Мазмұнға өту
kazsportagent

Kazsport agent

@kazsportagent

Сайтта 2012 ж. 28 желтоқсанКазахстан, Астана

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ СПОРТ ЖӘНЕ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ІСТЕРІ АГЕНТТІГІ

рейтинг

100

жазбалар

4 640

пікірлер

0

тіркелуші

17

жазылымдар

442

Аралас жекпе-жек: Болат Қиялов Мәскеуде өтетін «Битва 19» халықаралық жарысына қатысады

Аралас жекпе-жек бойынша (ММА) қазақстандық Болат Қиялов Мәскеуде өткізілетін «Битва 19» халықаралық жарысына қатысады. 11 маусым күні Мәскеу қаласының Лужники «Россия» МОКЗ-ның аренасында болатын бәсекеге түрлі елдерден келген аралас жекпе-жектердің саңлақтары қатысқалы отыр. Болат Қиялов әлем чемпионатының қола жүлдегері және тай боксынан Қазақстан чемпионы, сондай-ақ Қазақстанның грэпплинг бойынша күміс жүлдегері болып табылады. Жарыста оның қарсыласы — «Барс» СК-ның (Қалмық республикасы) атынан шығатын ресей спортшысы Баир Штепин. «Болат — болашағынан үміт күттіретін спортшы. Бұрын тай боксында бағын сынап жүрген болатын, бірақ ММА әлемде жоғары бағалануына байланысты біз осы спорт түрін таңдадық. Болат Тайландта, Тайгерде («Тайгер Муай Тай және ММА» жаттығу лагері) үш айлық жиынға қа…

0
0
376

Таразда Қазақстан құрамасы волейбол бойынша Әлемдік лигаға әзірлік үстінде

12-14 маусымда Таразда ерлер ұлттық құрамасы үшін ірі жыл сайынғы коммерциялық турнир — Волейбол бойынша әлемдік лиганың XXVI халықаралық турнирінің іріктеу кезеңі өтеді, деп хабарлады ҚР Волейбол федерациясының баспасөз қызметі. «Тараз-Арена» спорт сарайында «Н» тобы командасының бірінші туры өтеді, оның қатысушылары Қазақстан, Венесуэла, Мысыр, Испания болып табылады. Қазақстанның ерлер ұлттық құрамасы жарыс орнында, олар Әлемдік лига кезеңіне дайындық үстінде. Мысыр, Испания, Венесуэламен матчқа қатысатын ұлттық командаға 14 адам кірді, олардың екеуі жаңадан қосылғандар. Дәстүрлі түрде Әлемдік лига ұлттық құрамалардың маусымында алғашқы ресми турнир болып табылады. Қазақстанның әйелдер Гран-приін өткізуде үлкен тәжірибесі бар, алайда Әлемдік лиганы алғаш рет өткізіп, оған қатысуда. Жыл…

0
0
428

Котто мен Гилдің жекпе-жегі телевизиялық рейтингте Головкинді басып озды

6 маусымда Нью-Йоркте (АҚШ) WBC тұжырымдамасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы пуэрторикандық Мигель Котто орта салмақтағы әлемнің  экс-чемпионы  34 жастағы австралиялық Дэниэл Гилді 4 раундта техникалық нокаутпен жеңген болатын.

НВО телеарнасынан  көрсетілген бұл жекпе-жекті 1,589 миллион көрермен тамашалаған.

Ал осы телеарнадан берілген Головкиннің өткен жылғы Дэниэл Гилмен кездесуін көгілдір экраннан 984 мың адам көрген болатын, деп хабарлайды sports.kz.

0
0
156

З.Дияс пен Я.Шведова халықаралық турнирлерді сәтті бастады

Қазақстандық теннисшілер Зарина Дияс пен Ярослава Шведова Еуропада өтіп жатқан халықаралық турнирлерді сәтті бастады. Vesti.kz сайтынан алынған мәліметке қарағанда, Қазақстанның бірінші, әлемнің 32-інші ракеткасы, 21 жасар З.Дияс Ұлыбританияның Ноттингем қаласындағы жарыстың алғашқы айналымында итальяндық тісқаққан теннисші Франческа Скьявонемен кездесті. Екі сағатқа жуық уақытқа созылған тартысты матчта екі тай-брейкте де Зарина 7:6 (7:5), 7:6 (8:6) есебімен жеңіске жетті. 2010 жылы «Ролан Гаррос» турнирін ұтқан 34 жасар Ф.Скьявоне қазір әлемдік рейтингте 75-інші орында тұр. Зарина келесі айналымда американдық 20 жасар, дүниежүзілік рейтингте 129-ыншы орында тұрған Сачия Викеримен кортқа шығады. Ол негізгі турнирге іріктеу сайыстары арқылы өтіп, бірінші айналымда қытайлық Цзян Ванды жеңд…

0
0
268

Әлем чемпионатында қазақтың қаршадай қызы өз тобында үздік нәтиже көрсетті

Польшаның Вроцлав қаласында ауыр атлетикадан 20 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында өтіп жатқан әлем чемпионатында В тобында өнер көрсеткен 17 жасар қазақтың қаршадай қызы Әйгерім Ауылбек (58 келі) бірінші орынға ие болды. Бұл туралы ҚР Ауыр атлетика федерациясының баспасөз қызметі хабарлады. Әйгерім алғашқы жаттығуда 79 келіні басынан асыра еркін көтерсе, екіншісінде 101 келіні оңай бағындырып, қос сайыс қорытындысы бойынша жерлесіміз 180 келі көрсеткішпен өз тобында ең үздік спортшы атағына қол жеткізді. Айгерім бұған дейін де әр түрлі додаларда еліміздің намысын абыроймен қорғап келеді. Айталық, ол осыған дейін жасөспірімдер арасындағы (17 жасқа дейін) Әлем чемпионатының күміс жүлдегері, жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатының күміс жүлдегері, Қазақстан чемпионы атанған. Маусымның…

