Мазмұнға өту
kazsportagent

Kazsport agent

@kazsportagent

Сайтта 2012 ж. 28 желтоқсанКазахстан, Астана

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ СПОРТ ЖӘНЕ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ІСТЕРІ АГЕНТТІГІ

рейтинг

100

жазбалар

4 640

пікірлер

0

тіркелуші

17

жазылымдар

442

Мұрат Өнал: Ата-анам атажұртқа шығарып саларда «футбол ойнамасаң да, Қазақстанда қалуға ұмтыл» деді

Голландиядағы қандасымыз Мұрат Өнал атажұртқа алғаш рет табан тіреді. Аты аңызға айналған «Аякс» футбол мектебінің түлегі қазақстандық «Қыран» командасымен келісім-шартқа отырған болатын. Шымкенттік командаға арнайы шақыртумен келген спортшы қала әкімі Дархан Сатыбалдының қабылдауында болды, деп хабарлайды alaman.kz «Отырар» арнасына сілтеме жасап. Мұрат Өнал кәрі құрлықтан Шымкент қаласының әкіміне кәдесый ретінде әкелген Голландия ұлттық құрамасының жейдесін тарту етті. Сондай-ақ, ол Шымкентте қазақтардың көптігіне риза болғанын жасырмады. Айтуынша, Голландияда қырық шақты қазақ отбасы тұрады екен. «Осынша көп қандастарымды өмірімде алғаш рет көрдім. Маған осындай мүмкіндік сыйлаған Шымкент қаласының әкіміне шексіз алғыс айтамын. Мұнда менің ана тілімді үйренуіме көптеген қазақ балалары…

0
0
423

Голубев әлемдегі үздік 25 теннисшінің қатарында болуы тиіс — Федерер

Швейцариялық теннисші Роджер Федерер Қазақстан құрамасымен өткізген Дэвис кубогының ширек финалдық кездесуінен кейін қарсыластарының жеке рейтингісіне мән бермегендігін атап өтті. Бұл туралы Vesti.kz хабарлады. «Қазақстандықтардан екі жеңілісіміз мені ашуландырған жоқ, себебі менің өмірімде басқа жәйттар өкініш әкеледі. Біз қарсылас команданың жекелей сында болсын, жұптық сайыста болсын өз құрамындағы ойыншыларды оңай ауыстыра алатынын білдік. Рейтинг бір жылда атқарған жұмысыңды ғана көрсетеді, Дэвис кубогында ол екінші кезектегі мәселе. Мысалы, Андрей Голубев өз рейтингісіне тіпті сай келмейді, мұндай ойынымен ол әлемдегі ең үздік 25 теннисшінің қатарында болуы тиіс еді. Қазақстан құрамасы өте үлкен жұмыс атқарыпты, бізге олармен ойнау оңайға түскен жоқ», — дейді Р.Федерер. Матч соңында…

0
0
350

Голубев әлемдік рейтингте бірден бес сатыға жоғарылады

Қазақстандық теннисші Андрей Голубев ATP рейтингісінде 5 сатыға көтерілді. Қазір ол 59-орынға табан тіреп отыр. Қазақстанның бірінші ракеткасы Михаил Кукушкин бұрынғысынша 56-орында қалды. Александр Недовесов 76-орыннан 77-орынға сырғыды, Евгений Королев болса, 449-дан 451-ге дейін төмендеді. Рейтингтің көш басында испандық теннисші Рафаэль Надаль тұр, одан кейінгі орында серб Новак Джокович бекіген. Үшінші орында Станислас Вавринка, төртінші — Роджер Федерер. АТР рейтингі. Үздік ондық: 1 . Рафаэль Надаль (Испания) — 13 730 ұпай, 2 . Новак Джокович (Сербия) — 11 680, 3 . Станислас Вавринка (Швейцария) — 5760, 4 . Роджер Федерер (Швейцария) — 5355, 5 . Томаш Бердых (Чехия) — 4720, 6 . Давид Феррер (Испания) — 4640, 7 . Хуан Мартин дель Потро (Аргентина) — 4260, 8 . Энди Маррей (Ұлыбритания…

