Мазмұнға өту
kazsportagent

Kazsport agent

@kazsportagent

Сайтта 2012 ж. 28 желтоқсанКазахстан, Астана

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ СПОРТ ЖӘНЕ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ІСТЕРІ АГЕНТТІГІ

рейтинг

100

жазбалар

4 640

пікірлер

0

тіркелуші

17

жазылымдар

442

Қазақстан құрамасы ФИФА рейтингісінде төрт сатыға жоғары көтерілді

ФИФА ұлттық құрамалардың жаңартылған рейтингін жария етті, деп хабарлады Sports.kz. Осы айда Қазақстан ұлттық құрамасы төрт сатыға жоғары көтеріліп, 128-орынға жайғасты. Көш басында футболдан Әлем және Еуропа чемпиондары Испания құрамасы, содан кейін Германия және Аргентина. ФИФА рейтннгі 1 (1). Испания — 1507 ұпай 2 (2). Германия — 1318 3 (3). Аргентина — 1251 4 (4). Колумбия — 1200 5 (5). Португалия — 1172 6 (6). Уругвай — 1132 7 (7). Италия — 1120 8 (8). Швейцария — 1113 9 (9). Нидерланды — 1106 10 (10). Бразилия — 1102 18 (18). Украина — 907 22 (22). Ресей — 870 34 (35). Армения — 716 68 (68). Өзбекстан — 526 81 (82). Беларусь — 431 94 (95). Әзірбайжан — 363 94 (96). Эстония — 363 96 (97). Молдова — 359 101 (101). Грузия — 330 102 (102). Литва — 326 114 (116). Тәжікстан — 286 116 (119…

0
0
358

Қазақ деген атпен шыққан Alash Pride спортшысы Азия чемпионы атанды

Қайрат Ахметов Азия чемпионы титулын жеңіп алды

Alash Pride клубының Қазақ деген атпен танылған спортшысы Қайрат Ахметов Азия чемпионы титулын жеңіп алды, деп хабарлады Vesti.kz.

Алматыда өткен «Ұлы майдан» турнирінің бағдарламасында Қазақ Жапония өкілі Ватанабе Татсуямен кездесті. Табанды кездесу жоспарланған үш раундқа жалғасып, төрешілер жеңісті қазақстандық спортшыға берді.

Осы кездесудің алдында Alash Pride-тан Арман Оспанов ресейлік Евгений Леничевті ұтса, Шешенстан Республикасының спортшысы Лом Али Медиев Азамат Баходурзодудан басым түсті. Осылайша Alash Pride пен әлем құрамасының арасындағы кездесудің есебі 7:5-ті көрсетіп, алаң иелерінің пайдасына шешілді.

0
0
456

Қазақстандық шаңғышы қыздар Универсиадада қола еншіледі

Қазақстандық шаңғышы қыздар Универсиадада қола еншіледі

Қазақстанның шаңғыдан қыздар құрамасы Италияның Трентино қаласында өтіп жатқан Бүкіләлемдік қысқы Универсиада-2013-те 3х5 шақырымдық эстафетада қола жүлдеге ие болды, деп хабарлады Vesti.kz.

Эстафетада басты межені 42 минут 15,8 секундта бағындырған Украина командасы бірінші орынды жеңіп алды, екінші орын Швеция құрамасына бұйырды, олар жеңімпаздардан небәрі 3,1 секундқа қалып қойды.

Ал құрамында Татьяна Осипова, Ольга Мандрик және Марина Матросова бар қазақстандық команда жеңімпаздардан 19,6 секундқа қалып қойды.

0
0
374

Минск қаласында қазақ күресінен ІV Әлем чемпионаты өтеді

Минск қаласында қазақ күресінен ІV Әлем чемпионаты өтеді

21-22 желтоқсан күндері Беларус астанасы — Минск қаласында қазақ күресінен ІV Әлем чемпионаты өтеді. Байрақты бәсекеге әлемнің 40-қа жуық мемлекетінен 200-ден астам балуан қатысады деп күтілуде, деп хабарлайды Baq. kz .

Аталған сында ел намысын қорғайтын спортшылар:

60 келі — Абзал Арыстанбеков
70 келі — Ерлан Естек
80 келі — Ерсін Мұхамеджанов
90 келі — Мұхит Тұрсынов
+90 келі — Айбек Нұғымаров

Естеріңізге болса, Абзал Арыстанбеков, Ерлан Естек, Ерсін Мұхамеджанов және Мұхит Тұрсынов тұңғыш рет Тараз қаласында өткен «Еуразия барысы» халықаралық турнирінде тамаша өнер көрсеткен болатын. Сондай-ақ, бұл дүбірлі додада «Қазақстан барысы-2013″ турнирінің жеңімпазы Айбек Нұғымаров та бозкілемге шығады. Ұлттық құраманың балуандары көк туымызды желбіретеді деп сенеміз.

0
0
270

Жансая Әбдімәлік әлемді тағы да мойындатты

Жансая Әбдімәлік

Еліміздің жас шахматшысы Жансая Әбдімәлік Чехияда BRNO OPEN 2013 халықаралық турнирінде жеңімпаз атанды. Бұл жарысқа әлемнің 14 елінен 70-ке жуық спортшы қатысты. 20 жасқа дейінгі қыздар арасынан вице-чемпион атанған жерлесіміз 7,5 ұпай жинап, әлемді тағы да мойындатты.

Швейцариялық жүйе бойынша ұйымдастырылған турнирге қатысушылардың арасында алты халықаралық дәрежедегі және бес ФИДЕ шебері бар.

