Мазмұнға өту
kazinform_kz

kazinform_kz

Сайтта 2014 ж. 3 шілдеКазахстан, Астана

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

100

жазбалар

242

пікірлер

2

тіркелуші

5

жазылу

1

Алматыда өз сәбиін сатып жіберген келіншек қамауға алынды

Алматы соты сәбиін 180 мың теңгеге сатып жіберген алматылық келіншек Дильфуза Маташованы 2 айға қамауға алу туралы санкция шығарды. Бұл туралы қалалық соттың баспасөз хатшысы Қуандық Ешімет хабарлады. «2015 жылдың 28 қаңтарында Алматы қаласы №2 Бостандық аудандық сотында ҚР ҚК-нің 135-бабының 1-бөлігімен (кәмелетке толмағандарды саудалау) айыпкер Дилфуза Маташованы екі ай мерзімге қамауға алу санкция берілді», - деді Қ.Ешімет. Алматы облысы Іле ауданының 27 жасар тұрғыны 19 желтоқсанда Алматы қаласындағы перзентханалардың бірінде босанған. Алматы қалалық ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, аталған азаматша нәрестені саудалауды бұрыннан ойластырып жүрген екен. Аяғы ауыр кезінен-ақ өзінің баласын сатып алатын адамдарды іздеген. Ана бақытын аңсап жүрген жалғызбасты әйел бірден табылды. Бір…

0
0
282

Жеңістің 70 жылдығына орай РФ-ның Волгоград қаласында қазақстандық сарбаздарға арналған ескерткіш орнатылмақ

Ұлы Жеңістің 70 жылдығына орай Волгоград қаласындағы Мамай қорғанынан жер алып, Сталинградты қорғау кезінде қаза тапқан қазақстандықтарға арналған ескерткіш орнату ойластырылуда. Бұл туралы жуырда жұмыс сапарымен БҚО-ның Жәнібек ауданына келіп кеткен Волгоград облыстық «Қазақстан мұрасы» қорының төрағасы Айболат Ахметов мәлім етті. Оның айтуынша, бұған ҚР Қорғаныс, Мәдениет және спорт министрлігі қолдау көрсетуде. Өткен жылы шілде айында Қазақ елінен Қазақстанның еңбек сіңірген сәулетшісі Серік Арыстанбеков Волгоградқа арнайы барып, жоспарын құрып, жұмыстанған. Қазақстан тарапынан бұл шараға 80 млн. теңге бөлінді. «Әрине, біздің бұдан басқа да атқаратын жұмыстарымыз аз емес. Соның ішінде Еділ бойын мекендеген қандастарымыз, әсіресе, жастарымызға ана тілін үйренуіне жағдай жасау - басты па…

0
0
283

Көлігімен адам қағып, оның өліміне себепкер болған жас жүргізуші қолға түсті — Ақмола облысы

Ақмола облысында 48 жастағы ер адамды қағып өлтіріп, қашып кеткен жүргізуші қолға түсті. Бұл туралы облыстық ІІД баспасөз қызметінен хабарлады. Полицейлердің мәліметі бойынша ағымдағы жылдың 26-шы қаңтар күні Шортанды аудандық ІІБ кезекшілік бөліміне «Астана-Көкшетау» тас жолының бойында ер адамның денесі жатқанын хабарлаған. Оқиға орнына дереу жеткен құқық қорғау органдарының қызметкерлері «Астан-Петропавл» күре жолында Астанаға бет алған белгісіз көліктің 48 жас шамасындағы ер адамды қағып кеткенін біледі. Ол сол жерде дене жарақатынан көз жұмған. Жедел-іздестіру шарасы барысында көлік пен оның жүргізушісі де анықталды. Ол Шортанды ауданындағы Бозайғыр ауылының 20 жастағы тұрғыны болып шықты. Кейін тергеу барысында белгілі болғандай ол сенім хатпен берілген «Ваз Приора» көлігімен аталға…

