Жафаровқа еліктейтін жастар көп
Галиб Жафаров шаршы алаңда атой салған 57 келі салмақта финалда алматылық Дәурен Бабалық пен Оңтүстік Қазақстан боксының түлегі Шындос Кенжебеков қолғап түйістірді. Шалт қимылы, шалымды әдіс-тәсілі жанкүйерлерді тәнті еткен Шындос қарсыласынан шеберлігін асырып, арнаулы жүлдеге ие болды. Ақтөбеде 1997-1998 жылдары туған жасөспірімдер арасында бокстан 2003 жылғы әлем чемпионы, 2004 жылғы Азия чемпионы, Афины және Пекин олимпиадаларынақатысушы Галиб Жафаровтың жүлдесіне арналған ІV халықаралық турнирге Қазақстанның түкпір-түкпірінен,Әзербайжан мен Өзбекстаннан 106 жас боксшы қатысты. Турнирге Галиб Жафаровтың өзі, Лондон олимпиадасыныңчемпионы Серік Сәпиевтің, кәсіпқой бокстан қазақтан шыққан тұңғышәлем чемпионы Марат Мәзімбаевтың, атағы алты құрлыққа белгілібоксшы Нұржан Кәрімжановтың арна…