Жерлесіміз мүмкін болған 9 ұпайдың 7,5-ін қоржынына салып, әйелдер арасындағы гроссмейстер атануға мүмкіндік алды, деп хабарлады 24.kz.

0
0
309

Қазақстан құрама командасы 3-ші орында

Қытай елінің Хайнань өңірінде дзюдодан жасөспірімдер және жастар арасында Азия чемпионаты аяқталды. Аталмыш жарысқа 21 мемлекеттен 160 спортшы қатысты. Әлемдік додаға Қызылорда облысынан 10 спортшы қатысып, оның 8-і жүлдемен оралды. Қазақстан құрамасы 3 алтын иеленсе, осы үш алтынның екеуі қызылордалықтардың еншісінде, біреуін Жамбыл облысының спортшысы иеленді. Жалпы командалық есепте Қазақстан құрама командасы 3-орында, 1-орын — Қытай, 2-орын — Өзбекстан. Атап айтсақ, жасөспірімдер арасында 40 келіде өнер көрсеткен Гүлдана Мұрат пен 50 келіде Мағжан Шамшидин (екеуі де спорт интернатынан) жеңімпаз атанып, Қазақстан Республикасының спорт шебері атағын орындады. 55 келіде Бауыржан Жауынтаев күміс жүлдегер атанса, 60 келіде облыстық жоғары спорт шеберлігі мектебінің спортшысы Нұрсұлтан Иса…

0
0
511

Владимир Кличко: WBC чемпионы белбеуін отбасыма қайтарамын

Владимир Кличко

Еске сала кетейік, соңғы уақытқа дейін аталған ұйымның өте ауыр салмақтағы чемпиондық титулын оның ағасы Виталий Кличко иемденіп келген.

Ол жуықта кәсіптік спорттан қол үзіп, үлкен саясатқа ден қойғандығын ресми түрде мәлімдеген болатын.

Bild неміс басылымына берген сұхбатында Владимир бұл белбеуді міндетті түрде жеңіп алуға тырысатынын мәлімдеді.

«Менің мақсатым — WBC чемпионы титулын өз отбасымызға қайтару», — дейді Владимир.

0
0
280

Допты хоккей: Оралдың «Ақжайығы» өз тобында бірінші орынға көтерілді

Допты хоккей: Оралдың «Ақжайығы

допты хоккейден Ресей чемпионатының жоғары лига командалары арасында Оралдың «Ақжайығы» Верхний Уфалейдің «Никельщик» командасымен екінші кездесуін өткізді.

Бұл ойын да айдын иелерінің басымдығымен өтіп, 5:1 есебі тіркелді.

Сөйтіп 11 ойыннан кейін 23 ұпай жинаған «Ақжайық» екінші топта бірінші орынға көтерілді. 10 ойыннан 21 ұпайды қоржынына салған Орынбордың «Локомотиві» екінші, «Никельщик» (16 ұпай) үшінші орында келеді.

«Ақжайық» келесі ойындарын 24-25 желтоқсанда Краснотурьинскіде «Динамо-Маяк» командасымен өткізеді. Бір қызығы, бұл команданы Орал допты хоккейінің түлегі, белгілі шабуылшы Олег Чернов жаттықтырады.

ОРАЛ.  ҚазАқпарат - Автор: Елжан Ералы
0
0
472

Көкшетауда заманауи теннис орталығы ашылды

Көкшетауда заманауи теннис орталығы
Көкшетауда әлемдік стандарттармен жабдықталған теннис орталығы ашылды,

деп хабарлады ҚР Теннис федерациясының баспасөз қызметінен.

Жаңа теннис клубында келушілерге барлық жағдай жасалған. Онда 3 ашық және 3 жабық теннис корты бар. Олардың барлығы да заманауи кәсіби жабындылармен жабдықталған. Айта кетерлігі, бұл спорт нысаны демеушілердің қаржысына салынған еліміздегі 7-ші теннис орталығы. Бұған дейін мұндай кешендер Алматы, Павлодар, Қызылорда, Өскемен қалаларында бой көтерген болатын.

Теннис орталығының ашылу салтанатына ҚР Теннис федерациясының президенті Б.Өтемұратов, аталған федерацияның вице-президенті Әділ Бөрібаев, Ақмола облысының әкімі Қосман Айтмұхамбетов қатысты.

АСТАНА.  ҚазАқпарат - Автор: Марлан Жиембай
0
0
385

Виталий Кличко әлем чемпионы титулынан бас тартты

Виталий Кличко
WBC нұсқасы бойынша бокстан әлем чемпионы Виталий Кличко өзінің титулынан бас тартып, ендігі өмірін толығымен украиналық саясатқа арнамақ. Бұл туралы шетелдік БАҚ хабарлады.

Кличко оппозициялық «Удар» партиясының көшбасшысы және ол 2015 жылы Украинада өтетін президенттік сайлауға қатысуға ниетті.

Кәсіби додаларда Виталий Кличко 45 мәрте жеңіске жетіп, екі тартыста жеңіліс тапты.

Дүниежүзілік бокс кеңесі боксшының шешіміне түсіністікпен қарап, Кличконың кез келген уақытта спортқа орала алатындығын, сондай-ақ чемпиондық белдіктің иегері атанған кез келген боксшымен тартысқа түсе алатындығын мәлім етті.

АСТАНА. ҚазАқпарат - Автор: Руслан Ғаббасов
0
0
263