Мазмұнға өту
journalist_n

journalist_n

Сайтта 2024 ж. 22 шілде

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

106

жазбалар

893

пікірлер

0

тіркелуші

1

жазылымдар

0

Абай облысында бұқаралық спорт дамып келеді

Биыл облыста тұрғындардың уақытын тиімді әрі пайдалы өткізуіне мүмкіндік беретін жаңа мәдениет нысандары ашылды. Ауылдық жерлердежаңа алаңдар пайда болды. Жеті мәдениет нысанында жөндеу жүргізілді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев айтты.Бесжылдық «Абай жолы кітапханасы» жобасын жүзеге асыру жалғасуда. Бірінші басылым аясында 8 мың дана таралыммен 16 кітап шығарылды. Биыл жалпы таралымы 10 мың дана болатын 20 автордың кітабын шығару жоспарлануда.Аймақта бұқаралық спортты дамытуға ерекше көңіл бөлінуде. Қазіргі уақытта 15 мыңнан астам адамды қамтитын 23 спорт мекемесі жұмыс істейді. Аягөз ауданындағы орталық стадион жөнделіп, Үржар ауданының Жанай ауылында спорт залының құрылысы жүргізілуде.Нысанды 2024 жылдың қараша айында п…

0
0
178

Жетісудың шекаралық Панфилов ауданында 1200 орынды алғашқы жайлы мектеп пайдалануға берілді

5 қарашада Жетісу облысының Панфилов ауданы Жаркент қаласында «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында салынған 1200 орынды жаңа мектеп пайдалануға берілді, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.Мектептің ашылу салтанатына Жетісу облысы әкімінің орынбасары Диас Есдәулетов, ардагер ұстаздар, мектеп ұжымы, ата-аналар мен оқушылар, аудан жұртшылығы қатысты.- Бұл – Президент тапсырмасымен «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында салынған облысымыздағы алғашқы білім ошағы. Панфилов ауданы – облыстағы оқушы саны көп аудандардың бірі. Жаңадан пайдалануға беріліп отырған бұл мектепке Жаркент қаласының бала саны көп 9 мектебінен 1100 жуық бала қабылданып отыр. Осындай замануи мектепте біліммен сусындайтын оқушылар облысымыздан топ жарып шығатынына сенімім зор. Мектеп ұстаздары…

0
0
166

Алматы соттары

Түрксіб аудандық сотында пробация қызметінің А.Әпсейтовқа қатысты бұрын тағайындалған жазаны шартты түрде жазамен ауыстыру туралы ұсынысы қаралды.Өтініш пробация режимі талаптарының бірнеше рет бұзылуына байланысты ұсынылды.Сотталған азаматтың уәкілетті органға хабарламастан әкімшілік-аумақтық бірлік шегінен тыс жерлерге шығып, ол жерде ойын-сауық мекемелеріне барғаны және өзін «Президенттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатына жәрдемдесу орталығы» КММ төрағасының кеңесшісімін деп таныстырғандығы анықталды. және Қазақстан Республикасының құрметті азаматы, іс-шараларға қатысып, телеарналарға сұхбат берді.Бұған дейін Әуезов аудандық сотының 2023 жылғы 2 қарашадағы үкімімен А.ҚР ҚК-нің 190-бабының 4-бөлігінің 2-бөлігімен (Алаяқтық) кінәлі деп танылып, 5 жылға шартты түрде бас бостандығынан а…

0
0
117

Алматы қаласындағы алма бақтарға қатысты ақпарат

Осы мәселе бойынша төмендегіні білдіреміз.2004 жылы «Халықаралық клубтар қауымдастығы» ЖШС Қарасай ауданы аумағынан (кейін Алматы шегіне енген) тауарлы ауыл шаруашылығын жүргізу үшін көлемі 884,9 га жер учаскесіне меншік құқығын алған. Бұл құқық аудан әкімінің шешімімен (2004 ж. маусым) берілген.Алматы қаласының жер қатынастары басқармасының 2015 жылғы 28 қыркүйектегі бөлу туралы қорытындысы мен 2015 жылғы 30 желтоқсандағы бұйрығы негізінде аталған жер учаскесі 16 учаскеге бөлініп, жаңа кадастрлық нөмірлері берілген.Бұл жер учаскесі арқылы Керенқұлақ өзені мен Берқара өзені ағып жатқанын атап өту маңызды. ҚР Жер кодексінің (2004 жылы қолданыста болған) 132 және 133-баптарына сәйкес су қорының жерлері мемлекеттік меншік болып табылады және тиісті органдардың келісімдерімен уақытша пайдалан…

0
0
134

Серік Шәпкенов Махамбеттегі әлеуметтік нысандарды аралады

Аймақ басшысы Серік Шәпкенов Махамбет ауданына жұмыс сапары аясында салынып жатқан нысандармен танысты,-деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.Алдымен Талдыкөл ауылының кіре беріс жолымен танысты. Жолдың жалпы ұзындығы - 6,2 шақырым. Былтыр тамызда кірме жолды қайта жаңғырту жұмыстары басталғанмен, негізгі бөлігінің тығыздығы нормаға сай келмейді. Жобаға түзету жұмыстары жүріп жатыр.Бұдан кейін осы ауылдағы Жайық өзенінің жағасын бекіту жұмыстарын қарады. Талдыкөл ауылының судан қорғану бөгеті 3 км құрайды. Келер жылы тасқынның алдын алу үшін 2,1 км жерін қайта жөндеуді және 500 метр жерге уақытша қапшық салуды қажет етеді. Аталған жұмысқа жобалық сметалық құжаттама жасақталды. Серік Шәпкенов жауапты мамандарға Жайық суы деңгейінен көтерілмей тұрып жұмыстарды жеделдетуді міндеттед…

