяқталды, деп хабарлайды 24 KZ. Осымен 18-ші рет өткізіліп отырған бәсекеге биыл Ирак, Моңғолия, көршілес Өзбекстан, Тәжікстан, Ресей мен Украина боксшылары қатысқан болатын. 5 күнге созылған жарыс қорытындысы бойынша жеңіл салмақта жерлесіміз Әділет Қапезов жеңімпаз атанса, 52 келіде тағы бір қазақстандық Олжас Сәттібаевқа тең келер ешкім болмады. Сонымен қатар Ұлттық құрама сапындағы Жанболат Тілегенұлы, Бекман Сойлыбаевтар өз салмағында чемпион атанды. Айта кетейік, бұл халықаралық бәсекеде олимпиада жүлдегерлері Серік Сәпиев, Бақтияр Артаев, Мұхтархан Ділдәбеков және Геннадий Головкиндер өз уақытында өнер көрсетіп, жетістікке жеткен бола…

0
0
471

Винченцо Нибали «Джиро д’Италия» жарысының жалпы есебінде көш бастады

«Movistar» командасынан британдық Алекс Даусетт «Джиро д’Италия» жарысының сегізінші кезеңінде бөлек стартты жеке жарысының жеңімпазы атанды, деп хабарлады Sports.kz. Екінші орында Ұлыбританияның тағы бір өкілі «Sky» командасынан Брэдли Уиггинс, одан кейінгі орында «Астананың» екі өкілі — эстондық Танел Кангерт пен италиялық Винченцо Нибали. Жалпы есеп бойынша Нибали көш бастады, екінші орында «BMC» командасынан австралиялық Кадэл Эванс, үшінші орында «Blanco» командасынан голландық Роберт Гесинк. «Джиро д’Италия», 8-ші кезең. Габичче-Маре — Сальтара, бөлек стартты жеке жарыс (ITT), 54,8 км. 1. Алекс Даусетт (Ұлыбритания, «Movistar») — 1:16:27 2. Брэдли Уиггинс (Ұлыбритания, «Sky») — +0,10 3. Танел Кангерт (Эстония, «Астана») — +0,14 4. Винченцо Нибали (Италия, «Астана») — +0:21 Жалпы есе…

0
0
377

Петропавлда «Ұлы Жеңіс марафоны» өтті

 

Петропавлда «Ұлы Жеңіс марафоны» өтті. Жаппай жүгіруді жастар ұйымдары өткізді, деп хабарлады BNews.kz тілшісі.

«Ұлы Жеңістің 68-жылдығын мерекелеу шеңберінде жастар ұйымдарының бастамасымен «Ұлы Жеңіс марафоны» өтті. Оған жасотандықтар, жасұландықтар мен жасылелдіктер қатысты. Сондай-ақ, облыс спортшылары, Петропавл қаласының мектеп оқушылары мен колледж студенттері атсалысты. Барлығы 200 адам жүгірді», — деп мәлімдеді «Жас Отан» жастар қанатының төрағасы Самат Жәкенов.

Маршрут Петропавлдың орталық көшесі – Қазақстан Конституциясы бойымен өтіп, Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі стеласына дейін жалғасты.

0
0
267

Еліміздің құрамасын Сочи-2014 Олимпиадасына дайындау үшін 1 млрд-тан астам теңге қажет – СжәнеДШІА

Қазақстанның Ұлттық олимпиада құрамасын Сочиде өтетін қысқы ойындарға дайындық бойынша іс-шаралар өткізу үшін 1 млрд-тан астам теңге қажет, деп хабарлады Спорт және дене шынықтыру істері жөніндегі агенттік төрағасының орынбасары Елсияр Қанағатов Primeminister.kz сайтына берген эксклюзивті сұхбатында. «Таяу арада республикалық бюджеттік комиссиясы (РБК) Сочидегі Олимпиадаға команданы дайындау үшін қажетті 1 млрд теңге сомаға өтінім қаралады», — деді Е.Қанағатов. Олимпиада құрамасын дайындауға ағымдағы шығындар мәселесіне қатысты «қазір шығындарды есептеу өте қиын. Бұл жерде кешендік тәсіл. Бізде ұлттық командалар штаты дирекциясының қаражаты бөлінуде, «Самұрық-Қазына» қорының бас демеушісінен біз 472 млн теңге алдық, жергілікті деңгейде әкімдіктер спортшыларды қолдайды және оларға жағдай ж…

0
0
170

«Астана» шабандозы Нибали «Джиро д’Италия» додасының жалпы есебіндегі көшбасшылықты сақтап қалды

«Астана» велошабандозы Винченцо Нибали «Джиро д’Италия» көпкүндігінің жалпы есебіндегі көшбасшылықты сақтап қалды, деп хабарлайды Sports.kz. «Катюша» командасының мүшесі ресейлік Максим Бельков «Джиро д’Италия» көпкүндігінің тоғызыншы кезеңінде жеңімпаз атанды. Екінші және үшінші орындарды колумбиялық Карлос Альберто Бетанкур мен Жарлинсон Пантано (AG2R La Mondiale) иеленді. «Астана» командасынан италияндық Винченцо Нибали оныншы болып келді. Жалпы есепте Нибали көш бастаса, австралиялық Кадэл Эванс (BMC) пен голландиялық Роберт Гесинк (Blanco) одан кейінгі орындарға жайғасты. «Джиро д’Италия», 9-шы кезең Сансеполькро — Фиренце, 170 км 1. Максим Бельков (Ресей, «Катюша») — 4:31:31 2. Карлос Альберто Бетанкур (Колумбия, «AG2R La Mondiale») — +0:44 3. Жарлинсон Пантано (Колумбия) — +0:46 10…

0
0
239

«Қазақстан Барысы» на финишной прямой

Информация пресс-службы Фонда развития қазақ күресі «Қазақстан Барысы» «Қазақстан Барысы» на финишной прямой Еще три области в рядах «Қазақстан Барысы». Костанайская область сегодня определила судьбу золотого пояса «Қостанай қыраны» и финалистов самого масштабного проекта «Қазақстан Барысы». 19 самых сильных палуанов области, в числе которых и финалисты «Қазақстан Барысы-2012», встретились в Ледовом дворце г.Костаная. В День защитника отечества сильнейшим стал Мурат «Алып» Кентонов, в финальной схватке одолевший своего давнего соперника Максима «Ақ аю» Гербера. Таким образом, Костанайская область пока единственная область, которая сохранила своих финалистов прошлого сезона «Қазақстан Барысы». Мурат Кентонов на сегодняшний день является самым возрастным участником (43 года) в проекте. Ни р…

0
0
485