0
0
250

Хоккей: «Сарыарқа» Братина Кубогының финалына шықты

Жоғары хоккей лигасының Братина Кубогы жолындағы жарыста қазақстандық «Сарыарқа» клубы жартылай финалдың төртiншi матчында жеңiске жетiп, ақтық сынға жолдама алды. Қарағандыда Ресейдiң «Торос» командасын қабылдаған олар 2:0 есебiмен басым түстi. Екiншi айналымда алғашқы голды Дмитрий Громов салса, Константин Макаров үшiншi кезеңде команда мерейiн еселей түстi. Бұл қарағандылық команданың «Торостан» төртiншi басымдығы болғандықтан, «Сарыарқа» Жоғары хоккей лигасының финалына шығып отыр. Ақтық додада олар Молот-Прикамье — Рубин жұбының жеңiмпазымен кездеспек. Айта кетейiк, «Сарыарқа» клубы қатарынан екiншi жыл финалға шығып отыр. 2013 жылғы маусымда олар осы «Торостан» ұтылған болатын. Былтыр ғана Ресейдiң ЖХЛ чемпионатына енген команда үшiн өте жақсы көрсеткiш. Автор: Жасұлан Жолдыбаев Бас…

0
0
264

«Сарыарқа» бәрінен бұрын жартылай финалға шықты

Қарағандының «Сарыарқасы» «Кубань» (Краснодарь) клубын төрт рет қатарынан жеңіп, Ресейдің Жоғары хоккей лигасы аясындағы Братина кубогының жартылай финалына шықты, деп хабарлайды Tengrinews.kz. Алғашқы екі ойын Қарағандыда өткен. Екеуінде де «Сарыарқа» аса қиналмай жеңіске жетті. Ол екі ойынның нәтижелері – 5:3 және 6:3. Одан кейінгі екі матчтың ысқырығы Краснодарда безілдеді. Түздегі бірінші ойын шектен тыс тартысты өтті. Бірақ кеншілер клубы мол тәжірибелерінің арқасында ойын барысын бағамдап, айдын иелерінен жеңіске қажетті бір гол ғана артық соғып, үшінші рет басым түсті (3:2). Осылай үш рет қатарынан ұтылған «Кубань» хоккейшілері екпін алған «Сарыарқаны» енді тоқтата алмастарын біліп, тізгіндерін тартпаса да, аптықтары басылып қалды. Ал «Сарыарқа» төртінші матчта жауапсыз үш гол соғы…

0
0
364

Кханом жағажайынан Нанкин Олимпиадасына екі жолдама алдық

Жағажай волейболынан Таиландта жасөспірімдер арасындағы Нанкин Олимпиадасының жолдамалары сарапқа салынып, еліміздің жас таланттары екі лицензияға қол жеткізді, деп хабарлайды Tengrinews.kz. Кханом жағажайында үш күн бойы Нанкинде (Қытайда) өтетін жасөспірімдер арасындағы ІІ жазғы Олимпиада ойындарының аймақтық електік додасы өткен болатын. Әу баста ҚР волейбол федерациясы «жүлдеге іліккен жұптар ғана Нанкин Олимпиадасының жолдамаларына ие болады» деп ақпарат тартқан. Бірақ жүлдегерлер ғана емес, алғашқы алтылыққа іліккендер де Нанкин Олимпиадасында бақ сынау құқығына ие болады екен. Абырой болып, бозбалалар мен бойжеткендер арасына үкілеп қосқан қос жұбымыз да Нанкин Олимпиадасының жолдамаларына қол жеткізді. Естеріңізге сала кетейік, біздің елдің намысын Ақтаудағы «Каспий» клубының өкіл…

0
0
265

Дэвис кубогы: Голубев пен Недовесов жұптық бәсекеде Федерер мен Вавринкадан басым түсті

Дэвис кубогының ширек финалы аясындағы Швейцария-Қазақстан матчында  Андрей Голубев/Александр Недовесов пен Роджер Федерер/Станислав Вавринка жұптары кездесті.

