Қазақтың көбейгені құт
Талдықорғанда ауыр атлетикадан ел бiрiншiлiгi мәресiне жеттi. Қуанарлығы, ел бiрiншiлiгiнiң жүлдесiне қол жеткiзген ауыр атлеттердiң денi – қазақтың қаракөзi. Ел чемпионатына екi дүркiн олимпиада чемпионы Илья Ильин сынды саңлақтар қатысқан жоқ.
Ерлер арасында 56 келi салмақта Алматы облысының үмiтi Тимур Хасаров жеңiске жеттi. Ол қоссайыс қорытындысы бойынша 235 (110+125) келi зiлтемiрдi көтердi. Күмiс жүлде алматылық Даниэль Есмағамбетовке 212 (92+120 келi), қола медаль Қостанай облысының тумасы Бекзат Сейiтмағамбетовке бұйырды. Ол екi сайыс бойынша 208 (90+118) келiнi еңсердi.
Былтырғы Лондон олимпиадасында дәл осы салмақта олимпиаданың алтын медалiн жеңiп алған солтүстiккореялық Ом Юн Чхоль қоссайыс қорытындысы бойынша 293 келiнi қиынсынбай көтерген болатын. 1991 жылы өмiрге келген кәрiстен өзге бұл салмақта қытайлық У Цзинбяо да толағай күштiң иесi. Келешекте әлем чемпионаттары мен олимпиада ойындарында Тимур осындай алып күш иелерiмен сайысқа түседi.
Қалған салмақтағы мықтылардың нәтижесi төмендегiдей:
62 келi.
I. Арли Чонтей (Оңтүстiк Қазақстан облысы) – 272 (125+147) келi;
II. Азамат Рымқұлов (Алматы облысы) – 267 (120+147) келi;
III. Виталий Хон (Алматы облысы) – 266 (118+148) келi.
Қытайдан келген Чонтей келешекте Мая Манеза мен Зульфия Чиншанлоның жетiстiгiн қайталап, қазаққа Олимпиаданың алтын медалiн олжалап бере ала ма? Арли ел бiрiншiлiгiнде 272 келiнi көтердi. Ал кешегi Лондон олимпиадасының чемпионы солтүстiккөреялық тапалдай ғана бойы бар Ким Ын Гук әзiрге зор қара күш иесi болып тұр. Ол Лондонда 327 келi зiлтемiрдi еш ауырсынған жоқ.
69 келi.
I.Фархат Харки (Ақтөбе облысы) – 320 (140+180) келi;
II.Әдiлбек Балқаев (Қызылорда облысы) –312 (142+170) келi;
III.Батыр Асқаров (Оңтүстiк Қазақстан облысы) – 305 (135+170) келi.
Ел бiрiншiлiгiнде жеңiске жеткен Харки де – сырттан келген атлет. Айтпақшы, былтыр олимпиадаға осы екi спортшы елiмiздiң атынан қатыспақшы болып, Чонтей 56 келiде, Харки 62 келi салмақта сынға түсуi тиiс едi. Алайда “дене қызуы көтерiлiп, сырқаттанып қалғандықтан, бұлардың орнына өзге спортшылар барады” деген федерация басшыларының өткел үстiнде ат айырбастауына тура келген едi.
77 келi.
I. Ғалымбек Жұбатқанов (Қызылорда облысы) – 319 (141+178) келi;
II. Айдар Қазов (Солтүстiк Қазақстан облысы) – 315 (135+180) келi;
III. Владислав Цой (Алматы қаласы) – 315 (145+170) келi.
Қытайлық ауыр атлет Люй Сяоцзюнь осы салмақта олимпиаданың алтын медалiн 28 жасында жеңiп алды. 2016 жылы өтетiн олимпиаданың жүлдесiн отызға иек артқан Люйдiң дәметуi екiталай. Қызылордалық қыран Ғалымбек әлi жиырмаға толған жоқ. Демек, жасөспiрiмдер арасындағы әлем чемпионатының қола жүлдегерi Жұбатқановтың алдын тек Қытай елiнiң үмiтi Лу Хаоцзе (Лондон олимпиадасының күмiс жүлдегерi) орау үшiн күш салуы мүмкiн. Бiрақ бұл салмақта тек қытайлық атлеттер ғана емес өзге елдердiң де спортшылары қарымды.
85 келi.
I. Кирилл Павлов (Алматы қаласы) – 357 (160+197) келi;
II. Евгений Эвстафьев (Қарағанды облысы) – 355 (160+195) келi;
III. Ербол Мейiрманов (Ақмола облысы) – жалпы 352 (167+185) келi.
Павлов былтыр ойда-жоқта Лондон олимпиадасына қатысу құрметiне бөлендi. Ауырып қалған екi атлеттiң орнына барған екi спортшының бiрi осы Кирилл болатын. Төртжылдықтың басты жарысы кезiнде Павлов 77 келi салмақта сайысқа шығып, олипиаданы 9-орынмен аяқтады.
94 келi.
