Мазмұнға өту
kazsportagent

Kazsport agent

@kazsportagent

Сайтта 2012 ж. 28 желтоқсанКазахстан, Астана

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ СПОРТ ЖӘНЕ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ІСТЕРІ АГЕНТТІГІ

рейтинг

100

жазбалар

4 640

пікірлер

0

тіркелуші

17

жазылымдар

442

Еуропа лигасы. Сидельников «сиқыры»

Еуропа лигасының үшінші іріктеу кезеңінің аясында «Ақтөбе» пенальтиден «Брейдабликті» жеңді. Ұлттық құрама қақпашысы Андрей Сидельников төрт бірдей пенальтиді қайтарды. Алғашқы минуттарда Владимир Никитенко шәкірттері сәтті ойын өрнегін көрсетті. Төрешінің ысқырығы шалынысымен «Ақтөбе» алға ұмтылған-ды. Алайда уақыт өте жергілікті ұжым ойын деңгейін теңестіре білді. Шабуыл шебінде өнер көрсетіп жүрген Сергей Лисенков бірнеше мүмкіндікті пайдалана алмады. Есесіне «Брейдаблик» пайдаланды. 27 минутта Андрей Сидельников қорғаған қақпаның кілтін тауып кетті. Голды команда капитаны Маргейрссон соқты. Екінші таймда Владимир Никитенко шәкірттеріне бар ақылын жеткізгендей. «Ақтөбе» кездесудегі басымдықты өз қолына ала бастады. Алайда 38 жастағы Гуннлейфур Гуннлейфссон шеберлігін таныта білді. Жерг…

0
0
516

Тоғыз толағайымыз Нанкинге жол тартты

Отандық зілтеміршілер қандай додаға қатысса да, олардың қоржыны ешуақытта бос қайтқан емес. Олимпиада ойындары, әлем және Азия чемпионаттары, Азия ойындары және басқа да аса ірі халықаралық бәсекелерде жерлестеріміз үнемі мықтылар санатынан көрініп жүр. 13-18 тамыз аралығында Қытайдың Нанкин қаласында жаөспірімдер арасындағы Азия ойындарының жалауы желбірейді. Бірнеше спорт түрлері бойынша өтетін кешенді додаға жерлестеріміз де жан-жақты даярланып жатыр. Айтулы жарыста Қазақстанның ауыр атлеттеріне ерекше сенім артылып отыр. Оның себебі түсінікті. Өйткені отандық зілтеміршілерқандай додаға қатысса да, олардың қоржыны ешуақытта бос қайтқан емес. Олимпиада ойындары, әлем және Азия чемпионаттары, Азия ойындары және басқа да аса ірі халықаралық жарыстарда жерлестерімізүнемі мықтылар санатынан…

0
0
335

Ескі де жаңа Грузия

Бұл кездесу екі құраманың өзара 3-ойыны болмақ. 2006 жылғы әлем чемпионатына іріктеу кезеңінде Грузия құрамасы Қазақстанды Алматыда 2:1 есебімен ұтты, ал Тбилисидегі ойын 0:0 есебімен тең аяқталды. Қазақстан ұлттық құрамасы 14 тамыз күні Астанадағы «Астана-Арена» стадионында Грузия құрамасымен жолдастықкездесу өткізеді. Бұл кездесу екі құраманың өзара 3-ойыны болмақ. 2006 жылғы әлем чемпионатына іріктеу кезеңінде Грузия құрамасыҚазақстанды Алматыда 2:1 есебімен ұтты, ал Тбилисидегі ойын 0:0 есебімен тең аяқталды. Іріктеу кезеңіндегі жалғыз ұпайды отандастарымыз сол ойында жеңіп алған болатын. Қақпашы Давид Лория 7-минутта Г.Деметрадзенің пенальтиден тепкен добын қайтарғаны да есімізде. Қазақстан құрамасының бас жаттықтырушысы Мирослав Беранек алдағы кездесуге З.Коробов (Жетісу»), И.Юрин (…

0
0
483

Мықтылар Мәскеуге аттанды

Айман мен Шолпан Қожахметовалар. Спортшылар отбасында тәрбиеленген егіз қыз былтыр Лондон Олимпиадасында бақ сынаған болатын. Міне, Мәскеудегі додада осы спортшыларға үлкен сенім артылады. 10-18 тамыз аралығында Мәскеудегi әйгілі «Лужники» стадионында жеңіл атлетикадан әлем чемпионаты өтеді. Оған барлық құрлықтан келген мықтылар қатысады. Бақ сынаушылар тізіміне көз жүгірткен едік, солардың арасынан Олимпиада ойындары мен дүниежүзілік додаларда жүлде алған спортшылардың есімдерін көптеп кезіктірдік. Барша жанкүйерлер мен мамандар жеңіл атлетиканы «Спорт падишасы» деп атайды. Бұл тегін теңеу емес. Себебі, Олимпиада бағдарламасына енетін спорт түрлері арасынан ең көп медальдар осы салада сарапқа салынады. Жарыс жолына шыққан үміткерлер 47 жүлделер жиынтығы үшін таласқа түседі. Жеңіл атлетте…

0
0
443

Пәле-жала аяқ астынан...

