Қарағандыда 47 жастағы қала тұрғыны полиция қызметкерін қыршып алды

Қоғамдық тәртіпті бұзған мас қарағандылық шақыртумен келген учаскелік инспекторға қарсылық танытып, тістеп алды, деп хабарлады Қарағанды облысының ІІД баспасөз қызметінен.
«5 қаңтарда Қарағанды қаласы ІІБ полициясы орталық бөліміне жедел басқару орталығынан шақырту түседі. Полицей қызметкері шақырту орнына жеткенде, пәтерде 47 жастағы үй иесі болған. Ер адам мас болған, ол бірден полиция қызметкеріне қарсы ұмтылып, оның қолын тістеп алған», делінген хабарламада.
Қосымша ақпаратты http://www.inform.kz сайтынан көріңіздер!
Тәртіп бұзушы ұсталып, полиция бөліміне жеткізілді. Билік өкіліне күш қолдану фактісі бойынша ҚР ҚК 380-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды, тергеу амалдары жүргізілуде.