-1
0
361

Майамиде «Дүниежүзі аруы-2014» қатысушылары қазақша сайрап жүр

25 қаңтар күні АҚШ-тың Майами қаласында өтетін «Дүниежүзі аруы-2014» байқауының қатысушылары Қазақстаннан барған Айдай Исаеваның көмегімен қазақша сайрап жүр. Дәстүр бойынша, «Дүниежүзі аруы-2014» байқауының финалына үш апта қалғанда әлемнің түкпір-түкпірінен келген титулды сұлулардың бастары бірігеді. Қазір арулар қызу дайындық үстінде. Қайырымдылық жобаларға, фотосессияларға, ең үздік ұлттық костюм байқауына қатысып жатыр. Байқауды ұмытып, қыздар достасып та кеткен тәрізді. Олар дайындықтың арасында өз мемлекетінің мәдениетін, тарихын, дәстүрін түсіндіріп, әңгімеге ден қояды. Біздің отандасымыз айналасындағы өзге мемлекеттерден келген қатысушыларды тіпті қазақша бір-екі сөз үйретіп, қазақ тілінің сабақтарын өзінің әлеуметтік желісіндегі парақшаға салып тұрады. «Қазақстан, сен мықтысың!»…

0
0
394

«Қолжетімді баспана — 2020» бағдарламасын іске асыру жалғасып жатыр

«Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» жүйесі арқылы қолжетімді баспана алу тетіктерінің барлық мүмкіндігі толықтай сақталды, деп хабарлады аталған банктің баспасөз қызметінен. Банк екі бағыт - «Жас отбасыларға арналған баспана» және «Халықтың барлық санатына арналған баспана» бойынша «Қолжетімді баспана - 2020» бағдарламасын іске асыруды жалғастырады. «Қолжетімді баспана - 2020» бағдарламасы аясында көзделген құрылыс көлемдері өзгеріссіз қалады. Сонымен, 2015 жылы банк желісі бойынша «Барлық халық санатына арналған баспана» бағыты бойынша 326 мың шаршы метр үй пайдалануға беру жоспарланған. «Жас отбасыларға арналған баспана» бағыты бойынша - 213 мың шаршы метр берілмек. Елде 2020 жылға дейін барлығы 2 миллион 806 шаршы метр тұрғын үй салынады. «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінде» осы жылдың 1 қаң…

0
0
403

Қарағандыда 47 жастағы қала тұрғыны полиция қызметкерін қыршып алды

Қоғамдық тәртіпті бұзған мас қарағандылық шақыртумен келген учаскелік инспекторға қарсылық танытып, тістеп алды, деп хабарлады Қарағанды облысының ІІД баспасөз қызметінен.

«5 қаңтарда Қарағанды қаласы ІІБ полициясы орталық бөліміне жедел басқару орталығынан шақырту түседі. Полицей қызметкері шақырту орнына жеткенде, пәтерде 47 жастағы үй иесі болған. Ер адам мас болған, ол бірден полиция қызметкеріне қарсы ұмтылып, оның қолын тістеп алған», делінген хабарламада.

Қосымша ақпаратты http://www.inform.kz сайтынан көріңіздер!

Тәртіп бұзушы ұсталып, полиция бөліміне жеткізілді. Билік өкіліне күш қолдану фактісі бойынша ҚР ҚК 380-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды, тергеу амалдары жүргізілуде.

0
0
189

Головкин бапкері: әкесінің қазасынан кейін Геннадий қатты өзгерді

Геннадий Головкин әкесі өмірден озғаннан кейін жаттығу алаңына мүлдем өзге адам болып оралды, дейді спортшының бапкері Абель Санчес. Бұл туралы «boxingnews.kz» сайты жазды. «Меніңше, ол өзгерді. Өткен жылдың басындағы оқиға оған психологиялық тұрғыда қатты әсер етті. Әкесі өмірден озғаннан кейін дайындық алаңында мүлдем басқа Головкинді көрдім. Осы орайда мен жауапкершілігін рингте ғана емес, басқа уақытта да көріп, оның есейе түскенің байқадым», - деді бапкер Лос-Анджелестеге баспасөз мәслихаты барысында. «Қазіргі кезде ол - отағасы. Меніңше, оның өмірдегі бағдары мен мақсаты драмалық өзгерістерге ұшырады»,-деп түйді Санчес. Еске сала кетейік, әлем чемпионы Геннадий Головкиннің әкесі 2014 жылдың 18 ақпанында 69 жасында дүние салды. Бұдан бұрын хабарланғандай, Головкин 21 ақпан күнi Монак…

