Петропавлда спорттық акробатикадан Қазақстан чемпионаты өтіп жатыр
Петропавлда спорттық акробатикадан Қазақстан чемпионаты өтіп жатыр, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.
Жеткіншектер мен жастар арасындағы ел чемпионатына 8 қаладан келген 180 акробат қатысып жатыр.
«Жасы кіші спортшылар көпсайыстан, ал ересектері баланстық жаттығулар бойынша бақтарын сынайды. Спортшылардың құрамы мықты, халықаралық дәрежедегі спорт шебері, спорт шебері мен кандидаттар бар»,-деді сайыстың бас төрешісі Андрей Ямпольский.
Екібастұздан келген қыздар көркем композицияларын назарға ұсынды. 4 жылдан бері жаттығып жүрген спортшылар Азия чемпионатында екінші орынды жеңіп алған.
Акробатикадан ел чемпионаты үш күнге жалғасады, оның қорытындысы бойынша жеңіске жеткендер медальдермен және грамоталармен марапатталады.


