Мазмұнға өту
kazinform_kz

kazinform_kz

Сайтта 2014 ж. 3 шілдеКазахстан, Астана

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

100

жазбалар

242

пікірлер

2

тіркелуші

5

жазылу

1

Илья Ильин, Данияр Елеусінов, Әділбек Ниязымбетов пен басқа да спортшылар «Рио-2016 олимпиадалық стипендиясын» иелендіҚазақстандық спортшылар «Олимпиадалық ынтымақтастық» бағдарламасының аясында «Рио-2016 олимпиадалық стипендиясына» ие болды. Бұл туралы с

Қазақстандық спортшылар «Олимпиадалық ынтымақтастық» бағдарламасының аясында «Рио-2016 олимпиадалық стипендиясына» ие болды. Бұл туралы спорттық жекпе-жек пен спорттың күш сынайтын түрлері Конфедерациясының баспасөз қызметінен хабарлады. «Олимпиадалық ынтамақтастық» - Олимпиадалық қозғалысты дамытуға бағытталған Ұлттық Олимпиада комиттерінің қызметтерін үйлестіру бойынша Халықаралық Олимпиада Комитетінің бағдарламасы. Аталған бағдарламаның аясында Конфедерация құрамына кіретін ұлттық федерациялардың бастамасымен стипендиядан үміткер спортшылар Қазақстан Республикасының Ұлттық Олимпиада Комитетіне өтініш жолдады. Өз кезегінде, ҚР ҰОК олардың өтініштерінің талапқа сәйкестігін тексергеннен кейін, оларды стипендиядан үміткерлердің әлеуеті мен рейтингісін бағалаған сауалнамалар әрі қарай қарас…

0
0
199

ЭКСПО-2017: Ақмола облысында 100 үйден тұратын этноауыл тігіледі

2017 жылы Астанада өтетiн ЭКСПО көрмесiнiң меймандары үшiн Ақмола облысында 100 үйден тұратын этноауыл тігіледі. Бұл туралы ҚР Президентi жанындағы Орталық коммуникациялар қызметiнде брифингте Ақмола облысының әкiмi Сергей Кулагин мәлiм еттi.

"Ақмола облысы ЭКСПО-2017 көрмесіне міндетті түрде қатысады. Өйткені, облыс пен Астана бір өңірде орналасқан. Біріншіден, бес жыл ішінде облысқа 5 млн-ға жуық адам келеді. Әрине, Щучинск, Зеренді, Сандықтау ЭКСПО-ға қатысады. Қорғалжын ауданын да оған қосамыз деп үміттенемін. Сонымен қатар 100 үйден тұратын этноауыл тігіледі деп күтілуде. Жалпы, басқа да тапсырмалар бар, сондықтан Ақмола облысы ЭКСПО көрмесіне белсенді атсалысатын болады", - деп атап өттi өңiр басшысы.

Қосымша ақпаратты http://www.inform.kz сайтынан көріңіздер!

0
0
237

Бурабай курорттық аймағында жылына 1 млн. адам демалады

Бурабай курорттық аймағын дамыту жоспарының екінші кезеңі жақсы нәтижелер береді. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте Ақмола облысының әкімі Сергей Кулагин мәлім етті. «Мемлекет басшысының Жолдауында ең басты бағыттардың бірі ретінде туризм инфрақұрылымын дамыту аталып өтті және бұл тұрғыда біздің облыстың әлеуеті жоғары. Осы орайда облыста қаржыландыру көлемі 47,6 млрд. теңге сомасында Бурабай курорттық аймағын дамыту жоспарының екінші кезеңі жүзеге асырылуда», - деді әкім. Екінші кезең аясында 80-нен астам тиісті шаралар қамтылып отыр. 2014-2016 жылдары аралығында аталған 47,6 млрд. теңге игерілетін болады. «Бұл қомақты қаржы және оның көлемі демалыс орындарының жағдайын айтарлықтай жақсартуға мүмкіндік береді. Бүгінде жазғы кезеңде бізде жарты миллионға жуық…

