Мазмұнға өту
kazsportagent

Kazsport agent

@kazsportagent

Сайтта 2012 ж. 28 желтоқсанКазахстан, Астана

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ СПОРТ ЖӘНЕ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ІСТЕРІ АГЕНТТІГІ

рейтинг

100

жазбалар

4 640

пікірлер

0

тіркелуші

17

жазылымдар

442

Әлем чемпионатында қазақстандық балуандар үмітті ақтамады

Кеше күрестен Венгрияның Будапешт қаласында әлем чемпионаты басталды. Бірінші күнде қазақстандық балуандар үмітті ақтамады. 55 келідегі үмітіміз Расул Қалиев ирандық Фарман Хассан Рахимиден 6:0 есебімен ұтылып қалды. Дегенмен, Рахими финалға шығып, Расул жұбаныш белдесуіне мүмкіндік алды. Жұбаныш кездесудің алғашқысында Қалиев кореялық Ким Сонг Уонды және қырғыз Алтынбек Әлімбаевты жеңді. Бірақ қолаға талас кезінде ресейлік Нариман Исраповтан таза ұтылды. 66 келіде Дәурен Жұмағазиевтің де жолы болмады. Ол алғашқы белдесуде қытайлық Джианфу Джангты ұтқанымен кейін канадалық Хайслен Гарсияға 2:3 есебімен жеңіліп қалды. Хайслен де финалға шыға алмай, Жұмағазиев қоладан да үмітін үзді. 96 келіде Таймураз Тигиев алғашында Худербулга Боркхандты жеңгенімен ресейлік Анзор Болтукаевтан ұтылып қалд…

0
0
326

Алматыда Жасөспiрiмдер мен қыздар арасындағы Еуразия спорттық ойындары басталды

Ағымдағы жылы 16-20 қыркүйек аралығында Алматыда Жасөспiрiмдер мен қыздар арасындағы үшiншi Еуразия спорттық ойындары өтедi. ҚР Спорт және дене­шынықтыру iстерi агенттiгi төрағасының орынбасары Елсияр Қанағатовтың айтуынша, ұйымдастырушылар тарапынан барлық жағдай жасалды. Жасөспiрiмдер мен қыздар арасындағы үшiншi Еуразиялық спорттық ойындардың регламентiне сәйкес спортшылар спорттың 13 түрiнен сынға түсiп, 232 медальды сарапқа салады. Жарысқа Ресейден — 288, Қырғызстаннан — 175, Беларуссиядан — 100, Тәжiкстаннан — 160, Қазақстаннан 297 спортшы қатысады. Жалпы, сайысқа 1000-нан астам адам қатысса, оның 700-i — спортшылар. Жарысқа 400 төрешi төрелiк етедi. Шараның ашылу салтанаты «Сұңқар» халықаралық трамплиндер кешенiнде 15 қыркүйек күнi, сағат 19:00-де өтедi деп жоспарланған. Ал, сайыст…

0
0
288

Мұхит Тұрсынов «Алтай барысы» атанды

Кенді Алтайда дүркіреп өткен Оралхан Бөкейдің тойында балуандар арасында «Алтай барысы» анықталды. Жазушының тарихи повесіне арқау болған өз заманында «бөрікті балуан» атанған Айпара-анаға дейін де, одан кейін де Төр Алтайда небір балуандар өткен. Алайда дәл бүгінгідей бәсі жоғары, тартымды да тартысты дода болмағанына да біраз болыпты. Атан жілік, апайтөстер қарсы келгенді айбарымен жасқаса, бұқа мойын, бура сандар белдескеннің бәрін күшімен тұқыртып жатты. Ал қайыстай тартылған ықшам денелі, қабыландай құйтұрқы қимылды тарамыс балуандар әдістің түр-түрін көрсетіп, тамашалағандарды пай-пайлатып-ақ тастады. Айбек Нұғымаровқа дейін «Қазақстан барысының» атағын иеленген тараздық Бейбіт Ыстыбаев пен қызылордалық Ұлан Рысқұловтың кілемге шығуын тағатсыздана күтіп отырған жұрт өзге балуандарды…

0
0
560

«Астана» велошабандозы Винченцо Нибали «Вуэльта» қорытындысы бойынша екінші орында


Винченцо Нибали

Австралиялық Майкл Мэтьюз «Orica» «Вуэльта» көпкүндігінің қорытынды кезеңінің жеңімпазы атанды, деп хабарлады Sports.kz.

Екінші орында американдық Тайлер Фаррар «Garmin», үшінші неміс Никлас Арндт «Argos». Жалпы есепте «RadioShack»-тан америкалық Кристофер Хорнер бірінші жетсе, оның артынша «Астана» командасынан итальяндық Винченцо Нибали мен «Movistar»-дан испандық Алехандро Вальверде келді.

