Перейти к содержимому
jan.123

jan.123

Сайтта 2023 ж. 20 қараша

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

1 004

жазбалар

570

пікірлер

0

тіркелуші

3

жазылымдар

4

Түркия Қазақстаннан мал және құс өнімдерін тасымалдауға қойылған шектеуді алып тастады

2024 жылғы 7 маусымнан бастап Қазақстандық өнімді Түркия нарығына жеткізуге кедергі болған бірқатар шектеулер алынып тасталды. 2005 жылдан бері құс тұмауы бойынша, 2016 және 2022 жылдардан бері аусыл және нодулярлық дерматит бойынша шектеулер қолданылып келген болатын.Фотоколлаж: gov.kz2024 жылдың наурыз айында Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдер министрлерінің Таразда өткен кездесуінде кедергілер мәселесін көтерген болатын."Қазақстан Түркия, Түрікменстан және Мажарстан нарығына жоғары сапалы ет өнімдерін жеткізуге дайын екенін білдіреді. Өкінішке қарай, бүгінгі таңда Түркия нарығы ветеринарлық қызметтер желісі бойынша қазақстандық жеткізушілер үшін іс жүзінде жабық. Биылғы жылдан бастап ҚХР мен РФ тарапынан Қазақстанғ…

0
0
278

Алматыда жол салу кезіндегі былықтар анықталды

Алматы қаласының прокуратурасы Бас прокуратурамен бірлесіп автомобиль жолдарын салу, қайта жаңарту, жөндеу және күтіп ұстау кезіндегі мемлекеттік сатып алу және жол қозғалысы туралы заңнаманы сақтау бөлігінде Алматы қаласының Қалалық жоспарлау және урбанистика басқармасының қызметіне тексеру жүргізді.Тексеру нәтижелері бойынша құрылыс және күрделі жөндеу кезінде пайдаланылатын автомобиль жолдарын орташа жөндеуге сметалық норманы және бағалауды негізсіз қолдану, сондай-ақ жеткізушілер асфальттың тығыздығына әсер еткен асфальтты толықтай салмағаны анықталды.Анықталған заң бұзушылықтарды жою мақсатында Алматы қаласының Қалалық мобилділік басқармасына (бұдан әрі - Басқарма) қадағалау актісі енгізілді, оны орындау үшін Басқарма, жеткізушілерден бюджет қаражатын өтеу жөнінде талап-арыз жұмыстар…

0
0
236

ЛГБТ-ны насихаттауға тыйым салуды қолдайтын петицияға 50 мың қол жиналды

Бұл петицияға қажетті қол саны тез жиналды. Оны ғаламторға қоғам белсендісі, Қазақстан ата-аналар одағының төрайымы Бағила Балтабаева биыл 29 мамырда жариялаған еді.

undefined

Ал қажетті 50 мың қол кеше жиналып бітті. Бұл туралы петиция авторы өзінің инстаграмдағы парақшасында хабарлады.    
«50 000 қол жиналды! Баршаңызға Алла разы болсын! Ұрпағымыздың болашағы үшін қосқан әрбір үлестеріңіз үшін екі дүниеде де жақсылығын берсін!
Алла адастырмай, азғындыққа жол бермей, өзіміздің ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҒЫМЫЗДЫ ұстай білсек, ҰЛТ ретінде де, МЕМЛЕКЕТ ретінде де ешкім бізді, іштен де, сырттан да ыдырата алмайды!» – деп жазды Бағила Балтабаева.

Енді бұл петиция Мәдениет және ақпарат министрлігінде қаралуы тиіс.

0
0
342

Қарағанды облысында "қара риелторлар" ісі бойынша 28 адам ұсталды (видео)

Мамыр айында Қарағанды облысы Полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы “қара риелторлар” деп аталатын топтың заңсыз әрекетін тоқтатты. Топ құрамына заңгерлер, адвокаттар және нотариус кірген. Олар қорқыту және зорлық-зомбылық көрсету арқылы зейнеткерлердің, мүмкіндігі шектеулі адамдардың және алкоголь мен есірткіге тәуелді адамдардың мүліктері мен пәтерлерін заңсыз рәсімдеумен айналысқан. Осылайша олар 14 пәтерді заңсыз рәсімдеген. ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің өкілі Қуандық Алпыстың айтуынша, қылмыстық топтың белсенді бір мүшесі деструктивті діни ағымның жақтаушысы болып шыққан. "13 мамырда тінту іс-шараларын жүргізу барысында әртүрлі жылжымайтын мүлік пен жеке тұлғалардың жеке деректеріне қатысты көптеген құжаттар тәркіленді. Қылмыстық топ…

0
0
401

Мүфтият ай есебін де білмей ме?