0
0
301

Оңтүстік Қазақстанда аю өз қонжықтарын жеп қойды

Шымкент қаласында ұрғашы аю өз қонжықтарын жеп қойды. Хайуанаттар бағы директорының айтуынша, ол жаңажылдық отшашу мен шудан шошынып, балаларына бас салған. Бұл туралы 24.kz хабарлайды. Осыған ұқсас оқиға 2014 жылғы желтоқсан айының соңында Финляндияның хайуанаттар бағында да орын алды. Онда айдың басында дүниеге келген екі қонжық жоғалып кетті. Рануа хайуанаттар бағының қызметкерлері оларды анасы - Венера атты ақ ұрғашы аю жеп қойды деген күдіктенген еді, деп жазады Lenta.ru. Шымкент қаласында ұрғашы аю өз қонжықтарын жеп қойды. Хайуанаттар бағы директорының айтуынша, ол жаңажылдық отшашу мен шудан шошынып, балаларына бас салған. Бұл туралы 24.kz хабарлайды. Осыған ұқсас оқиға 2014 жылғы желтоқсан айының соңында Финляндияның хайуанаттар бағында да орын алды. Онда айдың басында дүниеге ке…

0
0
1073

2015 жылы Геннадий Головкин өзінің сауда маркасын шығармақ

Талай сыннан сүрінбей өткен қазақстандық боксшының есімі кәсіби рингте көпшілікке танылды, деп жазады sports.kz. 2014 жылы Головкин 4 жекпе-жек өткізіп, барлығында нокаутпен жеңіске жетті. Ол кәсіби рингте 31 кездесуге шығып, оның барлығында жеңімпаз атанған. «Бұл жеңістер - ұдайы жаттығулар, қатаң тәртіп, дұрыс режімнің сақталуы және алдына қойған мақсатты басты рөлге қоюдың жемісі», - дейді Головкин. Сонымен қатар өз командасы мен жанкүйерлерінің қолдау көрсетуі де оң әсер ететінін жеткізді. Жуырда көпшілікке GGG деп танылған боксшы Астанада жанкүйерлерімен кездесті. Онда алдағы жоспарымен және өзге де көптеген қызықты ақпаратпен бөлісті. Атақты боксшы ұлының оның жолын қуғанын қаламайды екен. Геннадий болашақта Қазақстанда кәсіби бокс академиясын ашуға және ірі бокс кеші аясында елорда…

0
0
248

Астанада жаңа жылға орай мерекелік отшашу үш жерде өтеді

Биыл 31 желтоқсаннан 1 қаңтарға қараған түні елордада мерекелік отшашу үш жерде өтеді, деп хабарлады  astana.gov.kz.

Дәстүр бойынша Жаңа жылға орайластырылған салют Есіл өзенінің жағасында, «Хан шатыр» сауда, ойын-сауық орталығының жанында, сонымен қатар Абылай хан даңғылы мен Пушкин көшесінің қиылысында болады. Астана қаласының әкімі бір уақытта үш ауданда отшашу ұйымдастыруды тапсырды.

Еске салайық, 31 желтоқсанда сағат 21:00-де қалалық әкімдік алдындағы алаңда Жаңа жылды қарсы алуға арналған мерекелік шара өтеді. Елорда тұрғындары мен қонақтары үшін қазақстандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен жарқын ойын-сауық бағдарламасы ұйымдастырылады. Белгілі әртістердің өнері көпшілікті тәнті етіп, мерекелік көңіл-күй сыйламақ.

Қосымша ақпаратты http://www.inform.kz сайтынан көріңіздер!

0
0
710