0
0
220

2015 жылы елорда күні «Астана — бейбітшілік пен келісімнің қаласы» деген ұранмен өтеді

2015 жылы елорда күні «Астана - бейбітшілік пен келісімнің қаласы» деген ұранмен өтеді. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қазақстан халқы Ассамблеясының Астана қаласы бойынша хатшылығының меңгерушісі Ләззәт Құсайынова мәлім етті. «Дәстүрлi шаралармен қатар биыл Елорда күніне бірнеше ірі шаралар өтедi деп жоспарлануда. 2015 жылы қала күні «Астана бейбітшілік пен келісімнің қаласы» деген ұранмен өтеді. Сонымен қатар, «Мен - қазақстандықпын» деген жастар форумы ұйымдастырылады. Ұлттық ойындар бойынша жалпы қалалық фестиваль өткізу жоспарда бар», - дейді Л.Құсайынова. Оның атап көрсеткенiндей, бұнымен қоса қалалық мемлекеттік органдар қызметкерлері мен ірі кәсіпорын ұжымдары арасында шығармашылық фестиваль өтедi. Қосымша ақпаратты http://www.inform.kz сайтына…

0
0
358

Ақмола облысы Калачи ауылының тағы 4 тұрғыны қалғып кетті

Есіл ауданындағы Калачи селосының тағы 4 тұрғыны қалғып кетті. Бұл туралы "ҚазАқпарат" тілшісіне аудандық аурухана басшылары мәлім етті. Ағымдағы жылдың 20-21 желтоқсан күндері Есіл ауданындағы Калачи селосының 4 тұрғыны қалғып кетті. Бұл жолғы науқастардың 4-уі де ересектер. Олардың бәрі бірден аудандық ауруханаға жатқызылған. Дәрігерлер науқастарға «ұйқы ауруына» тән «этиологиясы беймәлім энцефалопатия» деген диагноз қойып отыр. «Қазіргі кезде науқастардың барлығының жағдайы қалыпты, тиісті ем қабылдап жатыр», - дейді аудандық аурухана басшылары. Еске сала кетсек, ағымдағы жылдың 10-шы желтоқсанында Ақмола облысының әкімі Сергей Кулагин жұмыс сапарымен Калачи селосында болған еді. Онда халықпен кездескен өңір басшысы қаражат табылып жатса, Калачи селосы мен Красногор кентінің тұрғындары…

0
0
145

Денис Тен Монако ханшайымымен суретке түсті

Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Денис Тен Монаконың жас ханшайымы Александра Ганноверскаямен «селфи» үлгісінде суретке түсті. Спортшы ақсүйек әулеттің өкілімен түскен фотосуретін Инстаграмдағы жеке парақшасында жариялады.

«Монако ханшайымы - Александра Ганноверскаямен! Бұл бірінші кездесуіміз емес, бірақ бірінші селфиіміз!», - деп жазған спортшы.

Жас ханшайым Александра Ганноверская да мәнерлеп сырғанаумен айналысады, оның футболға қызығатыны да белгілі. Оның анасы - Монако ханшайымы Каролина Луиза Маргарита (Caroline Louise Marguerite) Ренье ІІІ және ханшайым Грейстің үлкен қызы.

0
0
319

Мобильді телефондар денсаулық үшін зиян емес

Манчестер университеті ғалымдарының айтуынша, мобильді телефондар мен электр тасымалдау желілерінен болатын электромагниттік сәулелену адам денсаулығына зиян келтірмейді. Ғалымдар мобильді құралдардың электромагниттік өрісінің бедеулік және обыр ауруларын тудыратыны, сондай-ақ балалар лейкемиясына соқтыратыны туралы гипотезаны тексеруге тырысты. Бұл өрістер адам ағзасындағы өмірлік маңызды ақуыздарды зақымдайды деп есептеледі. Манчестерлік химиктер әлсіз магнитті өрістің (ӘМӨ) флавопротеиндер - жүйке жүйесін басқаруда және ДНҚ-ны қалпына келтіруде маңызды орын алатын ақуызға тигізетін әсерін зерттеді. Сәулелену олардың қызметіне еш әсер етпейтіні анықталды, деп хабарлайды Lenta.ru. Әрине, қосымша зерттеулер жасау қажет, алайда аталған жұмыс нәтижесінде электр тасымалдау желілері, мобильді…