Астрономиялық есеп бойынша күн мен айдың шығуы, батуы, тууы, көрінуі сағат, минутына дейін бірнеше ай, тіпті бір жыл бұрын есептеледі және бұл есепте жаңылысу болмайды.Осындай есеп бойынша мұсылман мерекелері және жылдың әр уақытындағы бес мезгіл намаздың уақыты да алдын ала белгіленіп жамағатқа хабарланады. Осындай есепке сүйенген Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы да Ораза, Құрбан айт мерекелерін бірнеше ай бұрын хабарлайды. Өткен жылдың күзінде Ораза және Құрбан айт мерекелерінің қашан басталатыны хабарланды. Бұдан бір-екі айдай уақыт бұрын да Құрбан айттың 17 маусымда басталатыны туралы ақпарат пайда болды. Осыған орай үш күн қатарынан демалыс болатыны туралы да айтылып жатты. Осы күнге орай көпшілік өздерінің демалыстарын және басқа өңірлерге баратын сапарларын белгіледі, кейбіре…

0
0
323

Елде табиғат апаты кезінде жалпы 11 998 тұрғын үй мен 5 359 саяжай құрылымын су басқан

Мемлекет басшысыҚасым-Жомарт Тоқаев Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаевты қабылдады.Қанат Бозымбаев:Үкіметтің су тасқыны салдарын жою және зардап шеккен азаматтарға көмек көрсету үшін атқарып жатқан жұмыстары жөнінде мәлімет берді:      – бүгінде 64 мыңнан астам адам өз үйлеріне оралған;      – эвакуациялық пункттерде тұрғындарға қажетті көмек көрсетілуде;      – табиғат апаты кезінде жалпы 11998 тұрғын үйді, 5359 саяжай құрылысын су басқан;зардап шеккен өңірлерде 16715 үй тексеруден өткенін айтты. Оның ішінде 15464 нысанды бағалау жұмыстары аяқталған. Бағалау нәтижесі бойынша 9903 үйді жөндеуге болады, ал 6875 үй қалпына келтіруге жарамсыз деп танылған. Жарамсыз үйлердің орнына нарықтан 45…

0
0
941

Ақтөбеде жоғалған аутист бала әлі табылған жоқ (видео)

Бүгін оны төртінші күн іздеп жатыр.  

undefined
Ақтөбеде полиция, еріктілер және жанашыр азаматтар 13 жасар Кәрім Жетіруды 4 маусымнан бері жабылып іздеп жатыр.

Іздеу жұмыстарына 500 адам, иісшіл итттер, 40 техника, 3 квадроцикл, 2 қайық, 4 ат және дрондар тартылған.    

Үйлердің шатырлары мен аулалары, кәріз құдықтары, шұңқырлар тексеріліп, дала мен орман қаралды. Қоғамдық тамақтану орындары, дүкендер мен сауда орталықтары да тексерілуде.

Айта кетейік, Кәрімнің іздестіріліп жатқанын бұрын да хабарлағанбыз.

https://t.me/diapazonnews

0
0
488

"Қазақфильмнің" бұрынғы вице-президенті сотталды

Алматыдағы Бостандық аудандық соты Шәкен Айманов атындағы "Қазақфильм" ұлттық киностудиясы" АҚ бұрынғы вице-президенті Серік Жұбандықовқа қатысты үкім шығарды. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіндегілер хабарлады.
undefined

Фото: azattyq.org

Серік Жұбандықов Алматы облысы Іле жағалауындағы «Көшпенділер» киножобасы аясында нарықтық құнынан 44 есе төмен бағамен салынған «Түркістан қаласы» жасанды бекінісін талан-таражға салып, сатқан.
"Сот үкімімен Жұбандықовқа шартты түрде 5 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сонымен қатар, активтерді қайтару бойынша жүргізілген жұмыстар жер учаскесі мен бекініс мемлекет меншігіне қайтарылды", - деп жазады ANTIKOR.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.

0
0
903

Биыл студенттерге арналған 10 500-ден аса жатақхана орны пайдалануға берілмек

undefined

Фото: gov.kz

Үкіметте еліміздегі колледж бен жоғары оқу орындарының студенттерін жатақханамен қамту мәселесі қаралды.

"Биыл 10 576 орынға шақталған 27 жатақхананы қолданысқа беру жоспарланған. Олардың 19-ы жоғары оқу орындарына, 8-і колледждердің студенттеріне салынуы тиіс", - деп жазады UKIMET.

0
0
438