Мазмұнға өту
kazsportagent

Kazsport agent

@kazsportagent

Сайтта 2012 ж. 28 желтоқсанКазахстан, Астана

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ СПОРТ ЖӘНЕ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ІСТЕРІ АГЕНТТІГІ

рейтинг

100

жазбалар

4 640

пікірлер

0

тіркелуші

17

жазылымдар

442

Грузия Сочи Олимпиадасына қатысудан бас тартуы мүмкін

Егер 2014 жылғы Сочи Олимпиадасы қарсаңында ойындарға қатысу елдің намысын таптау секілді көрінетін болса, Грузия ойындардан бас тартуы мүмкін.

Бұл туралы елдің премьер-министрі Бидзина Иванишвили мәлім етті.

Бұған дейін Грузияның Ұлттық Олимпиада комитеті ел спортшыларының жарыстарға шығатыны жөнінде хабарлаған еді, алайда соңғы күндері елде Грузияның Ресейде өтетін Ойындарға қатысуына қарсылық шаралары белсенді жүргізілуде.

0
0
263

Қазақстан құрамасы Ирландиядан жеңіліс тапты

2014 жылы Бразилияда өтетін футболдан әлем чемпионатының еуропалық матчтары аяқталды. Қазақстан құрамасы соңғы ойынын Ирландияда жергілікті командаға қарсы өткізген болатын. Әлдеқашан әлем біріншілігінде доп тебуден күдер үзген қос команда арасындағы ойында біздің жігіттер 1:3 есебімен жеңіліс тапты. Алайда алғаш болып есепті қазақстандықтар ашты. 13-минутта Дмитрий Шомко Форд қорғаған қақпадан саңылау тапқан болатын. Алайда бірінші таймда ирландықтар есепте алға шығып үлгерді. Алаң иелері сапынан Робби Кин мен Джон О’Ши көзге түсті. Ойынның негізгі бөлігі аяқталуға 12 минут қалғанда алғашқы доптың авторы Шомко өз қақпасын дәл көздеп, қорытынды есепті белгіледі — 3:1. Біздің құрама 10 ойында қанжығасына бес ұпай байлап бесінші орынды қанағат тұтты. Ирландия — Қазақстан 3:1 (2:1) Голдар: Ш…

0
0
296

Әлем чемпионатына аттанатын зілтеміршілердің есімдері белгілі болды

Польшаның Вроцлав қаласында өтетін ауыр атлетикадан Әлем чемпионатына қатысатын қазақстандық зілтеміршілердің есімдері белгілі болды. Vesti.kz сайты хабарлағандай, кеше өткен негізгі оқу-жаттығудан кейін ауыр атлетикадан Қазақстан құрамасының бас бапкері Алексей Ни чемпионатқа баратын спортшыларды іріктеп алды. Ерлер құрамасына Тимур Хасаров пен Арли Чонтей (56 келіге дейін), Альберт Линдер (62 келіге дейін), Владимир Седов пен Алмас Өтешев (94 келіге дейін), Ескендік Момынбеков, Сергей Истомин және Зелімхан Әбубәкіров (105 келіге дейін және одан жоғары) кірсе, әйелдердің атынан Галина Мамотова (48 келіге дейін), Маргарита Елисеева (53 келіге дейін), Сәуле Сәдуақасова (58 келіге дейін), Карина Горичева (63 келіге дейін), Жазира Жаппарқұл (69 келіге дейін), Анастасия Халикова (75 келіге де…

0
0
329

Қазақстанда спортпен шұғылданатындардың саны 3,6 млн. адамды немесе ел халқының 21,6 пайызын құрайды

Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласында ҚР Спорт және дене шынықтыру агенттігінің көшпелі алқа мәжілісі өтті. Онда бұқаралық спортты дамыту мәселелері мен спорт резервін дайындаудағы және ұлттық құрама команданы қалыптастырудағы өңірлердің рөлі мәселесі қаралды. Алқа отырысына Қазақстан Республикасы Cпорт және дене шынықтыру істері агенттігінің төрағасы Ерлан Қожағапанов, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Әли Бектаев қатысты. Бұл туралы ОҚО әкімдігінің баспасөз қызметінен хабарланды. Алқа мәжілісінде баяндама жасаған Cпорт және дене шынықтыру істері агенттігінің төрағасының орынбасары Елсияр Қанағатовтың айтуынша, бүгінгі таңда республикада 16 өңірлік Жоғары спорт шеберлігі мектебі бар, онда 61 спорт түріне ерекше көңіл бөлініп келеді. Ағымдағы жылы осы мектептерге қатысуш…

0
0
492

«Алтын күз» фестиваліне 1200 астам елордалық қатысты

«Достық» спорт комбинатында жеңіл атлетикадан «Алтын күз» фестивалі өтіп, оған 1200 астам адам қатысты. Бұл туралы astana.kz сайтына Туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасынан хабарлады. Фестиваль жеңіл атлетикадан жазғы маусымның жабылуына орай ұйымдастырылды. Іс-шара аясында ерлер арасында 1000 м, әйелдер арасында 500 м жүгіруден жарыс өтті. Спорттық шараларға құқық қорғау органдарының қызметкерлері, әскери қызметшілер, түрлі мекемелердің мемлекеттік қызметкерлері, колледждер мен ЖОО студенттері, сондай-ақ, мектеп оқушылары қатысты. Ұйымдастырушылардың айтуынша, іс-шараның негізгі мақсаты мен міндеті елімізде жеңіл атлетиканы дамыту, салауатты өмір салтын насихаттау, командалар арасында тәжірибе алмасу және мықты спортшыларды анықтау болып табылады. АСТАНА. ҚазАқпарат - Автор: Марл…

0
0
565

Алматы тау бөктерінде «Mountain Rage» экстремалды веложарыс өтуде

Осы демалыстарда Алматы маңындағы «Ақ-Бұлақ» тау курортында Солдат шатқалында «Mountain Rage» экстремалды веложарысы өтуде, деп хабарлады жарысты ұйымдастыру бойынша комитеттің баспасөз қызметінен. Бағдарлама бірнеше тәртіп бойынша: DHI (таудан шапшаң түсу — ҚР чемпионаты); XCEN (Cross Country Eliminator (қарғып өту бойынша айналма жарыс, XCE), Cross Country Night Race (тау жарысы, түнгі жарыс, XCN) — Алматы чемпионаты); «Apple Race» («алма жарысы» — Алматы чемпионаты) өткізілмек. «Алма жарысы» биыл 11-рет өтуде. Маунтинбайк әйуесқойлары мұндай жарысты алғаш рет 2003 жылы Көк төбеде өткізген. Одан кейінгі жарыстар әуесқойларға да, кәсіби спортшыларға да арналып, әр жылдары Алматы төңірегінде және қаланың өзінде өткізілді Жарыс мақсаттарының бірі — жастар ісіне және салауатты, белсенді өмі…

0
0
627

Санкт-Петерборда Бүкіләлемдік әскери өнер ойындары өтеді

Ресейдің Санкт-Петербор қаласында 18-26 қазан күндері Бүкіләлемдік әскери өнер ойындары өтеді. Онда айкидо, бокс, күрес, джиу-джитсу, дзюдо, карате, кикбоксинг, кэндо, сават, самбо, сумо, тай боксы, тхэквондо, ушу, семсерлесу сияқты спорт түрлері бойынша 135 медальдар жиынтығы сарапқа салынады. Шара барысында, сондай-ақ, «Спорт. Адам. Денсаулық» VI Халықаралық конгресі, «Заманауи әлемдегі әскери өнер және спорттық жекпе-жек» халықаралық көрмесі, «Әскери өнер мен спорттық жекпе-жек әлемі және қоғам» халықаралық форумы болады. Онда жарыстың алғашқы күні — 7 (самбодан — 3, сумодан — 4) медальдар жиынтығы сарапқа салынса, ал соңғы күні 15 медальдар жиынтығы (ушу -12, семсерлесу -2) сарапқа салынбақ. Жалпы бұл дүбірлі додада әлемнің түкпір-түкпірінен келген спортшылар джиу-джитсудан — 18, күре…

