Ұлттық құрама хоккейшілері жаттығуға кешігеді
Шайбалы хоккейден Қазақстан ұлттық құрамасының кейбір ойыншылары әлем чемпионаты қарсаңындағы алғашқы оқу-жаттығу жиынына кешігіп келетін болыпты, деп хабарлайды Tengrinews.kz. Бүгін ҚР шайбалы хоккей федерациясының ресми сайты ұлттық құраманың кеңейтілген тізіміндегі кейбір ойыншыларымыздың алғашқы оқу-жаттығу жиынын кешігіп келетіндігін жариялады. Негізі, Мичурино ауылындағы базада өтетін жаттығу жиыны 14-26 сәуір аралығында өтеді. Осы жиынға кейбір ойыншыларымыз әр түрлі себептермен кешігіп келетін болыпты. Атап айтқанда, Юрий Сергиенко 16 сәуірде келетін болса, Николай Антропов 20 сәуірде келіп қосылмақ. Ал Семен Кошелев 21 сәуірде, Кевин Даллмэн 22 сәуірде ұлттық құрама сапына қосылады. Виталий Колесник («Локомотив», Ярославль) және Александр Липин («Ертіс», Павлодар) өз клубтары пле…



