Мазмұнға өту
kazsportagent

Kazsport agent

@kazsportagent

Сайтта 2012 ж. 28 желтоқсанКазахстан, Астана

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ СПОРТ ЖӘНЕ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ІСТЕРІ АГЕНТТІГІ

рейтинг

100

жазбалар

4 640

пікірлер

0

тіркелуші

17

жазылымдар

442

Жақында Алматыда үлкен футбол: Қазақстан – Болгария

 

«Жақында Алматыда футболдан Қазақстан – Болгария құрамалары арасында жолдастық кездесу өтеді», деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Cпорт және Дене Шынықтыру істері агенттігінің ресми сайты.

4 маусым күні Алматының Орталық стадионында футболдан Қазақстан – Болгария ұлттық құрамалары арасында жолдастық кездесу өтеді. Басталуы –20:00.

Билеттер Орталық стадионның маңындағы кассаларда және Алматы қаласындағы «Меломан» сауда желілерінде сатылады.


0
0
378

Қазақ футболшы Финляндия чемпионатында гол соқты

 

Голландия және түрік төлқұжаты бар және Финляндия чемпионатында Юккёнен командасы AC Kajaani үшін ойнайтын этникалық қазақ Мұрат Оңал өз командасына жеңіс әкелді, деп хабарлайды sports.kz.

«Бұл жақында ғана басталған фин чемпионатындағы Мұраттың алтыншы ойыны және бірінші голы. AC Kajaani Хельсинкиден келген FC Viikingit командасымен ойнады. Мұрат Оңал үзілістен кейін алаңға шығып, бірер минуттан соң-ақ допты қақапаға дәл кіргізді. Бұл гол оның командасына жеңіс әкелді. Ойын 2:1 есебімен аяқталды. Қазір AC Kajaani дивизионда 8-ші орында тұр», – делінген хабарламада.

0
0
399

Қазақтың көбейгені құт

Талдықорғанда ауыр атлетикадан ел бiрiншiлiгi мәресiне жеттi. Қуанарлығы, ел бiрiн­шiлiгiнiң жүлдесiне қол жет­кiзген ауыр атлеттердiң денi – қазақтың қаракөзi. Ел чемпионатына екi дүркiн олимпиада чемпионы Илья Ильин сынды саңлақтар қатысқан жоқ. Ерлер арасында 56 келi салмақта Алматы облысының үмiтi Тимур Хасаров жеңiске жеттi. Ол қоссайыс қорытындысы бо­йынша 235 (110+125) келi зiл­темiрдi көтердi. Күмiс жүлде алматылық Даниэль Есмағамбетовке 212 (92+120 келi), қола медаль Қостанай облысының тумасы Бекзат Сейiтмағам­бетов­ке бұйырды. Ол екi сайыс бойынша 208 (90+118) келiнi еңсердi. Былтырғы Лондон олимпиадасында дәл осы салмақта олимпиаданың алтын медалiн жеңiп алған солтүстiккореялық Ом Юн Чхоль қоссайыс қорытындысы бойынша 293 келiнi қиынсынбай көтерген болатын. 1991 жылы өмiрге кел…

0
0
442

Алматыда үлкен футбол: Қазақстан – Болгария

4 маусым күні Алматының Орталық стадионында футболдан Қазақстан – Болгария ұлттық құрамалары арасында жолдастық кездесу өтеді. Басталуы –20:00.

Билеттер Орталық стадионның маңындағы кассаларда және Алматықаласындағы «Меломан» сауда желілерінде сатылады.

0
0
379

Қазақстан құрамалары қатысатын әлем біріншіліктері

Жақында Астанада өткен Қазақстан шайбалы хоккей федерациясының басқарушы органы болып табылатын атқару комитетінің отырысында алдағы маусымдағы дүбірлі додалар тізімі бекітілді. Ерлер арасындағы ұлттық құра­ма­мыз 2014 жылы Минскіде өтетін әлем чем­пио­на­тында бақ сынайды. Бұл – жо­ғар­ғы ди­ви­зион, әлемнің кіл мықтылары арасын­да­ғы дүлей дода. Аталған бүкіл­әлемдік бірін­шілік 2014 жылғы 9-25 ма­мыр аралығын­да өтеді. Оған дейін біздің құрама Францияның Бриасон қаласында өтетін «Еурошақырты­лым кубогына» қатысады. Бұл доданың өт­кізілу мерзімі – 2014 жыл, 6-8 ақпан ара­лығы. Сондай-ақ ерлер арасындағы ұлттық құрамамыздың Минскідегі әлем чем­пионатына дейін Австрия, Словения, Италия құрамаларымен кездесіп, дайын­дық­тарын пысықтауы жоспарланған. Жалпы, ерлер арасындағы әлем чем­пионаты…

0
0
237

Жастарды жаттықтыруымызда мін жоқ...