Тартысты өткен бәсекеде қазақстандықтардың мерейі үстем болды.

Матч қорытындысы — 6:4, 7:6, 4:6,7:6. Қазақстан есеп бойынша алда — 2:1.

Басты сөздер: Әлем
АСТАНА. ҚазАқпарат
0
0
255

ФУТБОЛ: Франция — Қазақстан 7:0

Футболдан әйелдер арасындағы әлем чемпионатының 7-ші іріктеу тобында Қазақстан құрамасы сырт алаңда француз қыздарына 0:7 есебімен ойсырай ұтылды, деп хабарлайды sports.kz. Алғашқы таймның өзінде Франция бес жауапсыз доп соқты, үзілістен кейін үшжолақтылар тағы екі мәрте біздің қақпаны дәл көздеді. Мари-Лор Дели, Камиль Абили мен Гаэтан Тиней қос-қостан доп тоғытса, Элоди Томис бір рет қақпашымызды қапы қалдырды. Қазақстандық қыздар қарсыластар қақпасына қарай бірде бір соққы бағыттай алмады. Алты ойыннан кейін бір ұпай еншілеген Қазақстан әйелдер құрамасы турнир кестесінің соңынан ойып тұрып орын алған. 7 мамыр күні Калоян Петков баптайтын команда Болгариямен өз алаңында ойнайды. Франция - Қазақстан 7:0 (5:0) Голдар: Дели 9 (1:0), Дели 12 (2:0), Томис 14 (3:0), Абили 21 (4:0), Абили 24 (…

0
0
287

«Astana Arlans-тың» 1/2 финалдағы қарсыласы белгілі болды

Бүкіләлемдік бокс сериясының 1/2 финалында қазақстандық «Astana Arlans-тың» қарсыласы белгілі болды, деп хабарлайды sports.kz «Dolce & Gabbana Italia Thunder» - «Azerbaijan Baku Fires» жұбының жеңімпазы біздің командаға қарсылас атанатын еді. Бакуде 0:5 есебімен ұтылған итальяндықтар өз шаршы алаңында 4:1 есебімен қарымта қайтарды. Алайда бұл жеңістің өзі жартылай финал жолдамасын қалтаға басуға жеткіліксіз болды. Келесі кезеңге Әзербайжандық команда өтті. «Astana Arlans» - «Azerbaijan Baku Fires» WSB жартылай финалының алғашқы матчы 26 сәуір күні Астанада өтеді. Естеріңізге сала кетейік, Алматыда өткен ширек финалдық қарымта матчта «Astana Arlans» германиялық клубты 5:0 есебімен ойсырата ұтты. Ал Германияда «арландар» 3:2 есебімен жеңіске жеткен еді. Басты сөздер: Спорт АСТАНА. ҚазАқ…

0
0
203

Қазақстан Дэвис Кубогының жартылай финалына өте алмады

Қазақстанның ерлер құрамасы Дэвис Кубогында Женевада 2:3 есебімен Швейцарияға жол берді, деп хабарлады sports.kz.

Шешуші кездесуде Роджер Федерер үш сетте Андрей Голубевтің қарсылығын тойтарды — 7:6, 6:2, 6:3.

Еске сала кетейік, әуелде Андрей Голубев Станислас Вавринканы, ал Роджер Федерер Михаил Кукушкинді жеңген болатын. Жұптық кездесуде Андрей Голубев пен Александр Недовесов Федерер мен Вавринкадан күштірек болып шықты. Бүгін Вагринка Кукушкинмен жекпе-жекте есепті теңестіріп кеткен болатын.

Басты сөздер: Спорт
АСТАНА. ҚазАқпарат
0
0
211