Мазмұнға өту
kazsportagent

Kazsport agent

@kazsportagent

Сайтта 2012 ж. 28 желтоқсанКазахстан, Астана

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ СПОРТ ЖӘНЕ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ІСТЕРІ АГЕНТТІГІ

рейтинг

100

жазбалар

4 640

пікірлер

0

тіркелуші

17

жазылымдар

442

«Astana Arlans» WSB жаңа маусымында алғаш рет жеңілістің ащы дәмін татты

«Astana Arlans» WSB жаңа маусымында алғаш рет жеңілістің ащы дәмін татты

«Astana Arlans» боксшылар клубы Дүниежүзілік бокс сериясында Кубаның «Cuba Domadores» командасынан — 2:3 есебімен жеңіліп қалды, деп хабарлайды Sports.kz.

Мирас Жақыпов 52 келі салмақ дәрежесінде Херардо Сервантестен басым түсті — 3:0 (48:47, 48:47, 48:47), Жандос Момынов (60 келі) Хорхе Ласаро Альвареске жол беріп, 0:3 (46:49, 46:50, 45:50) есебімен жеңілді, Бақытжан Қожабеков (69 келі) Ариснойдис Диспейннен техникалық нокаутпен жеңілді, Хрвое Сеп (81 келі) Хулио Сезар Ла Крустан айласын асыра алмады, есеп — 0:3 (46:48, 46:48, 47:49), ал Филип Хргович (+91 келі) үшінші раундта Хосе Анхель Лардуетті техникалық нокаутпен жеңді.

10 қаңтарда «Astana Arlans» Польшада «Hussars Poland» командасымен кездеседі.

0
0
239

Белгілі шаңғышы Алексей Полторанинге үш бөлмелі пәтер кілті табыс етілді

Даңқты балуан Дәулет Тұрлыханов пен Лондон олимпиадасының чемпионы Ольга Рыпакова Шығыс Қазақстан облысының Құрметті азаматы атағына ие болса, белгілі шаңғышы Алексей Полторанинге үш бөлмелі пәтер кілті табыс етілді, деп хабарлайды Altaynews.kz. Тәуелсіздік мерекесіне орай Өскеменде өткен салтанатты шарада сонымен қатар елге еңбегі сіңген, өз саласының майталмандары атанған біршама тұлғаларға мемлекеттік наградалар мен құрмет грамоталары берілді. «Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың дұрыс жүргізіп отырған саясатының арқасында елімізде тұрақтылық пен татулық, ынтымақ пен береке күннен-күнге нығая түсуде. Бұл өз кезегінде ел экономикасының тұрақты дамуына, халықтың әл-ауқатының артуына оң ықпалын тигізуде. Елбасының берген тапсырмалары біздің облыста өзінің шешімін тауып жатыр. Ағымдағы…

0
0
371

Волейбол: «Конденсат-Жайықмұнай» ел чемпионатында жеңіліссіз келеді

Хромтауда волейболдан ерлердің ұлттық лига командалары арасында ҚР ХХІІ чемпионаты бірінші турының ойындары мәреге жетті. «Жайық» волейбол клубының директоры Шоқан Кеңесовтің хабарлағанындай, Оралдың «Конденсат-Жайықмұнай» командасы соңғы екі ойынында да жеңіске жетті. Өскеменнің «ШығысҚорғасынҚұрылысын» 3:2 есебімен тізе бүктірсе, «Таразды» 3:1 есебімен ұтты. Сөйтіп биылғы біріншілікте қарсыластарының бәрін тізе бүктіріп, әзірге жеңіліссіз келе жатқан батысқазақстандықтар 18 ұпаймен көш бастады. Өскемендіктер екінші, хромтаулықтар үшінші орында келеді. Енді «Конденсат-Жайықмұнай» 7-11 қаңтар күндері Петропавлда «Есіл», «Атырау», «ТНК Казхром» командаларымен күш сынасады. Оралдағы беташар ойындарда Игорь Никольченконың шәкірттері бұл үш клубты да жеңген болатын. ОРАЛ. ҚазАқпарат - Автор:…

0
0
349

Тәуелсіздік алғалы қанша Олимпиада чемпионы шықты?