Футболдан 21 жасқа дейінгі Қазақстан жастар құрамасы Еуропа чемпионатының електік сынына дайындығын бастады. Әзіршеқұрама сапы жарияланып, ел намысын қорғайтын жас таланттар іріктелініп алынды. Әуелі 2015 жылғы Еуропа чемпиона­тының електік сынына атүсті тоқтала кет­сек. 52 мемлекеттің жастары 10 топқа бөлін­ген. Сегіз топта – бес командадан да (3-10 топтарда), қалған екі топта – алты коман­дадан (1 және 2 топтарда). Осы он топта бірінші орынға ие болғандар және екінші орын алғандардыңішіндегі көрсет­кіш­тері жоғары төртеуі екінші кезеңге өтеді. Екінші електе әлгі 14 команда жере­бе бойынша жеті жұп құрайды. Осы жұп­тарда жеңіске жеткен жеті құрама Еуропа чемпионатына барады. Сегізінші команда – Еуропа чем­пионатының қожайыны Че­хия жастары. Яғни 2015 жылғы жастар ара­сындағы Еу­ропа чемп…

0
0
270

Мырзағали Айтжанов: «Олимпиада чемпионы атанбай, Елеусіновті ешқайда жібермейміз»

— Олимпиада чемпионы болмай, ол ешқайда кетпейді. Жібермейміз. 69 келі өз салмағымыз болып кетті ғой. Рио Олимпиадасында жеңіс тұғырына көтерілсін, сосын кәсіпқой боксқа ауысуына болады.Сондықтан, «Елеусінов кәсіпқой боксқа ауысып кетіпті» деген қауесеттердің барлығы негізсіз. Таяуда Қазақстан бокс федерациясының биылғы додасыныңжеребе тарту рәсімі өтіп, регламенті бекітілді. Осы жаңалықты желеу етіп, негізінен ел боксында болып жатқан соңғы оқиғалар жайлы пікірін білмек ниетпен ұлттық құрамамыздыңбас бапкері Мырзағали Айтжановпен хабарласхан едік. — Федерация кубогы додасында биыл өзгерістер көп. Одан өздеріңіз де хабардарсыздар. Ширек финалды топтық турнир ретінде бір қаладаөткізуді жөн көрдік. Әуесқой боксқа жақындатқанымыз ғой. Боксшыларүш күнде үш кездесу өткізетін болады. — Ширек фи…

0
0
591

Қазақстан құрамасы Минсктегі «Даму» УЕФА жарысында жеңіске жетті

Фото дерек көзі: sports.kz

 

Қазақстанның 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер құрамасы Минсктегі «Даму» жарысында мінсіз жеңіске жетті, деп хабарлайды Sports.kz ҚФФ-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Бүгін, үшін ойын күнінің жарысында Константин Фроловтың тәрбиеленушілері Ресейді 2:1 есебімен жеңді. Бастапқыда 0:1 есебімен жеңіліп келе жатқан біздің жас футболшыларымыз қатарынан екі гол салды– бірінші голдың иесі Геворг Наджарян болса, екіншісінде ресейліктер автогол кіргізді.

Қазақстанның жасөспірімдер құрамасы «Даму» УЕФА жарысының барлық үш ойынында да жеңіске жетті. Яғни, Ресей, Украина мен Белорусь командаларынан басым түсті.


0
0
244

Елордалық спортшылар ортаазиялық лигада атпен кедергіден секіруден әлем Кубогында алғашқы медаль алды

Фото дереккөзі:astana.kz Бішкекте атпен кедергіден секіруден орталық-азия лигасы әлем Кубогының бірінші кезеңі аяқталды. Қазақстан турнирінде елордалық команда керемет өнер көрсетті. Бұл туралы astana.kz сайты қалалық Туризм, дене тәрбиесі және спорт басқармасына сілтеме жасап хабарлайды. «Жарыстағы түрлі санаттағы кедергілерді бағындыруда үш бірінші орын астаналық №7 ат спорты мектебінің тәрбиеленушілеріне берілді. Сонымен қатар, кезең иелерінің өздері назар аударған Ержан Мағжаев бірінші орын тұғырына екі рет көтерілді», — деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі. №7 атпен кедергіден секіруде бірінші орын алып, тағы бір «алтынды» астаналық спортшы Виктория Котина иеленді. Басқарманың мәлімдеуінше, астаналық спортшылардың арасында командалық досы Ержан Мағжаевқа жол беріп, өзі күміс…

0
0
228

Қазақстан құрамасы «Каспий кубогында» Болгариядан ойсырай ұтылды

Фото дереккөзі: prosportkz.kz

 

Әзірбайжанда 17 жасқа дейінгі ойыншылардан құралған жас құрамалар арасында Футболдан «Каспий кубогы» халықаралық турнирі басталды, деп хабарлайды Sports.kz.

«Қазақстан құрамасы бірінші ойында Болгариядан 0:13 есебімен ұтылды. Бүгін Қазақстан Грузиямен кездеседі», — делінген хабарламада.


0
0
371