Мазмұнға өту
kazsportagent

Kazsport agent

@kazsportagent

Сайтта 2012 ж. 28 желтоқсанКазахстан, Астана

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ СПОРТ ЖӘНЕ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ІСТЕРІ АГЕНТТІГІ

рейтинг

100

жазбалар

4 640

пікірлер

0

тіркелуші

17

жазылымдар

442

Волейболдан «Грация KZ» командасы Украинада өткен халықаралық жарыста бірінші орынды иеленді

Украинаның Самбор қаласында 1999-2000 жылғы қыздар арасында «Самбор-2013» VІІ халықаралық турнирі мәреге жетті.

Облыстық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінен (ОБЖСМ) түскен мәліметке қарағанда, аталмыш жарыста Польша, Словения, Украина, Германия елдерінің командаларымен сынға түскен оралдық «Грация KZ» солардың бәрін де тізе бүктіріп, жеңімпаз атанды. ОБЖСМ тәрбиеленушілерінен құралған команданы Көлеңке Ғұбашев жаттықтырады.

Сондай-ақ Ресейдің Соль-Илецк қаласында 2001-2002 жылғы жасөспірімдер арасында өткен тағы бір халықаралық турнирде аталмыш ОБЖСМ командасы екінші орынға көтерілді. Оған Соль-Илецк, Орынбор, Пенза, Новокуйбышевск, Ясный және Орал қаласынан командалар қатысты. Оралдықтар Новокуйбышевск командасына ғана жол берді.

ОРАЛ.   ҚазАқпарат —  Автор: Елжан Ералы
0
0
441

Ережесіз жекпе-жек шебері Ержан Естанов бразилиялық Марсело Гайдучимен тең түсті

Филиппин елінің Иматра қаласында ережесіз жекпе-жектен жыл сайын өтетін «Carelia Fight IX» халықаралық дәстүрлі турнирі өтті. Онда ел намысын «Алаш прайд» клубының өкілі Ержан Естанов қорғаған болатын. 65 келі салмақта бақ сынайтын оның бразилиялық Марсело Гайдучимен жекпе-жегін төрешілер тең түсті деп бағалады. Оңтүстік Қазақстан облысының Сарыағаш ауданында өмірге келген ол бұған дейін 22 жекпе-жек өткізіп, оның 20-сында жеңіп, екеуінде жеңіліс тапқан болатын. Ең алғаш қоян-қолтық ұрыстан Бақытжан Ағаділовтан тәлім алған Ержан Естановтың қазіргі таңда қоян-қолтық ұрыс, джиу-джитсу, әскери самбо, ушу-саньда және «Жекпе-Жек» сияқты спорт түрлерінен спорт шебері дәрежесі бар. 2007 жылы қоян-қолтық ұрыстан, 2008 жылы джиу-джитсудан, 2009 жылы ушу-саньдадан Әлем чемпионы атағын иеленген ол 2…

0
0
415

Қазақстандық спортшы бодибилдинг бойынша Азия чемпионатында алтынды жеңіп алды

Вьетнамда өткен бодибилдинг және фитнес бойынша 47-ші Азия чемпионатында қазақстандық спортшы Дания Тілеуімбетова модель-физик дәрежесінде алтын медальды жеңіп алды, деп хабарлайды vesti.kz порталы. Бұл отандық спортшылар арасындағы осындай деңгейдегі алғашқы жоғары жетістік. Құрлық біріншілігінде барлығы жиырма жеті елден екі жүзден астам қатысушы жиналды. Бұл спортшы мансабындағы тек екінші ресми турнир болғанын атап өткен жөн. Биыл көктемде Тілеуімбетова Қазақстанның Ашық чемпионатында ойын көрсетіп, төртінші орынды алды. «Ел чемпионатынан кейін мен қысқа демалысқа шықтым және өзімнің әрі қарайғы ойын көрсетуімді, тіпті, жоспарлаған да жоқпын, бірақ, мұнда менің жаттықтырушым Қайрат Сыздықов телефон соғып, маған менің Азия чемпионатына шақырылғанымды айтты. Дайындалуға уақыт өте аз бол…