Еліміз Тәуелсіздігіне қол жеткізгелі алты Ақ Олимпиадаға және алты жазғы Олимпиа­да ойындарына қатыс­ты.

Бірақ осының 10-ына егеменді ел ретінде қатысып, алғашқы екеуіне (Альбервиль-92 және Бар­селона-92) ТМД-ның біріккен командасы құрамында қатыстық. Себебі Кеңес үкіметі ыдырап, әр мемелекет тәуелсіздігін жариялап, дербес шаңырақ көтере бастағанда 1992 жыл есіктен аттап, КСРО құрамындағы 15 елдің спорттық ведомстволары өз мәртебелерін бекітіп үлгермеген болатын.

Жалпы, осы 12 Олимпиада ойындарынан Қазақ­стан спортшылары 18 алтын олжалады. Оның 17-сіне жазғы Олимпиада ойындарынада қол жеткізсек, Ақ Олимпиададан әзірше бір-ақ алтын еншіледік, деп жазады «Алаш айнасы» басылымы.

0
0
521

Қызылордалық таеквондошылар Тайпейде өтетін әлем чемпионатына жолдама алды

Павлодар қаласында жастар арасында өткен Қазақстан чемпионатында қызылордалық таеквондошылар 10 жүлде иеленді. Бұл туралы Қызылорда облысы әкімдігінің ресми сайтынан хабарланды. Оған еліміздің барлық өңірінен 16 команда, 250 спортшы қатысқан. Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі хабарлағандай, ел біріншілігінде қызылордалықтар жақсы нәтиже көрсетіп, 10 жүлдемен жалпыкомандалық есепте екінші орынды иеленді. 42 келі салмақ дәрежесінде Динара Әбдіржан, 52 келіде Айнұр Есбергенова (екеуі де №1 ОМБЖОРМ), 59 келіде Гүлжайна Мұхтарова (спорт интернат) мен Нұрғиса Жолдас (№1 ОМБЖОРМ) ел чемпиондары атанды. 49 келіде Жазира Сапарбек (№2 ОМБЖОРМ), 52 келіде Перизат Жұбанова (Қазалы қалалық БЖСМ), 59 келіде Аружан Әбдіқадыр (Көкшоқы БЖСМ) күміс жүлдені иеленді. Ал 44 кел…

0
0
514

Татьяна Осипова Трентинода өткен Универсиадада 10 шақырымға шаңғымен сырғанау бойынша жеңіске жетті

Трентинода (Италия) XXVI Дүниежүзілік қысқы универсиаданың шаңғы жарысы бойынша турнирі басталды, деп хабарлайды Sports.kz. Әйелдер арасындағы 10 шақырымға шаңғымен сырғанауда қазақстандық Татьяна Осипова жеңіске жетті, екінші орынды украиналық Катерина Григоренко, үшінші орынды фин спортшысы Марьяна Питкенен иеленді. Қазақстанның басқа өкілдері арасынан, сәйкесінше, 4-ші және 5-орындарда мәреге жеткен Марина Матросова және Виктория Ланчакова жеңіс тұғырына бәрінен жақын болды. Анна Шевченко 19, Ольга Мандрика — 25, Наталья Соковнина — 41 болды. XXVI Дүниежүзілік қысқы универсиада. Трентино (Италия), Шаңғы жарысы. Әйелдер. Шаңғымен сырғанау. 10 шақырым. 1. Татьяна Осипова (Қазақстан) — 29:34.7 2. Катерина Григоренко (Украина) — +1.0 3. Марьяна Питкенен (Финляндия) — + 1.4 4. Марина Матрос…

