Сочидегі Олимпиадаға бару қазақстандық жанкүйерге 4000 долларға түседі
Сочидегі Олимпиадаға барып, отандық спортшыларға қолдау көрсету үшін қарапайым қазақстандықтан қанша шығын шығатынын Vesti.kz тілшісі есептеді. Мұндай демалыс қазақстандықтарға 600 мың теңгеге түседі екен. Бұдан да аз шығындалуға болады, алайда ол сіздің Сочиде қанша күн болатыныңызға байланысты. Спорт порталы ойындардың соңғы жеті күніне билет алуға кеңес береді. Самолетпен «барып-қайту» шамамен 200 мың теңгеге шығады. Басқа уақытта оның бағасы бұдан төмен болар еді, бірақ Олимпиада кезінде бағалар 20-30 пайызға көтеріледі. Ең қолайлысы — Мәскеу арқылы 6-7 сағатта ұшып бару. Сочи қонақ үйлерінде Ойындар кезінде бір адамға арналған бөлме тәулігіне шамамен 20 мыңнан 45 мың теңгеге дейін көтеріледі. Орташа бағаны есепке ала отырып, бір апта тұру үшін шамамен 200 мыңға жуық ақша шығындау кер…