0
0
323

«Алматы туры» веложарысының жеңімпазы 15 мың еуро алады

«Алматы туры» веложарысының жалпы жүлде қоры 39 мың еуроны құрайды, ал оған 20 команда сынға түспек, деп хабарлайды Vesti.kzтілшісі. «Жарыс жеңімпазы 15 мың еуро алады, — деді арнайы баспасөз мәслихатында Халықаралық велосипедшілер одағының техникалық кеңесшісі Джек Ватсон, — көптеген мықты командалардың назарын аударған бұл жақсы жүлде қоры. Ақшалай марапатты жарыс жүлдегерлері де, жарыс қорытындысы бойынша мықтылар жиырмалығына өтетін спортшылар да алады. Сондай-ақ, жарыстың ең үздік жақын қашықтыққа жүгірушісіне де жүлде ойнатылады». Жарыстың соңғы сағатының тікелей трансляциясы «Еуроспорт» телеарнасынан көрсетіледі. Жарысты белгілі спорт түсіндірмешісі Сергей Курдюков жүргізеді. Көрермендерге қатысты айтар болсақ, Алматы қаласы дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Қайырбола…

0
0
370

Көкпардан I ашық Азия чемпионатына 8 мемлекеттің құрамасы қатысады

Көкпардан I ашық Азия чемпионатына 8 мемлекеттің құрамасы қатысады. Бұл туралы бүгін Астанада өткен баспасөз мәслихатында ҚР Ұлттық спорт түрлері федерациясының бірінші вице-президенті Бекболат Тілеухан мәлім етті. Ұйымдастырушылардың айтуынша, чемпион 10-15 қыркүйек күндері «Қазанат» атшабарында өтеді. Біріншілікке Азияның 8 мемлекеті: Ауғанстан, Қырғызстан, Моңғолия, Түркия, Қытай, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан елдері қатысады. Көкпардан I ашық Азия чемпионатының бас демеушісі — «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ. Айта кетейік, көкпар — Орталық Азиядағы көшпелі халықтың көне ұлттық спорт ойыны. Кейінгі жылдары Қазақстан көкпарды жандандыруды қолға алып келеді. Нәтижесінде, көкпардан халықаралық спорт федерациясы құрылып, оған аймақтағы мемлекеттермен қатар, Қытай, Пәкістан, Түркия,…

0
0
327

«Денсаулық фестивалі — 2013» акциясы аясында жүгіруге 4 мыңға жуық астаналық қатысты

Астананың «Жерұйық» саябағында «Денсаулығым керемет — жаттығуға көп рахмет» ұранымен «Денсаулық фестивалі — 2013» дәстүрлі кең ауқымды акциясы болып өтті. Бұл туралы astana.kz сайтына Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының баспасөз қызметінен хабарлады. Іс-шара М.Жұмабаев және Қ.Мұңайтпасов көшелерінің қиылысында интернационалист-жауынгерлерге арналған ескерткіштің жанынан акция өткізілетін жерге («Жерұйық» паркі) дейінгі жүгіруден басталды. Оған 4 мыңға жуық адам қатысты. Іс-шара аясында парк аумағында қалалық емханалар «Денсаулық қалашығын» ұйымдастырып, қант диабетіне экспресс-тесттер өткізіп, адамдардың қан қысымын өлшеп, кеңестер берді. Медицина қызметкерлерінің арасында спорт жарыстары, салауатты өмір салтын сақтау ережелеріне қатысты шағын тренингтер өткізілді. Бұдан басқа,…

