Мазмұнға өту
kazsportagent

Kazsport agent

@kazsportagent

Сайтта 2012 ж. 28 желтоқсанКазахстан, Астана

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ СПОРТ ЖӘНЕ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ІСТЕРІ АГЕНТТІГІ

рейтинг

100

жазбалар

4 640

пікірлер

0

тіркелуші

17

жазылымдар

442

Жастар арасындағы ӘЧ жартылай финалына 5 боксшы шықты

Санкт-Петербургте жастар арасындағы әлем чемпионатында алдын ала айқастың алты күнінің қорытындысы бойынша 13 қазақстандықтың ішінен жартылай финалға 5 боксшы шықты. Бұл туралы Қазақстан бокс федерациясының баспасөз қызметі хабарлайды. Ширек финалда жарыс мынадай нәтижені көрсетті: Айбек Досанов (46 келі) — Титисана Панмод (Тайланд) 2:1; Хуршедшох Искандаров (80 келі) — Кренар Алью (Финляндия) 3:0; Даулет Нысан (50 келі) — Эрисланди Альварес (Куба) 2:1; Айбол Жамбырбай (63 келі) — Саяд Лалаев (Әзербайжан) 3:0; Саматали Толтаев (52 келі) — Муроджон Алиев (Өзбекстан) 3:0; Ардақ Алимхан (81 келі) — Даниэль Мальсам (Германия) 0:3; Дәулет Заушев (70 келі) — Силард Ласло (Венгрия) 1:2; Алдияр Тұрсынәлі (66 келі) — Эдгар Цамбов (Ресей) 0:3. Осылайша, біздің бес боксшымыз медальға таласатын болды…

0
0
341

Я.Шведова жұптық сында US Open турнирінің жартылай финалына шықты

Қазақстандық теннисші Ярослава Шведова австралиялық Кэйси Деллакуамен бірге жұптық сында US Open турнирінің жартылай финалына шықты. Чемпионат.ком сайтынан алынған мәліметке қарағанда, Я.Шведова мен К.Деллакуа ширек финалда ресейлік Анастасия Павлюченкова мен Алла Кудрявцеваны 6:2, 2:6, 6:3 есебімен үш партияда ұтты. Жартылай финалда қазақстандық пен австралиялық теннисші неміс Анна-Лена Гренефельд және американдық Коко Вандевегемен кездеседі. Айта кетейік, биыл әйелдер арасындағы жекелей сында итальяндық қыздар табысты өнер көрсетуде. Дүниежүзілік рейтингте 43-інші орында тұрған 32 жасар Роберта Винчи жартылай финалда әлемнің бірінші ракеткасы, американдық, 34 жасқа толғалы отырған Серена Уильямстың өзімен шеберлік байқасады. Тағы бір итальяндық, дүниежүзілік сатыда 26-ыншы орында тұрған…

0
0
287

Азия чемпионы Олжас Сәттібаев 2,4 миллион теңгенің ақшалай сертификатына ие болды

Жамбыл облысының әкімі Кәрім Көкірекбаев Тайландта Азия чемпионатының «алтынын» жеңіп алған боксшы Олжас Сәттібаевпен кездесті. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметінен хабарлады. К. Көкірекбаев чемпионға 2,4 миллион теңгені құрайтын ақша сертификатын ұстатты. Спортшының жаттықтырушысы 300 мың теңгелік сертификатқа ие болды. Кездесудің соңында аймақ басшысы спортшыға денсаулық және болашақта спорттық жетістіктер тіледі, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметінен. Еске сала кетейік, 25 тамыз-5 қыркүйек аралығында Таиланд астанасы Бангкок қаласында Азия елдерінің әуесқой боксшылары үшін ең маңызды жарыс болып табылатын бокстан Азия чемпионаты өтті. Олжас Сәттібаев финалда 52 келіге дейінгі салмақта өзбек спортшысы Шахобиддин Зоировпен кездесті. Үш раундтың қорытындысы бойынша тө…

0
0
512

Ел қоржынына екінші «алтын» түсті

Таиландта өтіп жатқан Ауыр атлетикадан Азия чемпионатында Қазақстан қоржынына екінші алтын медаль түсті. Бұл жолы Ермек Өміртай (85 келі) ел мерейін асқақтатты. Ермекпен бірге бұл салмақта тағы бір қазақстандық Семен Линдер де сынға түсіп, «кіші алтын» иеленді, деп хабарлайды kazsport.kaztrk.kz сайты өзінің Фейсбуктегі парақшасында.

Айта кетейік, бұған дейін қазақстандық зілтемірші Айдар Казов 77 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Азия біріншілігінен алғашқы «алтынды» олжалағанын хабарлағанбыз.