0
0
215

Республикада дене шынықтыру-сауықтыру кешендерін салуға 4,7 млрд. теңге қарастырылған

2014 жылға арналған бюджеттің жобасында дене шынықтыру-сауықтыру кешендерін салуға 4,7 млрд. теңге көзделген. Аталған кешендер 70 пайыз республикалық бюджеттен, 30 пайыз жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын болады. Бұл туралы бүгін ҚР Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінде өткен қоғамдық кеңес отырысында ведомство басшысы Ерлан Қожағапанов айтты. Оның мәліметінше, бүгінгі таңда республика бойынша спорттық кешендерге деген жалпы қажеттілік 1 млн.-нан астам шаршы метрді құрайды. Ал қазіргі бары 587 шаршы метр, яғни 44 пайыз ғана. Сонда қазіргі тапшылық 747 мың шаршы метрді құрап отыр. «Мемлекет басшысы біздің алдымызға кәсіби спорт резервін даярлау үшін, жалпы білім беру мектептерінде дене шынықтыру сабақтарын өткізу және жалпы халықтың сауығуы үшін пайдаланылатын дене шынықтыру —…

0
0
349

12 жасар қазақстандық пауэрлифтинг бойынша әлем чемпионы атанды

12 жастағы қазақстандық — Никита Тымченко ҰПҚ нұсқасы (Ресейдің Ұлттық паурлифтинг қауымдастығы) бойынша әлем чемпионы болды, деп хабарлайды Vesti.kz. Қазан айының басында Екатеринбургте қүш сынасу спорт түрі бойынша «Алтын жолбарыс» дәстүрлі фестивалі өтті. Ол жеті жыл қатарынан өтіп келеді, және осы жолы оған үш мыңнан астам спортшы қатысып, ал көрермендер саны он мыңнан асып жығылды. «Алтын жолбарыс» «Арнольд Классик Еуропаны» басып озып, Еуропадағы осындай жарыстардың озығы болып саналады. Турнир шеңберінде ҰПҚ нұсқасы бойынша әлем чемпионаты өткізілді. Қарағандыға жақын орналасқан Теміртаудың үш спортшысы бірдей Екатеринбургте чемпион атанды. Қазақстан қауымдастығының өтініші бойынша жарысқа қатыстырылған 12 жастағы Никита Тымченко 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өз салмағын көт…

0
0
395

Футболдан Еуропа чемпионатының іріектеу додасындағы Қазақстан мен Беларусьтің жастар құрамасы арасындағы ойын 1:2 есебімен аяқталды


Еуропа чемпионатының іріктеу додасындағы Қазақстан мен Беларусь құрамалары
Алматыдағы Орталық стадионда футболдан жастар арасында 2015 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу додасындағы Қазақстан мен Беларусь құрамаларының алғашқы кездесуі өтті.

Онда Сергей Боровский жаттықтыратын алаң қожайындары қонақтарға 1:2 есебімен есе жіберді. Үш доп та ойынның алғашқы жартысында соғылған болатын. Игорь Ковалевич баптайтын беларусьтар бірінші боп есеп ашып, есеп теңескеннен кейін де оны жылдам өзгертуге қол жеткізді. Соның нәтижесінде сырт алаңнан ұпай олжалаған беларусьтар турнир кестесінде бірінші орынға шықты.

Енді қазақстандықтар келесі ойынын сырт алаңда 14 қазанда Армения құрамасымен өткізеді. Олар Ереванға Алматыдан 12 қазанда аттанатын болады.

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Автор: Ерлік Ержанұлы
0
0
294