Мазмұнға өту
kazsportagent

Kazsport agent

@kazsportagent

Сайтта 2012 ж. 28 желтоқсанКазахстан, Астана

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ СПОРТ ЖӘНЕ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ІСТЕРІ АГЕНТТІГІ

рейтинг

100

жазбалар

4 640

пікірлер

0

тіркелуші

17

жазылымдар

442

Қазақстандық бірінші спорттық телеарна іске қосылады

Фото дереккөзі: megapolis.kz Ағымдағы жылдың 1 шілдесінен бастап бірінші отандық «KAZSPORT» спорттық телеарнасы өз жұмысын бастайды, деп хабарлайды ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің ресми сайты. «1 шілде күні қазақстандықтар кең ауқымды хабар тарататын Қазақстандағы алғашқы спорт арнасының жұмысына өз бағаларын бере алады», — деп хабарлады «Қазмедиа орталығының» сайты. «KAZSPORT» телеарнасы байрақты бәсекелерден хабарлар беретін болады: чемпионаттар мен республика кубоктарын, халықаралық турнирлерді, түрлі матчтарды, жарыс орындарынан қызықты хабарларды, жеңімпаздармен, жеңіліс тапқандармен, ұйымдастырушылармен сұхбаттарды, даңқты спортшылардың қатысуымен сюжеттерді көрсетеді. «Қазмедиа орталығы» «Қазақстан» ұлттық телеарнасымен бірлесіп, 15 маусымнан бастап тесті…

0
0
313

Петропавлда спорттық акробатикадан Қазақстан чемпионаты өтіп жатыр

   

Петропавлда спорттық акробатикадан Қазақстан чемпионаты өтіп жатыр, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

Жеткіншектер мен жастар арасындағы ел чемпионатына 8 қаладан келген 180 акробат қатысып жатыр.

«Жасы кіші спортшылар көпсайыстан, ал ересектері баланстық жаттығулар бойынша бақтарын сынайды. Спортшылардың құрамы мықты, халықаралық дәрежедегі спорт шебері, спорт шебері мен кандидаттар бар»,-деді сайыстың бас төрешісі Андрей Ямпольский.

Екібастұздан келген қыздар көркем композицияларын назарға ұсынды. 4 жылдан бері жаттығып жүрген спортшылар Азия чемпионатында екінші орынды жеңіп алған.

Акробатикадан ел чемпионаты үш күнге жалғасады, оның қорытындысы бойынша жеңіске жеткендер медальдермен және грамоталармен марапатталады.

0
0
269

Қазақстандық боксшылар Ресейден жеті алтын жүлдемен оралды

 

Кеңес Одағының Батыры Константин Коротковты еске алуға арналған халықаралық турнирде қазақстандық боксшылар командалық есепте бірінші орын алып, 7 алтын және 1 қола жеңіп алды. Хабаровскта өткен жарыс 19-шы мамырда мәреге жетті, деп хабарлайды Қазақстан бокс федерациясы.

«Қайрат Ералиев (56 кг), Берік Әбдірахманов (60 кг), Мерей Ақшалов (64 кг), Бақытжан Қожабеков (69), Нұрдәулет Жарманов (75 кг), Әділбек Ниязымбетов (81 кг), Иван Дычко (+91 кг) жеңіс тұғырына көтерілді. Антон Пинчук (91 кг) қола жүлде алды»,-деп жазылған хабарламада.

Қазақстан командасы барлық салмақ дәрежесінде өнер көрсетті. Алдын ала кезеңде Біржан Жақыпов пен Ілияс Сүлейменов жарыстан шығып қалды.

Турнирге 17 елден 99 спортшы қатысқан.

0
0
432

Алматыда қазақстандық олимпиадашылар веложүріске қатысты

Алматыда Халықаралық Олимпиада күніне арналған дәстүрлі веложарыс өтті, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Велошеруге Олимпиада чемпионы Ермахан Ибраимов, Пекин Олимпиадасының жүлдегері Нұрбақыт Теңізбаев, IX Азия клубтық чемпионатында алтыннан алқа таққан «Астана» клубының ватерполшылары және «Бірінші болу батылдық» II қайырымдылық марафонын ұйымдастырушылар Уәлихан Тен мен Салтанат Қазыбаева, Алматы әкімі Ахметжан Есімов қатысты. «Бұл шара қаламызда салауатты өмір салтын ұстанып қана қоймай, оны насихаттап жүрген белсенділердің саны күннен-күнге көбейіп келе жатқанын көрсетіп отыр. Бүгінгі веложүріске атақты қазақстандық спортшылар мен «Бірінші болу батылдық» марафонын ұйымдастырушылар қатысты», — деп хабарлады веложүріс кезінде Алматы ә…

0
0
383

Жұмасқалиев голдарының санын 145-ке жеткізді

 

Қостанайлық »Тобылдың» 32 жастағы капитаны Нұрбол Жұмасқалиев «Жетісу» қақпасына гол соғып, Премьер-лигадағы голдарының санын 145-ке жеткізді. Енді марқұм Олег Литвиненконың рекордын бұзу үшін Жұмасқалиевке небәріүш гол соғу ғана қалды.

Қазақстан біріншілігінің үздік сұрмергендері:

1) Олег Литвиненко 147 гол + 1 саналмай тасталды;

2) Нұрбол Жұмасқалиев 145;

3) Нүркен Мазбаев 142;

4) Мұрат Тілешев 136;

5) Андрей Мирошниченко 115.

 

Жалпы, кәсіпқой футболшылық ғұмырында Нұрбол Жұмасқалиевресми кездесулерде барлығы 161 гол соғыпты (біріншілік - 145, кубок - 3,ұлттық құрама - 6, еурокубок - 7).

