Бокстан Азия чемпионаты: Қазақстан жалпыкомандалық есепте 1-орынды жеңіп алды
Тайландта 2015 жылғы Азия чемпионаты аяқталды, осы жолы ойын өте тартыстылығымен ерекшеленді. Ширек финалдан бастап соңғы финалдық жарысқа дейін жүлде саны бойынша бір-бірімен бәсекелесіп, екі мықты команда — Қазақстан мен Өзбекстан командалары алға озды.
Қазақстан командасы 5 алтын, 1 күміс, 1 қола медальді қанжығаға байлап, жалпыкомандалық есепте бірінші орынды иеленді: Сәттібаев, Елеусінов, Ниязымбетов, Левит, Дычко — алтын, Сафиуллин — күміс, Ералиев — қола жүлде олжалады.
Енді құрама Дохада 5 қазанда ашылатын Әлем чемпионатына дайындыққа кіріседі, онда Олипиадалық лицензия ойнатылады, деп жазды Sports.kz.