0
0
538

Винченцо Нибали «Вуэльтаның» 14-кезеңінде мәреге екінші келді

«Вуэльта» көпкүндігінің 14-кезеңінде «Cannondale» командасының итальяндық велошабандозы Даниэле Ратто жеңіске жетті, деп хабарлайды Sports.kz.Екінші орынды «Астана» капитаны Винченцо Нибали иеленді. «RadioShack» командасының басты үміті Кристофер Хорнер мәре сызығын үшінші болып қиды. Кезең қорытындысында Нибали жалпы есепте көш басында қалып отыр. Екінші орында — «RadioShack» өкілі америкалық Кристофер Хорнер, испандық Алехандро Вальверде («Movistar») — үшінші. «Вуэльта», 14-кезең Бага - Андорра, 155,7 км 1. Даниэле Ратто (Италия, «Cannondale») - 4:24:00 2. Винченцо Нибали (Италия, «Астана») - + 3:53 3. Кристофер Хорнер (АҚШ, «RadioShack») - + 3:55 Жалпы есеп 1. Винченцо Нибали (Италия, «Астана») - 53:56:49 2. Кристофер Хорнер (АҚШ, «RadioShack») - +0:50 3. Алехандро Вальверде (Испания,…

0
0
216

«Барыс» алғашқы матчты рекордпен бастады

Кеше Құрлықтық хоккей лигасының алтыншы чемпионаты аясында «Барыс» хоккей клубы алғашқы ойында Череповец қаласының «Северсталь» командасымен кездесіп, өз қарсыласын 10:1 есебімен ойсырата ұтты. Ойынның басында есеп ашылмаса да, «Барыстың» тафгайы Джошуа Грэттон және қарсылас Пахрудин Гимбатов арасындағы төбелес жанкүйерлердің делебесін қоздырды. Бұл жекпе-жекте Дж.Грэттонның мерейі үстем болды. Содан «Барыс» хоккейшілерінің тынысы ашылған болуы керек, бірнеше минуттан кейін Дастин Бойдтың тамаша шайбасы қарсыластардың қақпасынан табылды. Ал екінші кезеңнің алғашқы минуттарында Брэндон Боченски есепті 2:0-ге дейін жеткізді. Осыдан кейін Талғат Жайлауов ережені бұзып, айып уақытын өтеуге аттанды. Оның артынан Майк Ландин де ойыннан екі минутка шеттетілді. Осылайша, «Северстальдың» бес ойынш…

0
0
351

Күрес Олимпиада бағдарламасында қалды


Күрес Олимпиада бағдарламасында қалды. Мұндай шешім Буэнос Айресте өтіп жатқан кезекті ХОК сессиясында қабылданды.Бұл туралы «Аламан» хабарлады. Биылғы жылдың ақпан айында ХОК күресті Олимпиада бағдарламасынан алып тастаған болатын. Кейін күрес, сквош, бейсбол спорттарының бірі ғана Олимпиадаға енеді деген еді. 8 қыркүйек күні өткен дауыс беру шарасында ХОК-тың 49 мүшесі күресті, 24 мүшесі бейсболды, 22 мүшесі сквошты жақтап дауыс берген.

 

АСТАНА.  ҚазАқпарат

0
0
438

Виталий Кличко 2014 жылы спорттық мансабын аяқтайды

Бокстан WBC нұсқасы бойынша аса ауыр салмақтағы әлем чемпионы Виталий Кличко кәсіпқойлар арасындағы спорттық мансабын 2014 жылы аяқтауы мүмкін.Бұл туралы РБК хабарлайды. Ағайынды Кличколардың K2 Promotions промоутерлік компаниясының өкілі Том Леффлердің айтуынша, Виталий Кличко енді спорттық ғұмырында бір ғана кездесу өткізуі ықтимал. Чемпиондық атаққа үміткер канадалық Бермейн Стивернге қарсы жекпе-жегінде украиндық осы атақты қорғап қалу үшін шаршы алаңға соңғы рет көтеріледі. Виталий Кличко бұған дейін 2012 жылдың қыркүйегінде Мәскеуде шаршы алаңға шыққан, ол кезде Мануэль Чаррды техникалық нокаутпен ұтқан болатын. Украиндық боксшы барлығы 47 кездесу өткізсе, оның 45-ін (41 нокаутпен) жеңіспен аяқтады. Екі рет жеңілістің ащы дәмін татқан — 2003 жылы Леннокс Льюистен және 2000 жылы Крис…

0
0
258