0
0
357

Қанат Ислам Олимпиадаға барып қалуы ықтимал

Бейжің Олимпиадасының қола жүлдегері, кәсіпқой боксшы Қанат Ислам олимпиада шаршы алаңында бокстасуы мүмкін, деп хабарлайды Vesti.kz. «Біз жақында ғана онымен бірге сөйлестік. Ол кәсіпқой бокста бағын сынап жүр. Бірақ өзінің жарқын жеңістеріне қарамастан, әлі көп таныла қоймаған. Мен оған «Астана» президенттік кәсіби спорт клубымен әріптестік орнатуға, Astana Arlans қатарына қайта қосылуға шақырдым. Болашақта Қ.Ислам кәсіпқойлар мен әуесқойлардың аралас APB жобасына келуі ықтимал. Сол арқылы ол Олимпиада жолдамасын алуы бек мүмкін. Егер келісімін берсе, біз онымен дереу келісімшартқа қол қоямыз. Оған бірінші дивизионның боксшысына лайық жалақы мен әлеуметтік пакеттер тағайындаймыз», — деді «Астана» президентік клубының басшысы Бақтияр Артаев. «Мен үшін Қанат — өте жақын адам. Біз бұрын он…

0
0
435

Ертең «Қазақстан бокс федерациясы Кубогы» сарапқа салынады

Желтоқсанның 14-15 күндері Астана қаласындағы «Дәулет» спорт кешенінде «Қазақстандық бокс федерациясы Кубогы» республикалық жарысының жартылай финалы және финалы өтеді. Төртінші рет ұйымдастырылып отырған дода ел боксының 80 жылдық мерейтойына арналады. Желтоқсанның 14-не сағат 15.00-де Астана қаласының және Оңтүстік Қазақстан облысының командалары жартылай финалда өнер көрсетеді. Ал, бұл күннің екінші кездесуінде Қарағанды облысы және Маңғыстау облысының боксшылары рингке шығады. Жартылай финалға қатысатын төрт команданың үшеуі бұған дейін Қазақстандық бокс федерациясының жүлделерін ұтып алған. Астана қаласының құрамасы — 2010 жылы, Қарағанды облысының командасы — 2011 жылы, Маңғыстау облысының өкілдері — 2012 жылы Кубогқа ие болды. Ал, Оңтүстік Қазақстан облысының құрамасы екі рет (2010…

0
0
463

Расул Мирзаев пен Ержан Естанов қайта күш сынасады

19 желтоқсанда Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында «Ұлы майдан» деп аталатын аса ірі халықаралық жарыс өтеді. Биылғы жылдың көктемінде атал­мыш жарыстың тұсауы кесілген болатын. Басты жекпе-жекте атышулы Ресей спортшы­сы Расул Мирзаев пен қан­дасымыз Ержан Естанов шеберлік байқасты. Өкінішке қарай, бұл бәсеке ұпай саны­мен Мирзаевтің пайдасына шешілді. Осы жеңістің ар­қасында Расул өзіне тиесілі әлем чемпио­ны атағын сақтап қалды. Кейіннен екі жақ өзара келіссөздер жүр­гізді. Соның нә­тижесінде Расул мен Ержан қайта күш сынасатын болды. Бұл жолы Естанов ел сенімін ақ­тайды деп үміттенеміз. Өйткені Алматыда өтетін бұл жарыс Қазақстан Респуб­ликасының Тәуелсіздік күніне орайлас­тырылып отыр. Ал осындай мереке кезін­де қазақ жігіті­нің жеңілуге еш хақы жоқ. «Ұлы майдан» жарысы б…

0
0
439

Денис Тен Универсиадаға қатыспайды

Денис Тен

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен бүгін Италияда байрағын желбірететін бүкіләлемдік Қысқы Универсиадаға қатыспайтын болды.

20 жастағы жерлесіміз Трентино қаласында өтетін Универсиаданың алтынынан басты үміткерлердің бірі саналған еді. Енді ел намысын мәнерлеп сырғанаудан ерлер арасында жалғыз Абзал Рақымғалиевқана қорғайтын болады.

Естеріңізге сала кетсек, Денисті соңғы уақытта арқасынан алған жарақаты мазалап жүрген болатын. Дегенмен Италиядағы 11-21 желтоқсан аралығында өтетін Қысқы Универсиадаға қатыса алмауының себебі белгісіз болып отыр.

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

0
0
405