0
0
209

28 жастағы әйел босанғаннан кейін қартайып кеткен — ФОТО

Қытайдағы Хынан қаласының тұрғыны Ху Джуанның жасы небәрі 28-де, алайда ол қазір 70 жастағы кемпір тәріздес. Жас әйелдің өмірі босанғаннан кейін күрт өзгеріске ұшырады. Ху жыл сайын емес, сағат сайын қартая бастады. Бірнеше айдан кейін ол адам танымастай болып өзгеріп кеткен. Анықтай келе, ол сирек кездесетін дерматолиз деген ауруға шалдыққаны белгілі болды. Бұл жағдайда адам терісінің дәнекерлегіш тіндері бұзылады. Сондықтан да тері солып, қартаю процесі жүреді. Ху баласын 2003 жылы дүниеге әкелген, енді содан бері әйел сыртқа шығудан қалды. Ол екінші баланы дүниеге әкелсе, тері қалпына келер деп ойлаған. Алайда қартаю процесі тоқтар емес. Енді Ху күйеуінің кеңесімен бетіне пластикалық операция жасатуға бел буды, деп жазады шетелдік БАҚ. Қосымша ақпаратты http://www.inform.kz сайтынан кө…

0
0
185

Францияда әскери ұшақ мүгедектер орталығы ғимаратына құлаған

Францияда әскери әуе күштерінің ұшағы мүгедектерге көмек көрсету орталығының ғимаратына құлады.

Alphajet оқу-жаттығу ұшағы Тур қаласындағы авиабазадан ұшып шыққан. 

Апат салдарынан бір адам ажал құшып, кемінде үш адам түрлі жарақаттар алған. Оқиға Вувре ауданының маңында орын алған. 

Басылымның хабарлауынша, апат орын алған сәтте ұшақта екі адам болған. Техникалық ақаулардың туындауы себепті ұшқыш пен оның қасындағы нұсқаушы ұшақтан секіріп үлерген. Ал зардап шеккендер - аталмыш орталық ғимаратында сол уақытта болған адамдар, деп хабарлайды La Nouvelle Republique.

Қосымша ақпаратты http://www.inform.kz сайтынан көріңіздер!

0
0
166

Халықаралық темiржол билеттерiн арзан бағамен сатып алуға мүмкiндiк жасалады

Халықаралық темiржол билеттерiн ерте сатып алушыларға «ҚТЖ» 30 пайыз жеңiлдiк жасайтын болады. Бұл туралы бүгiн баспасөз мәслихатында «Жолаушылар тасымалы» АҚ Жедел жұмыс қызметiнiң басшысы Жамбыл Байделдинов мәлiм еттi.

Оның айтуынша, мұндай мүмкiндiк 2015 жылдан бастап қолжетiмдi болады.

«Бiз бүгiнде билеттердiң бағасын оңтайландыру бойынша жұмыстар атқарудамыз. Бiрiншi кезде ол жеңiлдiк жасау тетiктерiне қатысты болып отыр. 2015 жылы 11 қаңтардан бастап, халықаралық деңгейдегi темiржол қатынастарына 30 пайыздық жеңiлдiк жасау бағдарламалары жасалмақ. Егер жолаушы алдын ала сатып алса, билет бағасы төмен болады», - дедi Ж. Байделдинов.

Қосымша ақпаратты http://www.inform.kz сайтынан көріңіздер!

0
0
156