Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Бокстан жаңа ел чемпиондары анықталды

Талдықорғандағы жазғы республикалық спартакиада аясында өткен бокс бойынша ел чемпионатының соңғы жекпе-жектері аяқталып, жеңімпаздар анықталды, деп хабарлады Қазақстандық Бокс федерациясының баспасөз қызметінен.

Ең көп жүлдені Алматы облысы жеңіп алды — аймақтан 4 жаңа ел чемпионы шықты. Оңтүстік Қазақстан спортшылары екі алтын жүлдені алса, Қарағанды, Атырау, Қызылорда облыстары мен Астана қаласының қанжығасында бір-бір алтын медальдан бар.

Жекпе-жектердің қорытындылары мен 2015 жылғы чемпиондардың тізімі:

49 келі
Мардан Берікбаев пен Жомарт Ержанның ақтық жекпе-жегі 29:28, 29:28, 29:28 есебімен аяқталды.
1 орын — Мардан Берікбаев (Алматы облысы)
2 орын — Жомарт Ержан (ОҚО)
3 орын — Ермек Мәдиев (Жамбыл облысы), Бағдат Толыбаев (Алматы)

52 келі
Азат Махметов пен Азамат Исақұловтың кездесуі 29:28:0, 28:29, 29:28 есебімен аяқталды.
1 орын — Азат Махметов (Астана)
2 орын — Азамат Исақұлов (Маңғыстау облысы)
3 орын — Мирас Жақыпов (ШҚО), Әнуар Мұзапаров (Алматы)

56 келі
Дидар Өтелбаев ұпай саны бойынша Нұрбол Қалжановты ұтты — 30:27, 29:28, 29:28.
1 орын — Дидар Өтелбаев (Алматы облысы)
2 орын — Нұрбол Қалжанов (Маңғыстау облысы)
3 орын — Нұрсұлтан Қошеғұлов (Ақмола облысы), Мадияр Жанұзақ (Астана)

64 келі
Алмасбек Әлібековтың Сабыржан Бақбергеновқа қарсы үш раундының қорытындылары — 30:27, 30:27, 29:28.
1 орын — Алмасбек Әлібеков (ОҚО)
2 орын — Сабыржан Бақбергенов (Ақмола облысы)
3 орын — Мақсат Жексенби (Қарағанды облысы), Айдар Әмірзақов (ШҚО)

69 келі
Бекзод Халметов пен Азамат Досмағанбетовтың арасындағы жекпе-жек қорытындысы — 29:28, 30:27, 29:28.
1 орын — Бекзод Халметов (ОҚО)
2 орын — Азамат Досмағанбетов (Атырау облысы)
3 орын — Ернар Ешенов (Алматы облысы), Әділет Дәмешов (Ақтөбе облысы)

75 келі
Жәнібек Әлімханұлы мен Ерік Әлжановтың кездесуінің қорытындылары: 30:27, 30:27, 30:27.
1 орын — Жәнібек Әлімханұлы (Алматы облысы)
2 орын — Ерік Әлжанов (Маңғыстау облысы)
3 орын — Алмасбек Орынғалиев (БҚО), Манат Өмірзақов (ШҚО)

91 келі
Арбек Әбдіғаниев пен Рахман Әлжанов жекпе-жекті 28:29, 28:29, 28:29 есебімен аяқтады.
1 орын — Рахман Әлжанов (Атырау облысы)
2 орын — Арбек Әбдіғаниев (Алматы облысы)
3 орын — Олжан Бұқаев (Павлодар облысы), Алексей Севостьянов (Қарағанды облысы)

+91 келі
Қамшыбек Қонқабаевтың Нұржан Бекзатовқа қарсы шыққан жекпе-жегінің қорытындылары — 29:28, 29:28, 28:29.
1 орын — Қамшыбек Қонқабаев (Қызылорда облысы)
2 орын — Нұржан Бекзатов (ОҚО)
3 орын — Әли Балоев (Алматы облысы), Нұрсұлтан Аманжолов (Жамбыл облысы).

 
Басты сөздер: Спорт
АСТАНА. ҚазАқпарат
 
0
0
423

Осы тақырып бойынша

Бокстан жаңа ел чемпиондары анықталды - Yvision.kz