Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Жаңалық дегеніміз не?

Жаңалық дегеніміз не және ол қандай болу керек сияқты сауалдар студент кезімізде де жиі қойылатын. Ұстазымыз Мартбек Тоқмырза «ең жақсы жаңалық – бұл жаман жаңалық» деп айтатын, цинизмге жақын анықтама, бірақ оны жоққа шығара алмаймыз. Әрине, жаңалықтың жаманы не жақсысы болмайды; жаңалық өз алдына жаңалық бола тұра, шынымен де ақпараттық маңыздылығы бар хабарлама болуы қажет. Журналист Марк Григорян блогында әріптесі Эндрю Маррдың «Менің кәсібім» (Andrew Marr. My Trade) атты кітаптан үзіндіні орысшаға аударып жариялаған еді. Марр (суретте) Би-би-сидің саяси редакторы, The Independent газетін басқарып, The Economist журналында, The Scotsman газетінде қызмет атқарды, қазір өз шоуының жүргізушісі. Британияның беделді журналисі болып саналады, әрі өзінің "Andrew Marr's History of Modern Britain" кітабымен танымал. Сонымен, Жаңалық дегеніміз не сұрағына Марк Григорянның аудармасы бойынша 4 бөлімге бөліп тастаған жазбаларымнан түсінуге тырысайық. marrБұл сұрақ көп журналистерге дамыл бермейді. Әрине, кейбір оқиғалар барлығымызды дерлік қызықтырады. Шектен шығу жағдайлары арамызда шиеленіс туғызады, жан түршігетін немесе ерекшеленіп тұратын. Бірақ осындай оқиғалардың сенімді жеткізушісі жоқ. Жаңалықтық индустрияға шикі материал қажет, үлкен форматты 20 шақты бетті күнде толтыру үшін, сағат сайынғы эфирге жаңалықтық бюллетеньді жариялау үшін «отын» қажет.  Содан журналистер өз уақытын тек қана төтенше оқиғаларға бөле алмайды, себебі жаңалықтар жаңа, жүйелі түрде, сағат сайын, күн сайын шығып тұру керек. Бірақ кей-кезде бір күннің ішінде көптеген оқиғалар болып та қалады.
0
0
6187

Осы тақырып бойынша

Жаңалық дегеніміз не? - Yvision.kz