Бокстан жаңа ел чемпиондары анықталды
Талдықорғандағы жазғы республикалық спартакиада аясында өткен бокс бойынша ел чемпионатының соңғы жекпе-жектері аяқталып, жеңімпаздар анықталды, деп хабарлады Қазақстандық Бокс федерациясының баспасөз қызметінен. Ең көп жүлдені Алматы облысы жеңіп алды — аймақтан 4 жаңа ел чемпионы шықты. Оңтүстік Қазақстан спортшылары екі алтын жүлдені алса, Қарағанды, Атырау, Қызылорда облыстары мен Астана қаласының қанжығасында бір-бір алтын медальдан бар. Жекпе-жектердің қорытындылары мен 2015 жылғы чемпиондардың тізімі: 49 келі Мардан Берікбаев пен Жомарт Ержанның ақтық жекпе-жегі 29:28, 29:28, 29:28 есебімен аяқталды. 1 орын — Мардан Берікбаев (Алматы облысы) 2 орын — Жомарт Ержан (ОҚО) 3 орын — Ермек Мәдиев (Жамбыл облысы), Бағдат Толыбаев (Алматы) 52 келі Азат Махметов пен Азамат Исақұловтың кезде…



