Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Қазақ тілі ‑ халықтың рухани, мәдени байлығы мен дамуының құралы

Алматы қаласы Жетісу ауданының аудандық сотында сот приставы Ж. Сулеймановтың және сот қызметкерлірнің қатысуымен  «Қазақ тілі ‑ халықтың рухани, мәдени байлығы мен дамуының құралы» атты тақырыпта семинар өтті.

Тренинг барысында Ж. Сулейманов: «Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы бойыша біздің басты мақсатымыз ‑ әлемдегі дамыған 30 елдің қатарына қосылу. Қазақстан - әлемдегі бәсекеге қабілетті отыз елдің қатарына ену үшін қазақ тілін жоғары мәртебеде ұстауы керек. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк тiлi - қазақ тiлi. Қазақ тілі ‑ халқымыздың рухани байлығы, атадан балаға, ұрпақтан ‑ ұрпаққа мирас болып қалып отырған баға жетпес асыл мұра. Қазақтың біртуар ақыны М.Жұмабаев: “Ұлтқа тілінен қымбат нәрсе болмақ емес, бір ұлттың тілінде сол ұлттың сыры, тарихы, тұрмыс тіршілігі, мінезі айқын көрініп тұрады” - деген. Тіл байлығы - әрбір ұлттың мақтанышы. Қазақстан халқын топтастырудың аса маңызды факторы болып табылатын мемлекеттiк тiлдi меңгеру - Қазақстан Республикасының әрбiр азаматының парызы. Бүгінгі күнде барша азаматтарымыздың мемлекеттiк тiлдi еркiн және тегiн меңгеруiне қажеттi барлық жағдай ұйымдастырылған. Әрбір мемлекеттік қызметкер қазақ тілін жетік меңгеру қажет.

Жиын соңында семинарға қатысушылар мемлекеттік тілдің сот саласындағы қолданылу сапасын арттыру бағытында бірлесе жұмыс атқаруға келісіп, тиісті ұсынымдар қабылдады. 

0
0
111

Осы тақырып бойынша