0
0
281

Қызылордалық гимнасшылар халықаралық турнирден қола иеленді

Астана қаласында 4 мемлекеттен 230 спортшы қатысқан «Жұлдыз-2015» кубогы үшін көркем гимнастикадан IV халықаралық турнир өтті. Көркем гимнастикадан облыстың аға жаттықтырушысы Гүлмира Абсұлтан мен хореограф Гүлзира Әбуова жетекшілік жасаған қызылордалық гимнасшылар облыс үмітін ақтап, жүлделі оралды. Бұл туралы облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі хабарлады. 2001 жылы туылған жасөспірімдер арасында Толқын Абдиева мен 2003 жылғылар арасында Айжан Қуандықова турнирдің қола жүлдесін иеленді. 2005-2006 жылдары туылған жасөспірімдер арасында Сыр елінің гимнасшылары топтық көріністе қола жүлдеге ие болды. Топ құрамында Құралай Сапар, Жасмин Қадыр, Гүлден Бердібек, Раушан Аспандиярова, Ақмейір Пазылбекқызы, Шакира Қанатбек өнер көрсетті. Сондай-ақ, «Жеңіске деген жіг…

0
0
334

Зарина Дияс спорттық жолындағы алғашқы миллион долларына қол жеткізді

Зарина Дияс өз спорттық жолындағы бірінші миллион доллар жүлделік ақшаға қол жеткізді, деп хабарлайды Vesti.kz. Спортшы миллионға «Ролан Гарростағы» ойынынан кейін қол жеткізе алды. Жарыстың бірінші айналымынан өткен Дияс екіншісінде бельгиялық спортшы Элисон ван Эйтванктан жеңіліп қалды. Бәсекенің екінші айналымы үшін жүлде сомасы 60 мыңға жуық долларды құраған. Қазіргі кезде теннисші қыздың ұтып алған жүлделік ақшасы 1 миллион 46 мың долларды құрап отыр. Атап өтейік, қазақстандық теннисші әйелдер арасында ең ең көп ұтып алған қаржы Ярослава Шведоваға (4,3 миллион доллар) тиесілі. Бұл көрсеткіш бойынша Шведова мансап жолында ең көп жүлделік ақша сомасын жинаған ойыншылар «жүздігінде» 79-шы орын алып отыр. Аталған тізімді әлемнің бірінші ракеткасы Серена Уильямс (70 миллионға жуық доллар)…

0
0
240

Хэмилтон Канада Гран-при жүлдесін жеңіп алды

Британиялық автошабандоз Льюис Хэмилтон «Формулы-1» жүлдесі үшін таласта Канада Гран-при жүлдесін жеңіп алды, деп хабарлады «ВВС» агенттігі.

Бұл британиялық спортшының Канададағы төртінші және осы маусымдағы да төртінші жеңісі. Ол жалпы есепте Mercedes командасындағы Нико Росбергтен 17 ұпайға озып шықты. Үшінші орынды Williams тобымен финляндиялық Валттери Боттас жеңіп алды.

Ол Хэмилтоннан бар жоғы 40 секундқа ғана кеш келді. Боттас — осы маусымда Mercedes немесе Ferrari атынан шықпай, жеңіс тұғырына көтеріле білген бірінші пилот.

 
Басты сөздер: ӘлемСпорт
0
0
257

Стэн Вавринка «Ролан Гаррос» жеңімпазы атанды

Швейцариялық теннисші Стэн Вавринка Франция ашық чемпионатында әлемнің бірінші ракеткасы сербиялық Новак Джоковичті ұтып, жеңімпаз атанды, деп хабарлады «ВВС» агенттігі.

Вавринка алғашқы сетте 4:6 есебімен ұтылғанымен, қалған үшеуінде 6:4, 6:3, 6:4 есебімен Новактан басым түсті. Бұл швейцариялық теннисшінің

«Үлкен шлем» турниріндегі екінші жеңісі. 2014 жылы Австралия ашық біріншілігінде ол ешкімге дес бермеген болатын.

Ал Джокович үшін «Ролан Гаррос» тағы да «Үлкен шлем» турнирлеріндегі алынбас асуы болып қала бермек.

Басты сөздер: Спорт
0
0
176

Роман Жайлауов Луянда Джаконы бірінші раундта тізе бүктірді

Кәсіпқой бокста ел абыройын асқақтатып жүрген отандастарымыздың бірі Роман Жайлауов кезекті кездесуін жеңіспен аяқтады, деп хабарлады sport.kz.

Қазақстандық спортшы Оңтүстік Африка Республикасында жергілікті боксшы Луянда Джаконы бірінші раундта тізе бүктірді.

Йоханнесбург қаласында өткен жекпе-жекте Роман Жайлауов қарсыласы Луянда Джаконы 2 минут 34 секундта жеңді.

 
Басты сөздер: Спорт
0
0
286