0
0
159

Аймақ басшысы Серік Шәпкенов Индер ауданының тұрғындарымен кездесті

Жиында ауданның әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері мен алдағы даму жоспары талқыланды,-деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.Серік Шәпкенов жиында ауданда атқарылып жатқан істер туралы баяндама жасады. Ол өз сөзінде облыстық маңызы бар «Атырау-Индер» тас жолының құрылысы көңіл көншітпейтінін айтты.Ауданға келе жатқанда арнайы тоқтап, «Атырау-Индер» тас жолының жағдайын көріп келдім. Жүк көліктерінің кесірінен асфальт бұзылған. Бұл жолмен өзіміз қатынаймыз, сондықтан күтіп ұстау маңызды. Тас жол бойындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін арнайы бақылау камерасы бар полиция көліктерінің санын көбейтеміз. Бұдан бөлек, облыстық маңызы бар тас жолдың ауданға қарасты 50 км бөлігіне (117-167 км) орташа жөндеу жұмыстары жүруде. Мердігердің жосықсыздығынан құрылыс баяу жүруде. Тұрғынд…

0
0
176

Серік Шәпкенов Индерде салынып жатқан әлеуметтік нысандарды аралады

Бүгін облыс әкімі Серік Шәпкенов Индер ауданына жұмыс сапарымен барып, құрылысы жүріп жатқан әлеуметтік нысандармен танысты,-деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.Алдымен Бөдене ауылдық округінде биыл пайдалануға берілген Өнер мектебіне барды. Ашылғанына бір ай болған мекемедегі домбыра, қобыз, хореография, вокал, дәстүрлі ән, сурет үйірмелеріне барлығы 70 оқушы қатысады. Мектеп әкімшілігі облыс әкімінен балаларды тасымалдауға автобус алып беруді сұрады. Облыс әкімі жауапты басшыларға мәселені тез арада шешуді тапсырды. Индерде тұрғын үймен қамту мәселесі өзекті. Бүгінде Индербор кенті Көктем ықшамауданында 80 пәтерлік тұрғын үйдің құрылысы аяқталып келеді, аулалар абаттандырылуда. Жаңа баспана кезек реттілігімен қарашада пайдалануға беріледі.Индербор кентінде көп пәтерлі тұрғын…

0
0
188

Серік Шәпкенов Индерде салынып жатқан әлеуметтік нысандарды аралады

Бүгін облыс әкімі Серік Шәпкенов Индер ауданына жұмыс сапарымен барып, құрылысы жүріп жатқан әлеуметтік нысандармен танысты,-деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.Алдымен Бөдене ауылдық округінде биыл пайдалануға берілген Өнер мектебіне барды. Ашылғанына бір ай болған мекемедегі домбыра, қобыз, хореография, вокал, дәстүрлі ән, сурет үйірмелеріне барлығы 70 оқушы қатысады. Мектеп әкімшілігі облыс әкімінен балаларды тасымалдауға автобус алып беруді сұрады. Облыс әкімі жауапты басшыларға мәселені тез арада шешуді тапсырды. Индерде тұрғын үймен қамту мәселесі өзекті. Бүгінде Индербор кенті Көктем ықшамауданында 80 пәтерлік тұрғын үйдің құрылысы аяқталып келеді, аулалар абаттандырылуда. Жаңа баспана кезек реттілігімен қарашада пайдалануға беріледі.Индербор кентінде көп пәтерлі тұрғын…

0
0
180

Атырауда мемлекеттік ту көтеру рәсімі өтті

25 қазан - Республика күніне орай облыс әкімі Серік Шәпкеновтің қатысуымен Мемлекеттік туды көтеру рәсімі өтті. Аймақ басшысы салтанатты жиында тұрғындарды мерекемен құттықтап, елдіктің нышаны болған егемендіктің қадір-қасиетіне тоқталды,-деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі. - Ел еркіндігін алған отыз жылдан астам уақыт ішінде ана тіліміз, төл тарихымыз, әлеуметтік-экономикалық және рухани құндылықтарымыз қайта тұғырына мінді. Келешек ұрпақты алдағы күндерге апаратын басты мұрасы, бабалар арманы - Тәуелсіздік. Азаттықты сақтап, халық сенімін нығайтудың басты факторы - бейбітшілік пен келісім. Кез келген ұлы идеялар бейбіт кезеңде жүзеге асады. Осы жылдар ішінде біз ел ретінде үлкен даму сатыларынан өттік. Экономикада, мәдениетте, спортта алуан биіктерді бағындырдық. Бүгінгідей…

0
0
140

Облыс әкімі Республика күні қарсаңында бірқатар мемлекеттік наградалар табыс eтті

25 қазан - Республика күніне орай салтанатты жиын өтті. Оған аймақ басшысы Серік Шәпкенов қатысып, атыраулықтарды ұлттық мерекемен құттықтады,-деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.- Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы атап өткендей, «Шынайы тәуелсіздік орнату – бұл күнделікті маңдай тер мен қажырлы еңбек, уақыт сынынан өткен дәйекті саясат. Тәуелсіз де қуатты мемлекетке ие бола отырып қана төрткүл дүние ортасында ұлттық болмыс-бітімімізді сақтап қала аламыз». Республика күнін айшықтап атап өту – біздің жалпыұлттық тұтастығымыздың, қалыптасқан мемлекеттілігіміздің айғағы, әрбір қазақстандық үшін жалпыхалықтық тарихи күн. Отанымыздың аспаны әрқашан ашық болсын, бірлік пен келісім, тарихи бірегейлікті құрметтеу мен рухани мұраны сақтау секілді басты құндылықтарымыз ұрпақтан ұрпаққа жал…

0
0
213