   

АСТАНА.  ҚазАқпарат

0
0
197

Қазақстан — көкпардан Азия чемпионы

Астанада тұңғыш рет көкпардан өткен Азия чемпионаты мәресіне жетті. Еліміздің бас командасы бес күн бойы «Қазанат» атшабарының шаңын қаққан командалар арасында тұңғыш Азия чемпионы атанды! Сөйтіп, көпшілігіміз күткендей, Азия чемпионы деген мәртебелі атақты басқа емес, өзіміздің ұлттық құрама командамыз иеленіп, Астана аспанында еліміздің әнұранын тағы да қалықтатты. Кеше біздің құрама финалда Қырғызстан командасымен кездесіп, 4:2 есебімен ұтты. Бұл кездесуде біздің құрама Азия чемпионы атағын жеңіп алу бар күш-жігерін жұмсап, айлар бойы дайындалған еңбегінің терін төкті десе болады. Онда команданың бас жаттықтырушысы Қуанышбек Құрамаев бастаған жігіттеріміз өздерінің ептілігімен, бұла күшінің мықтылығымен жұртшылық алдында жанкүйерлерін жерге қаратпай, қарсыластарынан таза, әділ өткен ой…

0
0
517

Волейбол: Қазақстанның құрамасы бірінші орынға көтерілді


Қазақстан құрамасы
Тайландта өтіп жатқан әйелдер арасындағы волейболдан 17-ші Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы өз тобында бірінші орынға ие болды.

Кеше біздің волейболшы қыздарымыз Австрия құрамасын 3:1 (25:16, 25:15, 24:26, 25:18) есебімен ұтып, жалпы 9 ұпай жинады. Осының арқасында «А» тобында бірінші орынға шығып, ширек финалға жолдама алды. Бұған дейін Қазақстанның волейбол командасы өз тобындағы Тайланд пен Моңғолия командаларын жеңген болатын.

АСТАНА.   ҚазАқпарат - Автор: Арман Асқаров
0
0
1384

Мессидің жалақысы екі есе көбеймек


Лионель Месси

Punto Pelota хабарлайды, «Барселонаның» шабуылшысы Лионель Месси каталондық басшылықпен келісімнің қаржылық жағын қайта қарауға келіссөз жүргізгісі келетінін жеткізген.

Аргентикалық ойыншының қазіргі таңдағы жылдық табысы 10, 5 миллион еуроны құрайды. Соған қарамастан, даңқты аяқдоп шебері іс жүзінде жалақыны екі есеге көтеруін талап етпек.

Бұл дегеніміз, Месси жылдық табысы 18 миллион еуроға жеткен, өз кезегінде, әлемдегі ең жоғары жалақылы ойыншыға айналады деген сөз.

Ертеректе Goal.com порталы өткен маусымның үздік ойыншысын анықтаған болатын. Сол жолы 500-ге тарта БАҚ өкілдері каталондық шабуылшыны «Әйгілі сұрмерген» деген атаққа үшінші рет ұсынған еді.

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

0
0
443

Қазақстан ФИФА рейтингінде 17 саты жоғарылады

Футболдан ФИФА ұлттық құрамалардың жаңа рейтингін жариялады. Қазақстан ұлттық құрамасы 17 саты жоғарылап, 132-ші орынға табан тіреді. Көш басында келе жатқан алғашқы ондықтағы ұлттық құрамалардың нәтижелерінде өзгерістер орын алды. Испания ұлттық құрамасы тізгінді өз қолында ұстап қалса, Лионель Месси бастаған Аргентина құрамасы екінші орынға көтерілді. Уругвай құрамасы 5 саты көтеріліп 7 орынға жайғасса, Бельгия құрамасы 4 саты жоғарылап, 6 орынға көтерілді. Есесіне Нидерланды мен Португалия ұлттық құрамалары төменгі орындарға сырғыды. Ең төменгі нәтижені Суринам ұлттық құрамасы көрсетіп отыр. Олар 35 саты төмендеп, 135-ші орынға тұрақтаған. Бұл рейтингтің үздік көрсеткішін Гамбия құрамасы еншіледі. Олар бірден 27 саты жоғарылап, 136-шы орынға табан тіреген. Сонымен қатар Солтүстік Ирлан…

0
0
375

Азия чемпионаты: бүгін Қазақстанның волейболшылары алғашқы ойынын өткізеді


Бүгін Тайландта әйелдер командалары арасындағы волейболдан 17-ші Азия чемпионаты басталады.

Аталған спорт додасына Австралия, Моңғолия, Қазақстан мен Тайландтың волейбол командалары қатысады. Бүгін Қазақстанның әйелдер құрамасы алғашқы ойынын өткізеді. Олардың қарсыластары — Тайланд. Бұл ойынды «Қазспорт» телеарнасынан сағат 13:00-де тікелей эфир арқылы көруге болады.

АСТАНА.  ҚазАқпарат - Автор: Арман Асқаров
0
0
240

Хоккей: «Барыс» «СКА»-дан ұтылып қалды

Кеше Құрлықтық хоккей лигасының жаңа маусымы аясында «Барыс» хоккей клубы өз алаңында «СКА» (Санкт-Петербор) командасымен кездесті. Статистика бойынша бұған дейін аталған екі команда он рет кездескен. Он матчтың жетеуінде «СКА» командасы жеңіске жетсе, тек үшеуінде ғана «Барыстың» мерейі үстем болды. Өкінішке қарай, бұл жолы сәтсіздік тағы жалғасты. Ойынның бірінші кезеңінде қарсыластар есеп ашса да, «Барыс» оны іле-шала теңестіре білген еді. Алайда, көп ұзамай «СКА» тағы да суырылып алға шықты. Есеп — 1:2. Ал екінші кезеңде біздің қақпамызға кірген үш бірдей шайба жанкүйерлердің еңсесін түсірді. Дегенмен үшінші кезеңде бір шайбаны салудың реті келді. Осымен ойын да аяқталды. Қорытынды есеп — 2:5. Осы ойыннан кейін «СКА» тағы үш ұпайды олжалап, 12 ұпаймен турнир кестесінде бірден бірінші…

0
0
297