Біз әуежай маңынан полиция учаскесін іздеп таба алмадық. Сөйтсек, Азаматты бірден қала орталығына қарай алып кеткен екен. Мемлекеттік жаттықтырушы Арман Шылманов екеуміз қаламыз деп ниет білдіріп едік. Бірақ, ол жерде қалсақ, заңмен қудаланатынымызды түсіндірді. Өткен аптада отандық телеарналар жағымсыз ақпарат таратып, елді елең еткізді. Соның ішінде спорт сүйер қауым бұл хабардың рас-өтірігін білмей аңтарылып қалған. Оқиға былай болған: Таэквондодан Қазақстан құрамасы осыдан біраз уақыт бұрын нақтырақ айтсақ, шілденің 10-ы күні Мексикадағы әлем чемпионатына аттанады. Онда республикалық іріктеуден іркілмей өткен 11 спортшы және оларды бастап 4 бапкер кетеді. Жарыс аяқталып, елге келе жатқан жолда құрамада өнер көрсететін бір спортшымыз ойламаған келеңсіздікке тап болады. Мексикадан Ұлыбр…

0
0
691

«Шахтер» ширатқан жаңа шежіре

Жылда еурокубоктарға үкілеп қосқан клубтарымыз шілдеден аспай, тамызға жетпей УЕФА додасынан шығып қалып жататын. Енді «Шахтер» қай кубокта болсын жаңа жылға дейін (желтоқсан айының бірінші жартысына дейін) Қазақстан жанкүйерлерінің делебесін қоздыратын болады. Қарағандының «Шахтері» Чемпиондар лигасының үшінші електік сатысынан өтіп, қазақ футболын тарихи ерен жетістікке жеткізді. Егеменді ел болғалы Қазақстан клубтары ешқашан еурододаның төртінші (ең соңғы сатысына) дейін жетпеген. Енді «Шахтер» не Чемпиондар лигасының, не Еуропа лигасының топтық кезеңінде додаға түсетін болады. Жылда еурокубоктарға үкілеп қосқан клубтарымыз шілдеден аспай, тамызға жетпей УЕФА додасынан шығып қалып жататын. Енді «Шахтер» қай кубокта болсын жаңа жылға дейін (желтоқсан айының бірінші жартысына дейін)Қазақ…

0
0
555

Камила Керімбаева: «Теннис – өмірімнің мәніне айналған»

Еуропаға келсек, олардағы теннистегі жөні бөлек. Тіпті, салыстыруға да келмейді. Себебі, олар біз көтеріліп келе жатқан баспалдақтан әлдеқашан өтіп қойған. Ал Қазақстанда теннистің жолға қойылғанына көп бола қойған жоқ. Өткен аптада Қазақстандық теннисші Камила Керімбаева Украинаның Донецк қаласында өтіп жатқан теннистен ITF турнирі іріктеу кезеңінің жеңімпазы атанып, рейтингілік ұпайын арттыра түсті. Бұған дейін Камила елімізде өткен Президент кубогында өнер көрсетіп, іріктеу кезеңінде сүрініп еді. Сол жеңілісінен соң жас теннисшімізді әңгімеге тартқан болатынбыз. – Камила, Президент мерзімінен бұрын аяқтадың. Бұл жеңілісіңніңсебебі неде? – Бұл турнир мен қатысып отырған ең үлкен турнир. Себебі, бұған дейін ірі додаларда өнер көрсеткеніммен, ондағы сыйақы қоры 10 мың, 25 мың доллардан ас…

0
0
760

Легионерлерге масыл болсаң, осындай болады

Aқшамызды алып, нанымызды жеп, асарын асаған соң есікті тарс жауып кетіп барғаны өкінішті-ақ. «Оны қойшы, қайда кетпей жатқан есіл ақша?» дерсіз. Солай да шығар, бірақ бәрінен де қазақ жерін қалаған уақытыңда кіріп, қалағаныңда шығып кете беретін, өз тілімен айтқанда «проходной двор» қылып жібергеніне күйінеді екенсің. 2011 жылдың соңында Ресейдің Қазақстанға алмастырып, азаматтығымызды алған теннисші Ксения Первак қайтадан өз елінің атынан өнер көрсетуге бел буыпты. Бұл туралы WTA ресми сайты хабарлап, «уикипедия» да растап отыр. «Әннің де естісі бар, есері бар» деп жатамыз ғой, сол секілді азаматтығымызды алып, дүбірлі додаларға Қазақстан атынан өнер көрсетуге бел буған легионерлердің де түр-түрлісі бар. «Қиын-қыстау кезде бауырына қысты ғой, енді мен де жақсылықпен жауап берейін», – де…

0
0
458

С.Нұрғалиев Дүниежүзілік полицейлер мен өрт сөндірушілер ойындарында екі алтын жеңіп алды


С.Нургалиев

Солтүстік Ирландияда өтіп жатқан XV Дүниежүзілік полицейлер мен өрт сөндірушілер ойындарында Қазақстан құрамасының капитаны Серік Нұрғалиев ел қоржынына қос алтын салды, деп хабарлайды BNews.kz команданың баспасөз қызметкері Ринат Тасболатовқа сілтеме жасап.

«С.Нұрғалиев Бенчпресс (жатып сығымдап көтеру) және пушпуллифтинг (күштік қоссайыс) күш сайыстарында үздік нәтиже көрсетіп, екі рет алтын тұғырға көтерілді», — делінген Тасболатовтың хабарламасында.

Айта кетейік, спортшы таяуда жаттығу барысында ауыр жарақат алған болған, соған қарамастан ол үмітті ақтап отыр.

 

www.bnews.kz».

0
0
367

Қазақстан Баскетболдан Азия чемпионатында Оңтүстік Кореядан жеңіліп қалды

Қазақстанның ерлер құрамасы Баскетболдан Азия чемпионатында Оңтүстік Кореяға есе жіберді— 47:71 (14:16, 13:22, 9:19, 11:14), деп хабарлайды Sports.kz.

Естеріңізге сала кетейік, бұдан бұрын қазақстандықтар топтық кезеңнің үш ойынында жеңіске жеткен болатын, Қытай командасымен өте тартысты өткен кешегі ойында 67:73 есебі тіркелді.

Ертең ел спортшылары Иран құрамасымен кездеседі.

 

«www.bnews.kz».

0
0
256