   
Басты сөздер: Спорт
0
0
332

Жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында қазақстандық ватерполшылар Испаниядан жеңілді

Алматыда 20 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасындағы су добы бойынша әлем чемпионатының үшінші күні аяқталды. «Rakhat Fitness» спорт кешенінде сегіз тартысты кездесу өтті, деп жазды Sports.kz. Ойын күніні ашылғанда Австралия мен Сербия құрамалары қарсыластары Мексика мен Ираннан басым түсті. Кейін Д тобында Қазақстан құрамасы, бұл топтағы тағы екі команда Италия мен Канада сынға түсті. Жарыстың үшінші күнінде Қазақстан Испания құрамасымен бәсекелесті. Испаниялықтар кездесуді шабуылдардан бастады. Алайда Неманья Кнежевич шәкірттері барынша қарсы тұрып қарсыластарын алға жібермеуге тырысты. Екінші кезеңде екі команда тең дәрежеде ойнап, алайда үзілістен кейін бұл көрсеткішті сақтап қалу мүмкін болмады. Испаниялықтар едәуір алға шығып кетті. Жерлестеріміз командалар арасындағы арақашықтықты қы…

0
0
442

VINO 4-EVER велоклубы халықаралық Tour of Bulgaria веложарысында көшбасшылықты сақтап қалды

Құрлықтық VINO 4-EVER велоклубы халықаралық Tour of Bulgaria веложарысында көшбасшылықты сақтап қалды. «Солтүстікқазақстандықтар халықаралық Tour of Bulgaria веложарысын сәтті бастады. Оған 19 команданың 100-ден астам спортшысы қатысты. Бес кезеңнің қорытындысы бойынша солтүстікқазақстандықтар алғашқы орындарды сақтап қалды. Олег Земляков бас жіктеуде екінші орында, командалық сында VINO 4-EVER үшінші орынға ие болды. Бірнеше күннен кейін Болгарияда СҚО спортшылары екі күндік Tour of Black Sea жарысына қатысты. Жандос Бижігітов 162 км қашықтықтағы топтық жарыста екінші, 103 шақырымдық жарыста үшінші және бас жіктеуде екінші орынға ие болды», — деп хабарлады СҚО дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз хатшысы Анна Пенькова. Халықаралық дәрежедегі спорт шебері Олег Земляков — 23 жа…

0
0
361

Хабибулин ITF топтамасы жарысындағы жеке сында 2-ші айналымға шықты

Қазақстандық теннисші Тимур Хабибулин дүйсенбіде Үндістандағы жүлде қоры 10 мың долларды құрайтын  ITF топтамасы жарысындағы жеке бәсеке сынында 2-ші айналымға шықты.

Бірінші айналымда Хабибулин Үндістан спортшысы Абхинав Шанмугамды 6:2, 6:0 есебімен ұтты, деп хабарлайды sports.kz.  Екінші айналымда қазақстандықтың қарсыласы жеке разрядтағы алтыншы ракетка, ресейлік Маркос Каловелонис пен үнділік Кунал Анандтың арасындағы кездесудің жеңімпазы болмақ.

   
Басты сөздер: Спорт
0
0
247

«Пари Сен-Жермен» Роналду үшін €150 млн. ұсынды, «Реал» бас тартты

Мадридтік «Реал» команда футболшысы Криштиану Роналдуды «Пари Сен-Жермен» клубына €150 млн-ға сатудан бас тартты. Бұл туралы Globo Esporte хабарлайды.

Испаниялық клуб ұсыныстан бірден бас тартқан. Алайда Роналду 1 жылдан соң өзге клубқа ауысуы мүмкін.  Ал биылғы кезеңде Роналду Испания чемпионатында 2 матчқа қатысып, бір де бір гол салған жоқ, деп жазады 24.kz.

   
Басты сөздер: Спорт
0
0
339

Бокстан Азия чемпионаты: Қазақстан жалпыкомандалық есепте 1-орынды жеңіп алды

Тайландта 2015 жылғы Азия чемпионаты аяқталды, осы жолы ойын өте тартыстылығымен ерекшеленді. Ширек финалдан бастап соңғы финалдық жарысқа дейін жүлде саны бойынша бір-бірімен бәсекелесіп, екі мықты команда — Қазақстан мен Өзбекстан командалары алға озды.

Қазақстан командасы 5 алтын, 1 күміс, 1 қола медальді қанжығаға байлап, жалпыкомандалық есепте бірінші орынды иеленді: Сәттібаев, Елеусінов, Ниязымбетов, Левит, Дычко — алтын, Сафиуллин — күміс, Ералиев — қола жүлде олжалады.

Енді құрама Дохада 5 қазанда ашылатын Әлем чемпионатына дайындыққа кіріседі, онда Олипиадалық лицензия ойнатылады, деп жазды Sports.kz.

0
0
528

«Тобыл» «Формуланы» 13:0 есебімен ойсырата жеңді

Қостанайдың «Тобыл» футбол командасы «Форум» клубымен ойнап, қарсыласын ойсырата жеңді, деп жазады Sports.kz.

Бірінші таймда «тобылдықтар» қарсыласының қақпасына 8 гол салса, 2-ші таймда тағы 5 голды дәл бағыттады.
Бұл ойында Уче Кали 6 голдың авторы атанды.

Басты сөздер: Спорт
0
0
252