Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Құрметті оқырмандар Наурыз мейрамы құтты болсын!!!!!!!!!!!!!!!!!!



Наурыз

Б.Тұрсынқызы

Наурыз менің елімнің берекесі,

Жаңа жылы қазақтың мерекесі.

Шаңырағы биіктеп күнге жақын,

Ұлаңғайыр керілсін керегесі.

Қымбат білген адамға сөз өнері,

Бұрқ-сарқ етіп қайнасын көжелері.

Жаңа жылда елімнің көркі өсіп,

Гүлге толсын көгеріп көшелері.

Шат күлкіге шомылып замандары,

Бақыт кешсін ғайыптан адамдары.

Әрбір жанның арманы орындалып,

Сәтті болсын биылғы қадамдары.

Ел-жұртымның тілеуін тілесейік,

Жаңа жылда қалайық бір есейіп.

0
0
3071

Осы тақырып бойынша

Құрметті оқырмандар Наурыз мейрамы құтты болсын!!!!!!!!!!!!!!!!!! - Yvision.kz