I. Денис Ұланов (Шығыс Қазақстан облысы) – 350 (160+190) келi;
II. Андрей Леонов (Алматы облысы) – 335 (150+185) келi;
III. Айбек Махамедов (Оңтүстiк Қазақстан облысы) – 325 (150+175) келi.
Екi дүркiн олимпиада чемпионы Илья Ильин Қазақ елiнiң спортшылары да олимп шыңына үш мәрте шыға алатынын дәлелдемекке бел буып, келесi Олимпиадаға дайындықты бастап кеткенiне де бiраз болды. Талдықорғанда өткен ел бiрiншiлiгiне Ильин қатысқан жоқ. Мықтының жоқтығын шығысқазақстандық Денис Ұланов тиiмдi пайдаланып, ел чемпионы атанды. Илья ендi 105 келiге ауысуы мүмкiн екенiн айтқан-ды. Келешекте қызылордалық алыптың абыройлы жолын осы салмақта Ұланов жалғап әкетсе жарады.
105 келi.
I. Александр Зайчиков (Қызылорда облысы) – 393 (180+213) келi;
II. Ескендiр Момынбеков (Жамбыл облысы) – 385 (175+210) келi;
III. Ринат Қалиекберов (Шығыс Қазақстан облысы) – 332 (150+182) келi.
Зайчиков Лондон олимпиадасында тәуiр нәтиже көрсете алмаған едi. Олимпиада сынында Александрдың көрсеткiшi тым төмен болды, дәлiрек айтқанда екi жаттығудың қорытындысын қосқанда небәрi 360 келiн көрсеткен-дi.
105 келiден жоғары салмақ.
I. Ибрагим Берсанов (Алматы облысы) – 402 (185+217) келi;
II. Дмитрий Каплин (Шығыс Қазақстан облысы) – 386 (175+211) келi;
III. Асланбек Арсемирзаев (Жамбыл облысы) – 385 (175+210) келi.
Былтыр Гватемалада өткен жасөспiрiмдер арасындағы әлем чемпионатында бiлегiнiң күшiмен алтын медаль жеңiп алған Берсанов қазiр жиырмада.
Қыздар арасында да жүлде үшiн тартыс жоғары деңгейде болды. Ел бiрiншiлiгiнде топ жару әркiмге де зор жетiстiк. Көптiң алдында көзге түсу үшiн бұрымды атлеттер ауыр темiрдi ауырсынбастан көтердi.
48 келi.
I. Галина Мамотова (Қарағанды облысы) – 171 (76+95) келi;
II. Жаңыл Окоева – (Қырғызстан)141кг (61+80);
III. Марина Кокошко (Алматы облысы) – 128 (57+71) келi.
53 келi.
I. Маргарита Елисеева (Алматы облысы) – 186 (87+102) келi;
II. Ақмарал Нұрымова (Қызылорда облысы) – 160 (70+90) келi;
III. Гүлзат Тайболатова – 145 (63+82) келi.
58 келi.
I. Сәуле Сәдуақасова (Қостанай облысы) – 202 (92+110) келi;
II. Лидия Ануфриева (Шығыс Қазақстан облысы) – 185 (84+101);
III. Әйгерiм Ауылбек (Алматы облысы) – 176 (78+98) келi.
63 келi.
I. Карина Горичева (Алматы облысы) – 225 (98+127) келi;
II. Әсем Сәрсекенова (Қарағанды облысы) – 220 (96+124) келi.
III. Мәдина Тасқынбаева (Шығыс Қазақстан облысы) – 217 (97+120) келi.
69 келi.
I. Гүлнәз Наурызова (Алматы қаласы) – 220 (100+120) келi;
II. Майра Файзуллаева (Оңтүстiк Қазақстан облысы) – 193 (88+105) келi;
III. Шолпан Досова (Қостанай облысы) – 188 (85+103) келi.
75 келi.
I. Анна Нұрмұхамбетова (Ақмола облысы) – 262 (120+142) келi;
II. Анастасия Швабауэр (Ақмола облысы) – 220 (100+120) келi;
III. Анастасия Халықова (Шығыс Қазақстан облысы) – 192 (87+105) келi.
75 келiден жоғары салмақ.
I. Александра Аборнева (Оңтүстiк Қазақстан облысы) – 270 (87+102) келi;
II. Елена Парфентьева (Шығыс Қазақстан облысы) – 211 (95+116) келi;
III. Бота Қалымова (Ақмола облысы) –207 (95+112) келi.
2005 жылы Энвер Түркелери елiмiздiң ауыр атлетика құрамасына кеңесшi болып келдi. Он жыл көлемiнде ауыр атлетиканың абыз ақсақалына айналған аузы дуалы бапкер: “Ендi қазақтың қаракөзiн олимпиада чемпионы атандырсам”, – деген едi бiр сөзiнде. Кезiнде мешкей баланы мықты атлет, сақа спортшы, ұлт мақтанышына айналдырған (үш дүркiн олимпиада чемпионы Халил Мутлу) Түркелериге Құдай қуат берсе, қазақ баласын олимпиада биiгiне қарай самғатары сөзсiз. Бойындағы бұла күшi бiлеу-бiлеу қазақтың баласы қытайдан да, түрiктен де, кәрiстен де, дүнгеннен де асып түсетiнiн Түркелери томағасын сыпыратын осы қырандар дәлелдейтiн күн де алыс емес.