0
0
367

Денис Тен Алматыда шеберлік сабағын өткізді

— Бізде талантты балалар өте көп. Қазақстандағы мәнерлеп сырғанау спортының болашағы зор деп сенімді түрде айта аламын. Өйткені бүгін мен балалардың бойынан осы спорт түріне деген үлкен ынталарын байқадым. Алматының Балуан Шолақ атындағы спорт сарайындаҚазақстанның мәнерлеп сырғанаудан жарық жұлдызы, әлем чемпионатының күміс жүлдегері Денис Тен шеберлік сабағынөткізді, деп хабарлайды оқиға орнынан Vesti.kz тілшісі. Бірінші кезекте Денис Алматы айдынына жиналған отыз шақты жас спортшыға сабақ өткізді. Қарапайым және күрделі элементтерді көрсеткен ол әрбір спортшыға жеке-жеке назар аударуға тырысты. Олардың жаттығуларын мұқият қадағалаған Тен кейін олардың жібергенқателерін айтып, мәнерлеп сырғанаудың қыр-сырын жан-жақты түсіндірумен болды. Денис Тен өткізген шеберлік сабақтары екі кезеңнен…

0
0
533

Қанаттың кезекті жеңісі

Пятница, Май 17th, 2013 | kazsportagent | Edit Қанаттың кезекті жеңісі Edit This Post Доминикан Республикасының астанасы Санто-Домингода өткен жекпе-жек сегіз раундқа созылуы керек екен. Бірақ бірінші раундта-ақ аяқталып, Қанат үстемдік танытқан. Кәсіпқой бокс рингінің «шаңын» шығарып жүрген Қанат Ислам дем алар емес. Жақында он үшінші жекпе-жегін өткізіп, тағы да жеңіске жетіпті… Бүгін отандық электронды басылымдар «Қанат Ислам он үшінші жекпе-жегінөткізіп, басым түсті» деген жағымды ақпарат таратты. Осының анық-қанығын білуге тырысып едік, өзімен тілдесудің немесе тікелей байланысудың сәті түспеді. Десек те, Қанат Исламның әлеуметтік желідегі жеке парақшасынан біз де осындай ақпаратты оқыдық. Әрі Қанаттың бұл жеңісі boxrec.com сайтында да тіркеліпті. Сәуірдің аяғында ғана эквадорлық Эду…

0
0
374

«Арландар» жайлы бір үзік сыр.

Осы бір бокс кешінің аяқталғанына бір апта болса да, өткен кешті електен өткізіп, сараптап қалам тербеп отырм. Бала кезден спортты сүйіп өскен соң, мүмкіндік болса жарыстарды қалт жібермеуге тырысамын. Оның үстіне қазіргі кезде спорт журналистикасында жүргендіктен тіпті жиі баруға тура келеді. Көбіне футбол қарағанды ұнатушы едім. Осы жолы нағыз бокс кешін тамашалауға тура келді.«Астана арландарының» бәсекелерін көбіне теледидардардан тамашалағаным болмаса, барған емес едім. Осы жолы финал болғандықтан ерекше құлшыныспен бардым. Қарсыластардың қарымы қандай екенін өте жақсы білеміз, қазақтың жуан жұдырықты жігіттері де осыларға есе жіберіп қарап отырмайтынын тағы білеміз. Бір сөзбен айтқанда, мен күткен финал (барлық алаш жұрты күткен) десем де болды. «Сарыарқа» республикалық велотрегіне…

0
0
608

Футзалдан Қазақстан құрамасы әлемдік рейтингіде үш орынға көтерілді

Фото дереккөзі: kznportal.ru

 

Футзалдан құрама командалардың кезекті рейтингісі жарияланды, деп хабарлайды Sports.kz.

Қазақстан құрамасы үш орынға көтеріліп, 32-ші орынға тұрақтады. Еуропалық рейтингіде 17-ші орынға жайғасты.

Сонымен, алғашқы әлемдік бестікке мына елдер кіреді:

1. Бразилия

2. Испания

3. Италия

4. Ресей

5. Португалия

ТМД және Балтық елдері:

8. Украина

13. Әзірбайжан

22. Өзбекстан

29. Беларусь

32. Қазақстан

37. Қырғызстан

51. Грузия

53. Латвия

64. Тәжікстан

68. Литва

69. Молдова

73. Түркіменстан

77. Армения

106. Эстония.

0
0
385

Тоғызқұмалақтан Қазақстан Республикасының ІІІ – Жастар ойынының есебі

Ақтөбе қаласы 11-17 мамыр 2013 жыл Жарыс 2013 жылдың 11-17 мамыр күндері Ақтөбе қаласында өтті. Оған барлығы 15 команда қатысты, қатыспай қалған Солтүстік Қазақстан облысының командасы. Жарыс Ақтөбе политехникалық колледжі ғимаратында өтті. Ашылу салтанатына Ақтөбе облысының туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасының бастығы Құлмағамбетов Асылбек Қалдыбайұлы және облыстық «Қазақстан-Ақтөбе» мен «Рика» телеарналары қатысты. Командалар саны – 15 Спортшылар саны – 92 Ұл – 46 Қыз – 46 Спорт шебері – 3 Спорт шеберіне үміткер – 56 І дәреже – 22 ІІ дәреже – 9 Мандат комиссиясының ешқандай қарсылығы болған жоқ. Командалық есеп бойынша командалар төмендегі орындарға ие болды: I – Қызылорда облысы II – Астана қаласы III – Қостанай облысы IV – Алматы қаласы V – Батыс Қазақстан облысы VI – Оңтүс…

0
0
755